Ашық сабақ "Мен таңдаған мамандық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мен таңдаған мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Мен таңдаған мамандық" 10-сыныптар арасында болды. Оқушылар оз ойларын айтады кандай мамандық таңдағандары жөніде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен таңдаған мамандық.


Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты таңдауын дұрыс жолда болуына себепкер болу; өз-өзін анықтаудың жалпы әзірлігін қалыптастыру, мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіг анықтау, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.


Міндеті: мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

-оқушылардың өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай таный білуге үйрету;

-оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

-оқушыларды құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.


Алдарыңыздағы сұрақ жәшігіне өздеріңіздің көкейлеріңізде жауабын тба алмай жүрген сұрақтарығызды жазып аламыз, алма «Алма ағашына» әркім өзіміздің болашақ мамандықтарымызға немесе болашықтарымызға байланысты армандарымызды ойлап «алмаларды» ілеміз.

Міне балалар, алдымызда қазіргі таңда білім беріп жатқан Алтын ұя мектебіміздің суреті, ортада дұрыс талдау мен таңдауды, өз қабілетіміз бен ынтамызды анықтайтын жол, келесі жолда әртүрлі мамандықтарды оқытатын жоғары оқу орындары. Бүгінгі сабақта осы мектептен қандай бағдарды, қай мамандықты таңдап, қай оқу ордасына баратынымызды да талқылаймыз.

Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірілік дағдысының жиынтығы.

Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады. Мамандық таңдау басқа да таңдаулар сияқты көп мөлшердегі бірнеше нұсқа бойынша шешім қабылдау болып табылады және әртүрлі факторларды ескерту қажеттілігі болып табылады.

Мамандық алғын келе ме?

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң толған өнеге.


Мамандық таңдау ережесі:

Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және Сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

Өзін – өзі зерттеу маңызды (қызығушылыктар , мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, қабілеттер, денсаулық, өзін өзі бағалау, талаптану деңгейі) барынша өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауың керек;

Таңдаған мамандықты зерттеу;

Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;


Мамандық таңдау кезіндегі ескеріңіз:

Өзіңнің қызығушылығынды, бейімділігіңді, құштарлығынды, яғни осындай іс – әрекетті істегеніңді ұнатамын;

Өз мүмкіншілігің – білімің, қабілетің, денсаулығың, яғни істей аламын;

Еңбек нарығы сұранысы, кадрлардың қажеттілігі, яғни керек маман дегенді.


Мамандықтың түрлері:

Агроном

Аспаз

Археолог

Аудармашы

Архитектор

Аудитор

Дәрігер

Дизайнер

Даяршы

Діни қызметкер

Дәнекерлеуші

Матрос

Мұғалім

Менеджер

Металлург

Машинаст

Мүсінші

Сатушы

Стюардесса

Слесарь

Спортсмен

Тәрбиеші

Тракторист

Тігінші

Таксист

Тілші

Инженер

Инспектор

Информатик

Шекарашы

Шаштараз

Шахтер

Шофер

Экономист

Эколог

Экскурсовод

Электрик

Заңгер

Зоотехник

Жазушы

Журналист



«Болашақта мен ........ мамандығын таңдаймын, себебі ....»


Тақтадағы күн сәулесіне өздеріңіздің болашақ таңдаған мамандықтарыңызды жазып, не себепті сол мамандықты таңдағаныңыз, сол мамандықтың бір күнін сипаттап беріңіздер.

Shape1

Менің болашақ мамандығым




















Оқушылар мамандықтарын таңдап болғаннан кейін бағытқа (жаратылыстану – математика, қоғамдық - гуманитарлық) бөлініп отырады.

«Келесі кездескенше!» жаттығуы.

Менің қолымда май шам. Мен сіздің қолыңызда әрдайым бәрі жанып тұруын және бақтарыңыз жанып армандарыңыз лаулай беруін, өмірде бәрі талқыланып сәтті аяқталуын қалаймын. Кімнің қолында майшам болса, сол бүгінгі тәрбие сағаты барысындағы жетістіктері мен жаңалыұтарын әңгімелеп береді.

Талдау.

  • Бұл күн сізге не әкелді?

  • Жаңадан не білдіңіз?

  • Мамандық таңдауыңызға көмекгі болды ма?

  • Қандай көңіл күйдесіз?

  • Өзіңіз қандай қорытынды шығардыңыз?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2021
757
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі