400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

ашық сабақ Мен ұнататын жан-жануарлар. Өкініш. 2 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдебиеттік оқу сабағынан қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: №25

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі:

  1. Айтылым және тыңдалым

  2. Оқылым

Бөлімше:

2.1.Оқу түрлерін қолдану

1.1.Шығарманың мазмұнын түсіну

2.6. Кейіпкердің сыртқы келбетін бағалау

Ортақ тақырып: Өзім туралы

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Кабдирова Гульжибек Зейниловна.

Сынып: 2 Қатысқандар саны:25

Қатыспағандар саны:0


Сабақтың тақырыбы:

Мен ұнататын жан-жануарлар. Өкініш.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1.шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

2.2.1.1. мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу / рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;

2.2.6.1.кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;

Сабақ мақсаттары

1.Мәтінді рөлге бөліп, қатесіз оқиды. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

2.Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді. Күшіктің сыртқы келбетін сипаттайды.

3.Кейіпкерге хат жазып өз ой пікірлерін білдіреді, іс-әрекетіне баға береді.

Тілдік мақсаттар


Тірек сөздер , терминология:

Күшік - щенок – puppy

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Аңсардың қылығына өз көзқарасыңды білдір.

  2. Мәтін неліктен осылай аталған?

  3. Аңсардың орнында сен болсаң не істер едің?

Бағалау критерийі

1.Мәтінді рөлге бөліп, қатесіз оқиды.

2.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді.

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық:

Өзара сыйластық, достық қарым-қатынастарды қалыптастыру;

Құрмет:

Оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, кешірімділікке, құрметтеуге тәрбиелеу. Жан-жануарларға қамқорлық көрсету;

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру: қимыл қозғалыс жаттығулар жасайды.

Дүниетану: қоршаған ортамен байланыс

Көркем еңбек: күшіктің суретін бояу

АҚТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, интернет ресурстары,суреттер.

Бастапқы білім

Мәтіннің мазмұнын негізгі ойын ашып, өз ой пікірлерін айта алады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Өлеңді мәнерлеп оқып, қара сөзбен жеткізеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



(6 мин).




(Ұ.) Ширату: «Мен сүйемін» тренингі

«Мен сүйемін» тренингі арқылы көтеріңкі көңіл орнату.
Егер сіздің досыңыз болса, көршіңнің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіз, көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіздер ата-аналарыңды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

Әр оқушы өзі жақсы көретін жан –жануарлар туралы айтып кетеді.

Топқа бөлу: «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушыларды сурет арқылы үш топқа бөлемін. Жіктеу бойынша саралау.(қажеттіліктері әр түрлі оқушылар)

«Мысық», «Күшік», «Бала» деп топқа бөлінеді.

(Т)«Ым –ишара» әдісі

Арқылы топқа тапсырма беремін . Мақсаты әр топ өз топтарының атын ым-ишара арқылы көрсетеді.

1. Дауысын дыбыстау;

2. Қимыл қозғалысын көрсету;

ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы

Оқу мақсатымен таныстыру.

Мәтінді рөлге бөліп , мәнерлеп оқи отыра, кейіпкерлердің мінез –құлқы мен іс-әрекеттеріне баға беру



















Сабақтың ортасы

3 минут









5 минут

































2 минут



7 минут





















































7 минут



















5-минут










(Ұ.МК.) «Ой қозғау» әдісі. Белсенді оқу.

Интербелсенді тақтадан «Просто так» мультфильмін көрсету.

Алдын ала тапсырма беріледі.

- Неше кейіпкерлер бар?

-Олардың көңіл-күйлері қандай?

Оқушылар өзара диалогқа түседі.

- Ендеше балалар «Мен ұнататын жануарлар» туралы айтамыз.

ҚБ: Өте жақсы! Керемет!

(Ж) Оқулықпен жұмыс «Сурет-тірек» әдісі Дерек көздері арқылы саралау.

Бағалау критерийі:

1.Суретті бояп, үш тілде айтып, сипаттайды.

Тапсырма: Сурет арқылы оқылатын мәтіннің мазмұнын болжа.«Кластер» әдісі арқылы сипатта, боя.

Оқушыларға шаблон сурет ұсынылады. Олар суретті бояп, оқылатын мәтін не туралы екенін болжап айтады. Боялған суреттегі жануарды үш тілде айтып береді.

Күшік - щенок – puppy

«Кластер» әдісі

Дескриптор:

1. Жануарды елестетті.

2. Күшікті сипаттады.

3 . Алда оқитын мәтінді болжады.


Қ.Б. «3 батыл қадам» әдісі жұптық бағалау.

1-қадам – бұрыннан білемін

2-қадам- үйрендім.

3-қадам- жүзеге асырамын


Сергіту сәті: «Қазақия»


(Т.) Мәтінмен жұмыс.

Бағалау критерийі:

  1. Мәтінді рөлге бөліп, қатесіз оқиды.

  2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

  3. Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіріп, кесте толтырады.

1-топ:

Оқу ережелерін сақтай отырып, мәтінді мәнерлеп, рөлге бөліп оқиды.

Дескриптор:

  1. Мәтінді дауыстап және қатесіз оқиды;

  2. Оқу барысында өз рөлін сақтайды;

  3. Дауыс ырғағын дұрыс қояды.

Қ.Б. өзара бағалау « Бағдаршам» әдісі


2 -топ

Тапсырма

Т. «Тұжырымдама» әдісі.

Мәтіндегі кейіпкерлерге тұжырымдама жаз.

Кейіпкерлер

Олар туралы мәтіндегі пікір

Сенің пікірің








Дескриптор:

  1. Мәтіндегі кейіпкерлерге пікір жазады;

  2. Кейіпкерлер жайында өз пікірін білдіреді;

Қ.Б. өзара бағалау «Тыныс белгісі» әдісі

3-топ

Т.Тапсырма

«Бір қадам артқа» стратегиясы: оқушылар оқыған мәтіннің мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Дұрыс жауап берген оқушы бір қадам артқа шығады.

Сұрақтар:

1. Аңсардың күшігі қандай?

2. Аңсар қайда келді?

3. Сен осы мәтінді қалай атар едің?

4. Аңсардың қылығына өз көзқарасыңды білдір.

5. Мәтін неліктен «Өкініш» деп аталады?

6. Күшік неге Аңсарға қайтып келмеді?


Дескриптор:

  1. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады және түсіндіреді;

  2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қ.Б. өзара бағалау «От шашу» әдісі

Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек.


(Т) Саралау тапсырмасы

Бағалау критерийі:

1. Рөлге еніп, көңіл-күйін бейнелейді.

2. Кейіпкерлердің мінез-құлқын сипаттап , салыстырады.

3.Кейіпкерге хат жазады.


А. «Айна» әдісі. Күшіктің рөліне еніп, көңіл-күйлерін бейнеле, анықта.

В. «Венн диаграммасы» әдісі. Аңсар мен күшіктің мінез-құлқын сипатта.

С. «Еркін жазу» әдісі. Кейіпкерге хат жаз.

Дескриптор:

1. Рөлге еніп, көңіл-күйін бейнелейді.

2. Кейіпкерлердің мінез-құлқын сипаттап салыстырады.

3.Кейіпкерге хат жазады.

ҚБ. Топтық бағалау «Жапондық бағалау» әдісі

  • Дұрыс , келісемін.

  • Толықтырамын басқа көз қарасым бар

  • Менің сұрағым бар.

Сабақты бекіту. (Ө.) «Моделдеу» әдісі

Бағалау критерийі:

Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма:

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Бір күні әтеш аулаға қыдыруға шығады. Ауладағы құстар ұсқынсыз әтешті мазақтай бастады.

-Қайғырма, -деді көлеңкеде жатқан ит. Бояуларға бар, олар саған көмектеседі.

Әтеш түрлі-түсті бояуларға келіп, көмек сұрады.

-Мен саған көмектесемін, - деді қызыл бояу. Сөйтті де әтештің айдары мен сақалын

қып-қызыл етіп бояды. Көк бояу құйрықтарына жағылды. Қанаттарына жасыл бояу, ал кеудесіне сары түс көмектесті. Әтеш айнаға қарады да, өз-өзін танымай қалды.

Осылайша әтеш түрленіп шыға келді.


  1. Мәтіннің кейіпкерлерін теріп жаз. _______________________________


  1. Ауладағы құстардың жасаған әрекеті туралы не айтасың? Неліктен?

  2. Әтештің суретін мәтінге сәйкестендіріп боя. Оның сырт келбетін сипаттап айт.

Дескриптор:

- Мәтіннің кейіпкерлерін анықтайды;

- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады;

- Әтештің суретін мәтінге сәйкестендіріп бояйды;

- Әтештің сыртқы келбетін сипаттап айтады.

ҚБ. «Стикер» әдісі арқылы бағалау

АКТ белгісіз дереккөздерден







Оқулық 18 бет



















https://yandex.kz/video/search?filmId



Оқулық 19- бет





















Shape2

























Picture 3























































Сабақтың соңы

5 минут





«Рефлексия»

«Көңіл күй» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақты қалай меңгергендерін үш түсті суретке жапсырады. Не үшін таңдағанын айтып кетеді.


Picture 2 - барлығын түсіндім

- жартылай түсіндім

- түсінбедім




















Үй жұмысы бойынша саралау: Өзіңнің таңдауың бойынша:

Барлық оқушылар орындай алады: Өзіңе ұнайтын жан- жануардың суретін сал.

Көпшілігі орындай алады:

Өзіңе ұнайтын жан-жануарлар туралы бес жолды өлең жазып кел.

Кейбіреуі орындай алады:

Өзіне ұнайтын жан-жануарлар туралы шағын әңгіме құрастыр.



Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Жіктеу бойынша саралау: Ширату кезеңінде «Пазл» әдісі арқылы «Мысық», «Күшік», «Бала» деп топқа бөліп тақырыпқа шығамын.

Тапсырмалар бойынша саралау:

А. «Айна» әдісі. Күшіктің рөліне еніп, көңіл-күйлерін бейнеле, анықта.

В. «Венн диаграммасы» әдісі. Аңсар мен күшікті мінез-құлқын сипатта.

С. «Еркін жазу» әдісі. Кейіпкерге хат жаз.

Диалог және қолдау көрсету саралау тапсырмасы:

Оқу ережелерін сақтай отырып, мәтінді мәнерлеп, рөлге бөліп оқытамын.

Дерек көздер арқылы саралау.

«Сурет-тірек» әдісі

Суретті бояп, үш тілде айтып, сипаттатамын.

Қорытынды саралау тапсырмасында «Модельдеу» әдісін қолдандым.

-Үй тапсырмасын беру кезіндегі саралау:

Барлық оқушылар орындай алады: Өзіңе ұнайтын жан- жануардың суретін салады.

Көпшілігі орындай алады:

Өзіңе ұнайтын жан-жануарлар туралы бес жолды өлең жазып келеді.

Кейбіреуі орындай алады:

Өзіне ұнайтын жан- жануарлар туралы шағын әңгіме құрастырады.



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Әр тапсырмалардан кейін кері байланыс пен қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырдым. Оқушыларға қолдау көрсету үшін қалыптастырушы бағалау «3 батыл қадам», «Бағдаршам» «От шашу», «Тыныс белгісі» өзара бағалау қолданды.Топтық бағалау «Жапондық бағалау» тәсілдерін қолдандым. «Стикер» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауын қолдандым. Қалыптастырушы бағалауда мұғалім мен оқушылар арасында «Екі жұлдыз,бір тілек» және «Мұғалімнің қолпаштауы» тәсілдері арқылы кері байланыс жүзеге асты.

Сабақ соңында «Көңіл күй» букеті әдістері арқылы оқушылардың не біліп, не үйренгендерін, нені әлі де түсінбей қалғандарын білуді жоспарладым.

Оқушылардың білімін тексеру үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында АКТ арқылы бейнежазбаны көріп, тыңдады. Интербелсенді тақтаны қолдану ережесі сақталды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, денсаулық сақтау мен қауіпсіздік ережесін сақтадым. Суретпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесі ескерілді.

Оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, кешірімділікке тәрбиелеу сабақ бойында жүргізілді


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. «Бір қадам артқа» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру кезі тиімді пайдаланылды.

2. «Венн диаграммасы» әдісін қолдану оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін тиімді болды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Мульфильм көрсетуде «Стоп кадр» әдісін қолдансам, бұдан да тиімді жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді деп ойлаймын.

  2. Сабақты өмірмен байланыстыра жасасақ бұдан да жақсы әсері тиер еді.



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. Бағалау критерийлер мен дескрипторды нақты құру қажеттілігін және әр тапсырманы сараланауы екенін білдім.

2. Тапсырмалардың мөлшеріне емес, олардың тиімділігіне баса назар аудару маңызды екенін түсіндім.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі