400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ: Мен, сен, ол, олар – барлығымыз бір отбасымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Отбасы мүшелерін атай алады. Сұрақтарға жауан береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Тақырып бойынша сұрақ құрастыра алады. Ақиқат пікір айтып, дәлелдер келтіреді. Отбасы мүшелерін, туыстық атауларды ажырата алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:

Мен, сен, ол, олар – барлығымыз бір отбасымыз

Мұғалімнің аты-жөні: Жауынбай М

Күні:

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1. Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;


Сабақ мақсаты:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Отбасы мүшелерін атай алады. Сұрақтарға жауан береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Тақырып бойынша сұрақ құрастыра алады. Ақиқат пікір айтып, дәлелдер келтіреді. Отбасы мүшелерін, туыстық атауларды ажырата алады.

Бағалау критерийі

  1. Отбасы мүшелері мен туыстық атауларды ажырата біледі.

  2. Туыстық қатынастар туралы әңгімелейді.

  3. Отбасы мен туыс деген ұғымдарды түсіндіре алады, дәлел келтіреді.


Құндылықтарға баулу

Өзара көмек көрсетудің, отбасы мүшелерінің арасында түсіністік пен қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіну.

Ынтымақтастық – біріккен топтық жұмыстан көрінеді.

Тілдік мақсат

Отбасы, туыс, нағашы, жиен.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың жоспары

Жоспарлан-ған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы



















Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа біз баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.


Өткен сабақты пысықтау:

1. Адам, отбасы, мемлекет үшін еңбектің қандай маңызы бар?

2. Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері қай құжатта жазылған?

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

4. Қазақстан азаматтары қандай құқықтарға ие? Қандай міндеттері бар?

Ой қозғау. « Тәтті сұрақ » әдісі. (Оқушылар себеттегі жұмбақты шешу арқылы, тақырыпты ашып алады)

Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)


  • Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді бір сөзбен кім деп атаймыз?

Отбасы – семья- Family.

Отбасы деген кім?( өз пікірлерін ортаға салады)

Сабақ мақсатымен оқушыларды таныстыру.












«Сұраққа толы қорап» әдісі арқылы


Қорап, қағаз





Тәтті толы себет

















Жаңа білім
















Білу және түсіну. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!Адам отбасында туыстарының ортасында өмір сүреді. Әрбір туысқанның жақындығына қарай туыстық дәрежесінің өзіндік атауы бар . Ендеше біз бүгін сабағымызда осы отбасы туралы сөз қозғамақпыз.

Отбасы бәйтерегі: Отбасын бәйтерек ағашына теңеумізге болады. Тамыры тереңге жайылған, дауылға да төзімді ағашқа теңейміз.

АТ

А

Ата, әже, әке, ана, апа, аға, іні, сіңілі, нағашы, жиен.




Отбасы бәйтерегіне суреттер жабыстыру.

Ағаш салынған плакат, суреттер, сөздер.






































Оқулықпен жұмыс

Рисунок 1

  • Үйдегі ең құрметті орынға кім отырады? Неліктен?

  • Әкең мен анаң кімді қызым дейді?

  • Кімдерді ата мен әже дейді?

  • Кім- кімге немере болады?

  • Ұл мен қыз ата –аналарын қалай атайды?

  • Немерелер әкесі мен анасының ата –аналарын қалай атайды?

Бағалау критерийі: 1. Отбасы мүшелері мен туыстық атауларды ажырата біледі.

2. Туыстық қатынастар тұралы әңгімелейді.

3. Отбасы мен туыс деген ұғымдарды түсіндіре алады, дәлел келтіреді.

«Кім көп біледі?» ойыны:

1- топ: Отбасы мүшелерін, туыстық атауларды жазу.

2-топ: Бақытты отбасы қандай болады?

3-топ: Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазу.

.

Дескриптор: 1. Отбасы мүшелерін, туыстық атауларды жазады.

2.Бақытты отбасын топтастырады.

3. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазады.

К.б: бірін-бірі бағалау, мұғалімнің мадақтауы.


«Кубик рубик»ойыны. Оқушыларды сергіту мақсатында отбасы мүшелерінің атауларын үш тілде аударады. ( ана, әке, әже, ата, апа, аға)


Бағалау критерийі: 1. Отбасы мүшелері мен туыстық атауларды ажырата біледі.

2. Туыстық қатынастар тұралы әңгімелейді.

3. Отбасы мен туыс деген ұғымдарды түсіндіре алады, дәлел келтіреді.


«Антоним ойыны» ойыны. Мұғалім мен оқушы диалогі. Жалған пікір мен ақиқат пікір айтылады.

Отбасы мүшелері бір – бірімен ренжіседі.

Отбасы мүшелері жеке, бөлек тұрады.

Отбасында екі қыз бар. Олар бір-біріне апа, қарындас болып келеді.

Әкеміздің әкесін нағашы ата деп атаймыз.

Отбасы мүшелері жеке-жеке қыдырады, демалады.

Дескриптор: Ақиқат пікір айтады.

Ақиқат пікірді дәлелдейді.


К.б: Мұғалімнің мадақтауы





Оқулық





















А3 қағазы, маркерлер







Кубик


















Ақ қалпақ, қара қалпақ

Сабақты бекіту










Бекіту тапсырмасы.

«Қар кесегі» әдісі. Оқушылар жаңа тақырып бойынша ақ қағазға сұрақтар жасырып, қар кесегі ойынын ойнайды. Ақ қағаз кімнің алдына түссе, сол оқушы жауап береді.




Ақ қағаз.

Кері байланыс

3 минут

Рисунок 3 Рисунок 6


Үйге тапсырма: мазмұндау.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі