400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Менің алғашқы программам 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Скреч бағдарламалау ортасымен жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді:


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Талқылау және программалау

Күні: 07.02.2020ж.


Сынып: 5

Мектеп: №30 Көктөбе орта мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Д.Нурпеисова


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Менің алғашқы программам. Scratch ойын программалау ортасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну

5.3.3.1- тармақталу командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)

Сабақтың мақсаты

  • Алгоритмді сөз түрінде ұсына алады

  • Scratch бағдарламасымен танысады

  • Ойын программасында қадам санын, күту уақытын және сөзді өзгертіп анимация құра алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Білу,түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Алгоритмді сөз түрінде ұсынады

  • Scratch бағдарламасы терезесі элементтерін ажыратады

  • Ойын программасында қадам санын, күту уақытын және сөзді өзгертіп анимация құрады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

ойын программалау ортасы, командалар, спрайт, блок, сенсорлар, операторлар, дыбыс, қозғалыс

Құндылықтарға баулу

Қарым-қатынас жасау, жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болу, өзгелердің пікіріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, бейнелеу өнері.

Алдыңғы білім

Виртуалды лабиринттен шығу, алгоритм ұғымы.

Сабақ барысы:

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жатттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин







Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу, түгендеу

2. «Гүлмен тілек» әдісі арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастыра отырып, әр гүлдің түсіне қарай топқа бөлу.

І топ – Алгоритм

ІІ топ – Программа

3. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.


Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс «Венн диаграммасы» әдісі

Саралаудың «Қарқын» тәсілі



Қарапайым Виртуалды

лабиринт ұқсастығы лабиринт





Дескриптор:

- Қарапайым лабиринтке тән белгілерді жазады

- Виртуалды лабиринтке тән белгілерді жазады

- Ұқсастығын жазады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы

Жасыл түс – барлығы дұрыс

Сары түс – кемшіліктер болды

Қызыл түс – мүлде дұрыс емес


«Элективті тест» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. Жеке жұмыс. Саралаудың «Қарқын» тәсілі

  1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?

А) әл-Фарабидің латынша нұсқасынан

Б) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан

С) әл-Фарабидің арабша айтылуынан

Д) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша нұсқасынан

2. Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған командалардан тұруы тиіс. Бұл алгоритмнің қандай қасиеті?

А) түсініктілік

Б) үзіктілік

С) жалпылық

Д) нәтижелілік

3. Блок-сызбада фигураларды бір-бірімен байланыстырып тұратын сызықтар қалай аталады?

А) байланыс блоктары

Б) әрекеттер

С) кескіндер

Д) байланыс сызықтары

4. Қарапайым тілде әрбір адамға түсінікті етіп жазу алгоритмді ұсынудың қай түріне жатады?

А) сөз түрінде ұсыну

Б) тірек сөздер арқылы жазылуы

С) графиктік жолмен жазу

Д) барлық жауап дұрыс

5. Алгоритмнің неше түрі бар?

А) 5 Б) 2 С) 3 Д) 4

Дұрыс жауаптары: 1-Б; 2-Б; 3-Д; 4-А; 5-С.

Дескриптор:

- тест сұрақтарына жауап береді.

Өзін-өзі бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы

жасыл түс- барлық сұрақтарға толық жауап бердім;

сары түс-сұрақтарға жауабым толық емес;

қызыл түс-сұрақтарға мүлдем жауап бермедім


«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

1.Осы топ аттарыңның бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

2.Алгоритм, бағдарлама атауларын қалай түсінесіңдер?

3. Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1


Сұрақ


Сұрақ


Сұрақ


Сұрақ



Қағаздан жасалған гүлдер






Венн диаграммасы

Таратпа қағаздар















Plickers.com сайты






Карточкалар.






















Сабақтың ортасы


25 мин





























КІРІСПЕ:

Оқу мақсаты

5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну

5.3.3.1- тармақталу командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)

Бағалау критерийлері

  • Алгоритмді сөз түрінде ұсынады

  • Scratch бағдарламасы терезесі элементтерін ажыратады

  • Ойын программасында қадам санын, күту уақытын және сөзді өзгертіп анимация құрады


Бейнеролик көрсету.

Тақырыпты қысқаша түсіндіру.


Жаңа тақырыпты «Танысу үшін оқу және сканерлеу» тәсілі арқылы топтарға  тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. Топ оқушыларының оқулықтағы мәтіндерді, мысалдарды дұрыс түсініп талдауларын бақылап, бағыт-бағдар беремін.


1-тапсырма.Топтық жұмыс: «Ұшақ» әдісі.

Саралаудың «Диалог және қолдау» тәсілі

(оқушылар қағаздан ұшақ жасап, ұшақ қанатына бір сұрақ жазып екі топтың бір-біріне қарай ұшырады және сұрақтарға жауап береді)

Дескриптор

- Сұрақ қояды

- Сұраққа жауап береді

ҚБ: «Басбармақ» (топтардың өзара бағалауы)

Бас бармақ жоғары қарап тұрса-5 сұраққа дұрыс жауап берді

Бас бармақ жанына қарап тұрса- 3 сұраққа дұрыс жауап берді

Бас бармақ төмен қарап тұрса- 1 ғана жауап дұрыс немесе жауап мүлдем дұрыс емес.


Сергіту сәті: Көзге және қолға арналған жаттығулар жасату.


2- тапсырма. «Константинополь» әдісі. Жеке жұмыс. Саралаудың «Қарқын» тәсілі
АДДСПРАЙТЬЛВВЬКОМАНДАББЛБЖПРОГРАММАРЛЮЖАЛГОРИТМПАААМ

Берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді тауып дәптерге жазамыз.

Дескриптор

- Сөздерді тауып дәптерге жазады

ҚБ: Мұғалімнің ауызша бағалауы



3-тапсырма: Жұптық жұмыс: «Кім жылдам?» әдісі арқылы компьютерде практикалық жұмыс:

Саралаудың «Қарқын» тәсілі

1.Көрсетілген тапсырмадағы блоктарды тауып құрастырыңдар.

2.Қадам санын 1 ге өзгертіңдер

3. Күту уақытын 4 секундқа өзгертіңдер

4. «Привет» сөзін «Сәлем» сөзіне өзгертіңдер.

5. Алгоритмді сөз түрінде ұсыныңдар

Дескриптор:

- блоктарды құрастырады

- Қадам санын және күту уақытын өзгертеді

- «Привет» сөзін «Сәлем» сөзіне ауыстырып жазады.

- Алгоритмді сөз түрінде ұсынады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау

Бас бармақ жоғары қарап тұрса- барлығын дұрыс орындады

Бас бармақ жанына қарап тұрса- қателіктер бар

Бас бармақ төмен қарап тұрса- мүлдем орындай алмады








Слайд







Бейнеролик












Қағаздан жасалған ұшақтар












Таратпа қағаздар












Компьютер

Таратпа қағаздар





















Сабақтың соңы

5 мин


Сабақты қорытындылау.

Жеке жұмыс: «Доп лақтыру» әдісі арқылы әр топтан бір-бір оқушыға допты лақтырып сұрақ қоямын. Допты ұстаған бала сұраққа жауап береді. Саралаудың «Диалог және қолдау көрсетуң тәсілі

  1. Лего конструкторының қандай ерекшелігі бар, оны қалай құрастырамыз?

  2. Scratch программасының лего конструкторынан қандай ерекшелігі бар?

Дескриптор

- лего конструкторы мен Scratch программасының ерекшеліктерін талдайды.

Қ.Б: Мұғалімнің бағалауы. Ауызша.




Үйге тапсырма: Оқулықтағы 113 беттегі ребусты шешу


Доп


















Алма стикерлер








Күнделік

Қорытынды: Сабақтың соңына дейін оқушылар әр қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледді, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілдері

Барынша қолдау көрсетілетін оқушылар топтық жұмыстарда белсенді оқушылардың көмегімен тапсырмалар орындайды. Мұғалімнің қолдауымен қызығушылығы артады. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы тапсырманы барлық оқушылар мен оқушылардың көпшілігі орындай алуы жоспарланды.

Барлық оқушылар бірдей тапсырмаларды орындайды.Бірақ тапсырмаларды орындауда барынша қолдау қажет ететін оқушыларға мұғалім тарапынан тапсырманың орындау үлгісі ұсынылады. Орташа қолдау қажет оқушыларға қолдауды аз қажет ететін оқушылармен көпірше орнатылады. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларды мадақтаймын

Саралаудың «Қарқын» тәсілі. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

«Бас бармақ»

«Бағдаршам»

арқылы бағалау

ауызша және жазбаша

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға тиіспеу.

  • Сыныпта жүгірмеу


Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылароқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты?)

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншлықтары туралы нені анықтамадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі