Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің атым Қожа" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпта "ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ" пәні бойынша өткізілген ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

Адамгершілік - асыл қасиет

Педагогтің аты-жөні:

Найманбаева Динара Маканалиевна

Күні:

17.02.2023 жыл

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 16 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді.

Сенім арту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

( 5Т/Ж3 ) Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті, іс-әрекеті арқылы образын ашу

(5А/И1) Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра зерттеулер, қарама-қарсы суреттеулерді табу

Сабақ мақсаттары:

Шығармадағы қарама-қарсы ұғымдарды салыстырады.

Кейіпкерді суреттейді, қарама-қарсы сипаттамалардың арақатынасын анықтайды.

Шығармадағы көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа өзіндік көзқарасын қалыптастырады.

Бағалау критерийлері:

  • Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра алады, қарама-қарсы суреттеулерді таба алады;

  • Шығарманың композициялық құрылымын анықтайды.

Коммуникативтік дағдылар

Анализ, салыстыру және интерпритация

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау, сахналау

Тілдік мақсат :

пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Дәйектеме, композиция, сюжет, т.б.

Құндылықтарға баулу


- Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

- Ынтымақтастық, жауапкершілік;

- Ұлттық және адами құндылықтарға құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.

«Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнын түсінеді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

2 минут




Оқушылармен амандасып шаттық шеңберіне шақырады.

Үзіліс уақытында топтарға бөлініп қойылады (уақыт алмас үшін).

1топ. Қожа

2 топ. Жантас


Оқушылар «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне «Сиқырлы қалам» беру арқылы ыстық лебіздерін білдіреді.

Өз көңіл-күйлерін бас бармақ арқылы бағалайды.


Үй тапсырма-

сын сұрау:

5 минут


Үй тапсырмасын тексеру. «Кейіпкерге хат» хикаятта берілген барлық бөлімдер бойынша басты қаһарманға хат жазып келу.

Оқушылар кемінде 8 сөйлемнен тұратын хаттарын оқып береді.



Сабақ ортасы





5 минут








Балалар «Мынау кім?» әдісі бойынша шығармадағы басты кейіпкерлерді еске түсіріп алайық.
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)

2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)

3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)

4. Қожа жаман бала емес (Жанар)

5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)

6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)

7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

8. Жолама. Мама деуші болма маған (Анасы )




Оқушылар мұғалім оқыған үзіндіні мұқият тыңдап, ол қай кейіпкердің сөзі екенін анықтайды.



«Үш шапалақ» әдісі арқылы


Дескриптор

1.Шығарма мазмұнын түсінеді.

2. Кейіпкерге қатысты сипаттамаларды ажыратады.



А4 парақта

ры




Интербел--сенді тақта



Топтық жұмыс

4 минут



Топтық тапсырма «Қос диаграмма» әдісі.

«Менің атым Қожа» повестіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама бере алады.

(Постермен жұмыс) Қос диаграмманы толтыру арқылы кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру
Алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз


Оқушылар диаграмманы толтырады.

Қалыптастырушы бағалау.

жеттім талпындым


Дескриптор

1.Шығарма кейіпкерлері және оларың табиғаты туралы мәлімет біледі

2. Олардың жағымды және жағымсыз қылықтарын салыстырмалы мінездеме бере алады.


Кесте бейнеленген үлестірмелі парақшалар


Жеке жұмыс


4 минут

Интербелсенді тақтадан «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету.

«Сұрақтар бұрқасыны» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу

1. «Менің атым Қожа»фильмінің режиссері кім? (Абдулла Қарсақбаев)

2.Сіз үшін үлгілі бала кім?

3.Қожаны өзіңмен және басқа балалармен салыстырып көр?

4.Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?

5.Егер сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

6.Сен Қожаның бойынан қандай қасиеттерін алар едің?


Оқушылар нтербелсенді тақтадан «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көреді.


Кейін үзінді бойынша сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ»


Дескриптор

Бейнефильмдегі оқиғаға қысқаша сипаттама береді

Бейне фильм мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады



Интербелсенді тақтадан «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету.



Бейне-фильм





Топтық, жұптық жұмыс.

«Рөлдік ойын» әдісі.


Әр бөлінген топ куб арқылы өздерінің сахналау тақырыбын таңдайды.

  1. Бөлім «Атым туралы»

  2. Бөлім «Жолдама жайында»

  3. Бөлім «Бақаның әлегі»

  4. Бөлім «Құпия кеңес»

Оқушылар өздеріне берілген бөлімді өз қалауы бойынша сахналайды.

Қалыптастырушы бағалау .«Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылар топтар бірін – бірі бағалайды.

Дескриптор

Кейіпкерлерді сахналай алады..


Куб


Интербелсенді тақта

Жеке жұмыс





5 минут

3- тапсырма. «Т кестесі» әдісі

Қожаның сотқар болуына не себеп болды ?

Қожаның әдепті жолға түсуіне” не себеп болды?
1. Әжесінің еркелетуі 1. Анасын аяуы
2. Әкесін сағынуы 2. Сәйбек қарт, Оспанов айтқан естеліктер

3. Анасын қызғануы 3. Майқанованың педагогикалық кеңестен

4 Жантас сияқтыларды жек шығып бара жатып айтқан сөздері

көруі 4. Әжесін сыйлауы
5 Өзінің менмендігі 5. Болашағын ойлауы
6 Еркелігі, балалығы 6. Жанарға ұнау үшін


Оқушылар кесте толтырады, сол бойынша ір себептің қарама-қарсы суреттеулерін анықтайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2023
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12