400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің ататегім" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіре алады; Өз əулетінің шежіресін құрастыра алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

2-тоқсан

Бөлім: Уақыт

Пән: Дүниетану

3 сынып

Күні: 10.11.17ж




ШҚО Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылы


Мектеп: Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені КММ


Мұғалімнің аты-жөні: Бастауыш сынып мұғалімі Мейрембаева Баршагуль Кусайновна

Сабақтың

тақырыбы

Менің ататегім

Оқу мақсаттары

3.1.1.1. Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;


3.1.1.2. Əулет шежіресін құрастыру;

Дағдыларды дамыту

Түсіну, қолдану, талдау, синтез жасау


Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіре алады;

Өз əулетінің шежіресін құрастыра алады

Оқушылардың көпшілігі:

  • Отбасы мүшелеріне ауызша суреттеме бере алады.

Отбасылық мұрағатты қалай ұстау керек екенін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:

«Сен туыстарыңның қайсысына ұқсағансың?» өз бетінше кішігірім зерттеу жүргізе алады

Тілдік мақсаты

Үш тілдік:

Отбасылық сурет – семейный фотоальбом – family photoalbum

менің отбасым – моя семья – myfamily.


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

шежіре, ұрпақ, отбасы мұрағаты, туыстар.


Сабақта диалог жəне жазбаша жұмыстар үшін қоладанылатын сөздер мен сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сендер туыстарыңның қайсысына

ұқсағансыңдар? Үйлеріңде отбсаылық мұрағат бар ма? Онда не бар? Фотографиялар бойынша нені білуге болады?

Отбасылық фотоальбом келер ұрпаққа жетуі үшін оны қалай ұстау керек?


Жазбаша тапсырмалар:

Отбасылық портретті аяқта жəне жазып қой. Сызбанұсқа бойынша отбасы туралы тақпақ құрастыр.

Алдыңғы білімдері

Отбасы, отбасы мүшелері туралы қарапайым түсінік.

Сабақ жоспары

Уақыты

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

2 мин

Жағымды эмоциялық көңіл күйді қалыптас- тыру(Т) Балалар үйден өздері алып келген фотосуреттері арқылы отбасы мүшелері туралы əңгімелейді. Жеті атасын білетін балалар тізбелеп айтып береді. Топта отбасы ағашын құрады. Оның ең ұшында ата-əже тұратынын анықтайды. Неге оларды ағаштың ұшар басына қойғандары туралы түсінік береді.

Балалар алып келген материал- дар (фото

3 мин

Ұ, Ө) Оқулықтың басында берілген отбасы туралы ребусты шешеді.

Сабақтың соңына қарай жетуге тиісті мақсаттарды түсіндіру

(оларға рефлексия кезеңінде қайта оралу).


Көз, шаштың түсіне қарай талдау негізінде отбасы мүшелері арасындағы туыстық байланысты түсіндіру

Өз əулетіңнің шежіресін негізінде отбасы мүшелері құрастыру





Оқулықтағы стикерлер

6 мин













7 мин

(Ұ) Оқушылармен əңгімелесу. Оқулықпен жұмыс. Мəтінді оқу.

- Отбасы деп кімдерді атайды?

Кез келген адам өз отбасының шығу тегі туралы ойланады. Бүгін біз де өзімізге: «Біз кімбіз? Ата-бабамыз қайдан шыққан?» деген сұрақтарды жиі қоямыз. Бірақ өз сұрақтарымызға əркез жауап таба бермейміз. Уақыт өтті, көп нəрсе жоғалды жəне ұмытылды. Аталарыңды тегі бойынша табу оңайға соқпайды. Олардың тамыры тереңге, бұрынғы замандарға кетеді. Бірақ біз ата-баба рухын құрметтей отырып, тарихты, əулетіміздің тарихын білуге ұмтыламыз.

(Т) Суреттермен жұмыс.

Қуаныш пен Айсұлудың шежіре ағашы

- Айсұлу атасы мен əжесі үшін кім болады? (немере)

- Айсұлуға анасының əпкесі кім болады? (тəте)

- Айсұлудың анасының анасы оған кім болып келеді (нағашы əже)

-Ғалия –Қуаныштың анасы.

Зарина – Қуаныштың əпкесі.

Бауыржан –Ғалияның күйеуі.

-Зарина Бауыржанды қалай атайды? (əке)

-Сенің шежіре ағашының тамыры қандай? « Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі.»

-Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесің?



(Ұ) Сергіту сәті. «Менің отбасым» ойыны.

Сіңлі, қарындастары барлар - аяқпен тарсылдатыңдар.

Əжесі барлар жəне ол осы қалада (ауылда) тұрады – айналыңдар.

Інісі барлар – көздеріңді жыпылақтатыңдар.

Əпкесі бар – қоян сияқты секіріңдер.

Ауылда тұратын атасы барлар– отырып-тұрыңдар

Əкелері барлар – саусақтарыңды шақылдатыңдар

- Аналары барлар – алақандарыңды соғыңдар жəне күлімдеңдер


5 минут

(Ж) «Сендер туыстарыңның қайсысына ұқсағансыңдар?» шағын зерттеу. Туыстар басқа үйде, басқа қалаларда жəне басқа елдерде тұруы мүмкін, бірақ сонда да олар сендердің жақындарың – сендердің əулеттерің, үлкен отбасыларың. Туыстар бір-біріне ұқсайды. Сендердің біреулерің аналарыңа, біреуің əкелеріңе, ал енді біреуің əжелеріңе немесе тəтелеріңе ұқсайсыңдар.

-Сен туыстарыңның қайсысына ұқсайсың? Кімге ұқсайтындарыңды дəлелдеп көріңдер (фотографиялар бойынша дəлелдеуге болады).

Ө) Дəптермен жұмыс

1 тапсырма

Отбасылық портретті аяқта жəне жазып қой.


10 мин

(Ж) Оқулықпен жұмыс

Отбасы мүшелері көбінесе бір-біріне ұқсайды. Дегенмен олардың əр түрлі. Мінездері, əуестенетін нəрселері əр түрді болады. Стикерлердегі тірек сөздерді пайдалана отырып, өз туыстарың туралы əңгіме құрастыр.

Өз отбасыңның мүшелерін суретте. (Стикерлердегі сөздерді пайдалан).

Қандай?Не істегенді ұнатады?


4 мин

(Ө) Сұхбат

Сыныптасыңнан оның отбасы мүшелері туралы сұрап біл.

(Ұ)– Кімнің үйінде отбасылық фотографиялары бар альбом бар?

Сендер ол фотосуреттерді не үшін жинап, сақтайсыңдар? (балалардың жауаптары)

Фотосуреттерден нені білуге болады?

Отбасылық фотоальбом келер ұрпаққа жетуі үшін оны қалай ұстау керек? Микрофон

Əлі күнге дейін ауылдағы кейбір үйлердің қабырғаларында

Барлық отбасы мүшелерінің фотографиялары ілініп тұрады – олар жақын жəне алыс туыстар. Ал ортасында, ең көрнекті жерде – əкесі мен анасының үлкейтілген портреттері. «Отан», «отбасы» деген

сөздер мағыналас сөздер. Өмірлеріндегі қуанышты жəне жарқын сəттер: туған күндер, достармен кездесу, үйлену той, мектеп бітіру, бөбектің алғашқы күлгені немесе қадамы – бұл оқиғаларды біз жадымызда ғана емес, фотографияларда да сақтаймыз.

(Ө) Суретпен жұмыс

Біздің көмекшілеріміз Қуаныш пен Айсұлудың мұрағаттарындағы фотосуреттерден қандай отбасылық оқиғаларды көріп тұрсыңдар?

(Т) «Менің əулетімнің шежіре ағашы» коллажын жасаңдар Бұталары барынша көп ағаштың суретін таңдап алыңдар. Сенің мына сыныптасың өзі туралы жəне өзінің ата-тегі туралы көп біледі екен.

Микрофон

3 мин

(Ж) Дидактикалық ойын

"Какая у тебя семья?" – "Сенің отбасың қандай?"

Орыс тілі сабағында «Семья» бөлімін оқыдыңдар жəне өз отбасыларың туралы екі тілде айта аласыңдар.

(Сөздердің орысша нұсқасы мен қазақша баламасын біріктіру керек)

Большая – үлкен Маленькая –кішкентай Дружная – тату Веселая – көңілді Добрая – мейірімді Крепкая – мықты Здоровая – сау Счастливая – бақытты.

Смайлик» тəсілінің көмегімен «Отбасы» тақырыбы бойынша білімдерін өзара бағалау

(Ұ) Дəптермен жұмыс. Практикалық іс-əрекет.

Дəптердегі сызбанұсқаны пайдалана отырып, «отбасы» тақырыбы бойынша тақпақ құрастырып үйренеміз:

  1. Зат есім (кім? не?) отбасы

  2. Сын есім (қандай?) тату,

  3. Етістік (не істейді?) саяхаттайды

  4. Төрт сөзден тұратын сөйлем. Менің отбасым

Синоним сөз жанұя


Ұ, Ө) Сабақтағы жұмысты бағалау.

Ал енді отбасы туралы саусақпен ойнайтын тақпақ-ойынды есімізге түсірейік (саусақ ойыны балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту жəне білек бұлшық еттерін нығайту мақсатында жүргізіледі.)

Мына саусақ – анашым, Мына саусақ – əкешім, Мына саусақ – əжетай, Мына саусақ – аташым, Мына саусақ- өзіммін, Осы менің отбасым.

  • Балалар, мен сендердің əрқасысыңда сендерді жақсы көретін, күтетін, көмекке келетін туыстарың, туған үйлеріңнің бар екеніне өте қуаныштымын. Сендер жақындарыңды бағалаңдар, ешқашан ренжітпей, есейген кезде оларға қамқорлық жасаңдар.

Карточкалар

Дифференциация –

оқушыларға көмектесуді

қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға

қандай тапсырмалар беруді

жоспарлайсыз?


Бағалау – оқушылардың алға

ілгерілеуін/білімдерін қадағалауды

қалай жоспарлайсыз?





Пəнаралық байланыс

«Өзін-өзі тану»

«АКТ»

Құндылықтар

Қалып қойған оқушыларға (қажеттілігіне қарай) көңіл бөлу

Мұғалім:

  • Зерделенген материал бойынша оқушыларға сұрақтар қояды жəне олардың жауап беруіне түртікі болады;

  • оқу жұмысын бақылайды;

  • оқушылардың дəптердегі жұмыстарын (тапсырмаларды)қарайды;

  • оқушы рефлексиясының нəтижесін талдайды;

  • «Смайлик» тəсілінің көмегімен

«Отбасы тақырыбы бойынша» орыс тілінен білімдерін

Шығармашылық еңбек – отбасылық портретті салу

Құндылықтар – отбасы, отбасылық қарым- қатынас

.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі