400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің ана тілім" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ үлгі ретінде қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім
Сабақтың мақсаты:
Тілдің адам өмірінде алатын орны туралы, оның мәртебесі туралы оқушыға түсіндіре отырып, жаңа сабақ туралы білімділіктерін қалыптастыру.
Ой - өрістерін, ойлау белсенділіктерін арттыру, өз пікірлерін нақты айта білуге төселдіру
Қазақ тілін құрметтей білуге баулу
Түрі: Жаңа білімді игеру сабақ
Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіз бе! Қалдеріңіз қалай? Көңіл-күйлерің қалай?

  • Сабақта кім жоқ?



  • 2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Ортаға шығып шеңбер құрайық! Әр оқушы қалаған түсті таңдайды. Міне, қараңдаршы не болып, шықты?

  • Дұрыс, шаңырақ болды. Міне, ұлтымыз бөлек, тіліміз бөлек, дініміз бөлек болса да, біздің мемлекетімізде тату тәтті өмір сүріп жатқан ұл өкілдері көп. Әрдайым бір шаңырақтың астында бейбітшілік, тыныш заманда өмір сүріп, мемлекеттік тілімізді ұмытпайық!



  1. Өткен материалға көңіл шолу:

  • Қазақ тілдер қай тілдер тобына жатады?

  • Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды?

  • 22 қыркүйек күні қандай мереке?

  • Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  • Тіл туралы заң неше баптан тұрады?

  • Біздің елде қолданылатын қазақ тілімен қатар жүретін қандай тіл?

  • «Тілім», «тілді», «тілдің», «тілге» осы сөздерден тәуелденіп тұрған сөзді тап

  • Қазақ тіліне тән дыбыстардың неше түрі бар?


  1. Миға шабуыл:

Жаңа тақырыпты анықтау (оқушылардың алдарында сөздер жатады, өлең жолдарын құрастырып, сабақтың тақырыбын анықтайды)

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

  1. Жаңа тақырып:

Ал, енді, сендермен полиглот ойынын ойнап жіберейік! Тіл туралы қандай мақал- мәтел білетіңдеріңді анықтаймын. Мақалды аяқта, сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аудар.

Өнер алды қызыл ...

(тіл , язык, language)



Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ... өсіреді

(ой, мысль, thought)

Қос тіл - қос ....

(қанаты , крылья, wings)



Тіл тас жарады, тас жармаса, … жарады.

(бас, голова, head)

 … көтермегенді, тіл көтереді.

(Піл, слон, elephant)

Халық тілі — қайнар ......

( бұлақ, родник, rill)

 Тіл ... өткір.

( қылыштан, сабля, cavalry sword)

Қылышынан қан тамған батырды,

Тілінен бал тамған .... алады

(ақын, поэт, poet)

(Бағалау)



  1. Шығармашылық айналым

  1. Топ «Менің ана тілім» тақырыбына эссе жазу



2. Топ «Тіл» деген сөзге бес жолды өлең



3. Топ Мәтін бойынша диалог құру



Қанатты сөздер оқу, аудару, грамматикалық тапсырманы орндау

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады.

Тіл-қай халықтың болсын басты белгісі.



  1. Грамматикалық тапсырма:

1.Топ «Жүрек» сөзін тәуелдеңдер



2.Топ Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Сөйлемге синтаксистік талдау



3.Топ «Халық» сөзін септеңдер



8. Бекіту. Бағалау.

9. Үйге тапсырма беру.















































Қазақ тілі бірлестігінің апталық кезеңінде өткізген ашық сабағының анықтамасы





Сабақ жоспарға сай 6 «г» сыныбына өткізілді. Сабақтың тақырыбы «Менің ана тілім». Мақсаты: Тілдің адам өмірінде алатын орны туралы, оның мәртебесі туралы оқушыға түсіндіре отырып, жаңа сабақ туралы білімдерін қалыптастыру. Ой - өрістерін, ойлау белсенділіктерін арттыру, өз пікірлерін нақты айта білуге төселдіру. Қазақ тілін құрметтей білуге баулу.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі топқа бөлу «Бір шаңырақ астында» атты тренигпен басталды. Кейін үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы бекітілді. Миға шабуыл кезеңінде оқушылардың алдарына шашылған сөздерден өлең жолдарын құрастырып, негізгі мағынасын тауып, сабақтың тақырыбымен мақсатын анықтады. Келесі кезеңде «Полиглот» ойыны арқылы оқушылардың тіл туралы мақал-мәтел арқылы білімдерін жинақтап, тиянақтау мақсатында орындатылып, тастап кеткен сөздерді тауып, орыс, қазақ, ағылшын тілдеріне аударту мақсатында өткізілді. Бұл тапсырманы да оқушылар жақсы орындап шықты. Шығармашылық айналымда топтық жұмыс ұйымдастырылды:

1.Топ «Менің ана тілім» тақырыбына эссе жазу.

2. Топ «Тіл» деген сөзге бес жолды өлең.

3. Топ Мәтін бойынша диалог құру.

Келесі тапсырма қанатты сөздер оқып, аударып, мағынасын ашып, грамматикалық тапсырманы орндау.

Әр топ жетекшісі әр тапсырма сайын балдық жүйемен бағалап отырды, сабақ соңында қорытынды баға қойды. Сабақ қорытындыланып, бекітілді. Қойылған мақсатына жетті. Оқушылар белсенділік танытты.

Сабаққа тәжірбие алмасу мақсатында мұғалімдер қатысты. Өз пікірлерін, ескертулерін айтып кетті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі