400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ Мен, сен, ол және олар – барлығымыз бір отбасымыз. 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• отбасындағы туыстық қатынастарды түсінеді; туыстық қатынастарды анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану

3-бөлім «Уақыт»

Мектеп: №115 Оразбай атындағы негізгі орта мектеп

Мерзімі: 2-тоқсан


Мұғалім: Абилкасимова Гулмира

Сынып: 3


Қатысқандар:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен, сен, ол және олар – барлығымыз бір отбасымыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1. Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • отбасындағы туыстық қатынастарды түсінеді;

туыстық қатынастарды анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Сөздердің мағынасын дұрыс пайдаланып, өз отбасының туыстық қатынастары туралы әңгімелейді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Өз отбасының туыстық қатынастарын түсіндіреді;

  • Сұрақтар құрастырады және ауызша жауап береді.

Терминология:

  • Туыстық қатынастар

Пайдалы сөз тіркестері:

Ең жақын туыстар болып ..... саналады.

Құндылықтарды дарыту

Өзара көмек көрсетудің, отбасы мүшелерінің арасында түсіністік пен қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіну.

Ынтымақтастық – біріккен топтық жұмыстан көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: суреттер бойынша әңгімелер құрастырып, мини-эссе жазады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың отбасы құндылықтары, отбасылық дәстүр, отбасы ішіндегі туыстық қатынастар байланысы туралы білім негіздері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5


















6-7

  1. «Фотогаллерея» (жұппен)

Оқушылардан үйден алып келген суреттерін алуын сұраңыз (отбасылық фотосурет және туыстарының фотосуреттері). Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Оқушылар өз жұптарына суреттердегі адамдардың кім екендерін (анасы, атасы, немере ағасы, нағашысы және т.б.) бір-біріне айтулары керек. Болғаннан кейін екі бағанға отбасылық және туыстардың фотосуреттерін бөлек іліп қоюларын сұраңыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Фотосуреттерді қандай белгілер бойынша бөлдіңдер?

• «Туысқандық» деген не?

• Кімдерді туысқандар деп атайды?

• Туысқандармен қарым қатынаста болу керек пе? Не үшін?

• Отбасыңның туыстармен қарым қатынастары қандай?


  1. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  • Туыстық қатынастарды түсіну.



Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Фотосуреттер

Магниттер















Сабақ ортасы

8-12

















13-18













19-29



















30-34



  1. «Туыстық атаулар» ойыны (ұжымда)

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олар кезекпен мына сұраққа жауап береді: «Сені отбасыңдағы адамдар қалай атайды?» (мысалы, анаң, апаң, ағаң, нағашың және т.б.). Жауаптың нұсқасы: «Анам мені қызым деп атайды». Тек бір ғана жауапқа рұқсат етіледі, ары қарай шеңбер бойымен келесі оқушы жауап беруді жалғастырады. Жауап бере алмай қалған оқушы ойыннан шығады.


Бағалау критерийлері:

  • Сөздердің мағынасын дұрыс пайдаланып, өз отбасының туыстық қатынастары туралы әңгімелейді.

  1. «Қиялдағы отбасы» тапсырмасы (топта)

Оқушыларды 4 топқа бөліп, фотосуреттерді таратыңыз. Оқушылар фотосуреттерге қарап, туыстық қатынастар түсінігін пайдалана отырып, қиялындағы жалған отбасы туралы әңгіме құраулары тиіс. Тапсырманы критерийлерге сай бағалау керек.


Бағалау критерийлері:

  • 3-тен артық туыстық ұғымдарды қолданған;

  • 6 сөйлемнен артық.

  1. «Анықта» тапсырмасы (жеке, жұппен)

Оқушыларға адамдар арасындағы туыстық қатынастарды ауызша түсіндіретін тапсырмасы бар карточкалар таратылады. Ары қарай туыстық атауларға өз туысқандарының есімін жазу ұсынылады.

  1. «Менің мерейлі отбасым» тақырыбына эссе (жеке)

Оқушыларға ой толғау жазу ұсынылады. Ой толғау жазар алдында бағалау критерийлері таныстырылады. (минималды сөйлем саны 6 кем емес)

Бағалау критерийлері:

  • Туыстық атауларды (3тен артық) біледі және туыстық қатынастарды анықтайды.


Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз













Фотосуреттер

(дидактикалық материалға қараңыз)











Тапсырмасы бар карточка





















(дидактикалық материалға қараңыз)

Таратпа парақтар

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия (жеке):

Сабақ мақсаты

+

(бәрі түсінікті)

-

(түсініксіз)

?

(сұрағым бар)

Туыстық қатынастарды біледі




Туыстық қатынастарды анықтайды




Бірнеше жауаптарды талдауға болады.


Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға интернет желісінен ұлы адамдардың туыстық қатынастары туралы материалдарды табуды ұсыныңыз. Мысалы: Абай Құнанбаев, Генадий Головкин, Роза Рымбаева және басқалар. Материалды слайд түрінде ұсынсын. Сондай-ақ, қазақ халқының туыстық қатынастары туралы постер жасауды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Қиялдағы отбасы» тапсырмасында топтар бір-бірін критерийлер бойынша бағалайды.

«Анықта» тапсырмасында бір ғана оқушының жауабын тыңдап және оны ұжымда талқылауға болады. Ары қарай әр оқушы өз жұмыстарын бағалайды.

Эссені мұғалім өзі жазбаша толық пікірлер жаза отырып бағалайды.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
2297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі