Ашық сабақ: Менің арманым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Менің арманым

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Приурал мектеп-балабақша кешені» КММ

Мерзiм: № 5сабақ

Тақырып: «Менің арманым»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: бар нәрсеге, отбасына, жануарларға сүйіспеншілік, бір беткей болмау, бар нәрсемен бөлісе білу

Мұғалiм: Ераглиева А.Е Сынып 4


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сүйіспеншілік құндылығының мәнін арманға деген сүйіспеншілік арқылы ашу.

Міндеттері:

  • Бар нәрсеге, отбасына, жануарларға сүйіспеншілікке үйрету.

  • Бар нәрсемен бөлісе білу дағдыларын дамыту.

  • Бір беткей болмауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін сұрау.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру

Қ.Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңі

Сұрақтар:

  • Өлең неліктен «Арман мен ақыл» деп аталған деп ойлайсыңдар?

  • Білімнің арманға қандай қатысы бар? Ойланып жауап беріңдер

Сабақа барысын талдау

Дәйексөз.

«Арман – адамға қанат»

Халық нақылы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Кім боласың?

Асан ата сәлем – сауқатын арқалап ауылдан Алматыға кеше келген. Бірін – бірі сағынған ата мен немерелер бір жасап қалды. Түннің бір уағына дейін дабырласты. Немерелері Димаш пен Алуа аталарына кезек – кезек күнделіктерін көрсетіп, әңгімелерін айтып тауыса алмай жатты. Таңертең бала келіні жұмысқа, немерелері сабаққа кетті. Үйде бір өзі қалған атай түске таяу балконға шықты. Алтыншы қабаттан төмен жақ алақандағыдай көрінеді екен. Асан ата кмініп далаға шықты. Мектептен немересін алып келуге барды.

-Ассалаумағалейкум, ата! – Балалар сап түзеген бойы Асан атаның қолын алып шықты. Аттарын атады: Шыңғыс, Әлихан, Сырым, Абылай, Димаш.

-Бәрекелді, қарақтарым! Есімдеріңе қарағанда бәрің мықты сияқтысыңдар. Сабақтарың қалай?

-Жақсы ата! – Балалар хормен жауап берді.

-Жарайсыңдар! Сендердің қазіргі ең басты міндеттерің сабақты жақсы оқу. Оны ешқашан ақсатуға болмайды. Ал енді айтыңдршы, өскенде кім боласыңдар?

-Балалар бірден жауап қатпай сәл мүдірді. Сәлден соң өз немересі Димаш: - Президент болам, - деп жымың ете қалды.

-Сен ше?

-Президент!

-Сен ше?

-Мен де президент болам!... Бесеуінің де жауабы осы болды.

Асан ата болашақ бес президентке мейірлене қарап:

-Жарайсыңдар, балдырғандар. Осы армандарыңа мүдірмей жетіңдер! – деді.

Сұрақтар:

  • Сендердің болашақтағы армандарың қандай?

  • Арманға жетудің жолы қандай?


Шығармашылық жұмыс

Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді. Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп атайтыны жазылады.

«Менің арманым» тақырыбында сурет салу.


Топпен ән айту.

«Әсем ән» әнін барлығы бірге орындау.


Үйге тапсырма:

«Өсиет әңгіме» оқып келу.


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі