400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мен салқын су ішемін

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әдістемелік көмек құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : Мектеп : «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Тәні саудың – жаны сау

Күні : 04.02.2020 ж Мұғалімнің аты- жөні : Далмаханова З.С

Сынып 2«К» Қатысқандар : Қатыспағандар :

Сабақтың тақырыбы :

Мен салқын су ішемін


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме )

2.2.6.1 салыстыру негізінде ақпарат , кейіпкер , оқиға туралы қарапайым ой-пікірін (мен ... ойлаймын, мен ... санаймын) айту.

2.5.1.4 Мұғалім көмегімен сөйлеу барысында есімдіктерді ( сілтеу , сұрау есімдіктерін ) қолдану

Сабақ мақсаты

Барлығы : тақырыпқа қатысты берілген сөйлеу үлгілерін қайталау,тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну .


Көпшілігі : салыстыру негізінде ақпарат , кейіпкер , оқиға туралы өз ой – пікірін айту .


Кейбірі : тақырыптың мазмұны негізінде есімдіктерді қолданып , сұрақтар құрастыру және оған жауап беру , сөйлемдер құрастыру.


Бағалау критерийі

Салыстыру негізінде ақпарат , кейіпкер , оқиға туралы қарапайым ой- пікірін айтады.

Мұғалім көмегімен сөйлеу барысында есімдіктерді қолданады


Құндылықтарға баулу

Денсаулықты сақтауға баулу


Пәнаралық байланыс


Жаратылыстану , орыс тілі

Алдыңғы білім

Судың пайдасы қандай?

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар



Сабақтың басы
















Психологиялық ахуал .

Сыныпты « Көкөністер» , «Жемістер» атты екі топқа бөлу

Өлеңмен сәлемдесу

Қонақ күту салтымыз,

Оқып – біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге ,

Сәлем бердік жалпымыз.

« Ой қозғау» стратегиясы.

Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты , ой шақыру сұрақтарын қояды.

1.Бұл не ?

2. Судың түсі қандай?

3. Біз не үшін су ішеміз?


Бағалау критерийлерін А 4 парағына шығарып оқушыларға тарату

«Сиқырлы қап » ойыны арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру . Мысалы :

Мынау – не?

Мынау – шырын .

Қандай шырын ?

Алма шырыны.

Алма шырыны қандай?

Алма шырыны салқын .

Тағы қандай ?

Дәмді, жасыл , т.б

Шырын неден жасалады ?

Шырын жемістерден, көкөністерден , судан жасалады .

(Қапта 2 суық , 2 жылы шырындар және 1 су)

Сабақ тақырыбын анықтау

Оқушыларға «Тірек сөздер « стратегиясының негізінде судың суреттерімен жұмыс

Суретте нелерді көріп тұрмыз?

Су.

Ненің суын көріп тұрсыздар ?

Таза су , көлдің суы , өзеннің суы.

Осы сулардың барлығын ішеміз бе?

Жоқ .

Ендеше қандай су ішеміз?

Салқын су ішеміз

Тамаша ! Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен ?

Мен салқын су ішемін .

Суреттер арқылы бірнеше сөз тіркесін құрастыру .

Сабақтың мақсатымен таныстыру , түсіндіру .

Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалым . Оқылымға арналған диалогті тыңдап , таныс сөздерді тақтаға жаздыру .

  • Әлібек , сен су ішесің бе?

  • Иә , мен су ішемін .

  • Әлібек , жылы су іш. Суық су ішпе . Ауырып қаласың!

  • Мен суық су ішпеймін . Жылы су ішемін .

Дескриптор : - диалогті оқиды

- диалог құрастырады .

1- тапсырма . Сұраққа жауап бер .

Бұл - не? Бұл – алма .

Бұл – не? Бұл-қызанақ .

Бұл – не? Бұл – сәбіз .

Бұл –не? Бұл – анар .

Бұл – не ? Бұл – апельсин.

Бұл – не? Бұл - нан

Дескриптор : сұрақтарға жауап береді .

ҚБ . « Бірін – бірі бағалау» бойынша бағалайды .

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ ,

Сол қолымда бес саусақ .

Екі қолды қосқанда ,

Болып шықты он саусақ .


2-тапсырма .Жазылым .

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз .

« Конверт» әдісі бойынша 2 топта тапсырманы орындайды, орындаған тапсырмаларын ауыстырып тексереді .

Ш...р...н, т...тт..., ...шу, ...лм... , д...мд..., с..б...з , ...ызана..., п...йдал..., сал...ын , ж..л... .

Дескриптор : көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазады.

ҚБ . «Топтық бағалау» бойынша бағалайды.


4- тапсырма .Қазақ тіліне тән дыбыстарды есіне түсіре отырып , «Кім көп сөз айтады?» ойынын ойнайды .

Берілген қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап , олардан сөз құрайды. Көп сөз құраған топ сөздерінің санына қарай ұпайларын жинап , жеңімпаз атанады . Мысалы : әже , әке , әтеш , ін , іні, ілмек , т.б .

Дескриптор : қазақ тіліне тән дыбыстарды қатыстырып , сөздер құрастырады .


ҚБ . «Үш минуттық үзіліс» әдісі бойынша бағаланады .


Үй тапсырмасы . 3- тапсырма . Диалог құрастыру




































Сабақтың ортасы


Сабақтың соңы






































Кері байланыс .

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білім деңгейін анықтау мақсатында

«плюс + , минус - , қызықты» әдісін қолданамын .

ПЛЮС + +
МИНУС –

ҚЫЗЫҚТЫ


Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы әсерлерін стикерлерге жазып береді.












































































Саралау

Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.

2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге
назар аудару қажет?






Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Қалыптастырушы бағалаудың түрлері

«Бірін – бірі бағалау » , «Топтық бағалау» , «Үш минуттық үзіліс»әдістерін қолдандым .

«Плюс , минус , қызықты» әдісін кері байланыста қолдандым .










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
1647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі