400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің атым Қожа" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мәлімет мұғалімге ашық сабақ "Менің атым Қожа" 5 сынып қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспарын құруына көмек береді. Менің атым Қожа тақырыбы бойынша сабақты қалай жүргізуге болатындығына үлгі. Тек осы тақырыпта емес басқа сабақтарда да осы әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Сабақ жаңа үлгіде құрылған. Қысқа мерзімді жоспарда әртүрлі әдіс-тәсілдер берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 8-бөлім Адамның сырт келбеті мен мінезі Мектеп: №65 ЖББ ОМ КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Өмірсерік М.Н.

Сынып: 5 Қатысқандар: 25 Қатыспағандар: 0

Сабақ тақырыбы

«Менің атым Қожа»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

  • Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

(5.Т/А1.);

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары

арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру (5.Т/А6.).

Сабақ мақсаты

  • Б.Соқпақбаевтың шығармасынан үзінді тыңдай отырып, жағдаятқа сай

эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдіру;

  • иллюстрациялық суреттер арқылы тақырыпты болжау.

Бағалау критерийі

  • Тақырыпты тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжайды;

  • Суреттермен жұмыс істей алады;

  • Суреттерге ортақ тақырып ұсынады;

  • Жағдаятқа сай пікірі мен көзқарасын дәлелмен жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: ауызекі сөйлеу стилі, дойбы, тәртіптік кеңес, фильм, әртіс.

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...,  менің білуімше, меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда, мәссаған, бәрекелді, әттеген-ай!

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;

  • кішіпейілдікке үйрену;

  • шыншыл болу.

Құндылықтарға баулу топтық жұмыс, жұптық жұмыс барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Сергіту сәтінде «шыншыл бейне» суретін салу арқылы бейнелеу өнері пәнімен байланысады. Фильмдегі Қожа мен Жанардың қасиеттерін бағалауда өзін-өзі тану пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Жас талант тақырыбы бойынша оқылым мен тыңдалым материалдары негізінде ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жаза алады.

Осы білім бүгінгі тақырыпты меңгеруге көмектеседі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақты бастамас бұрын «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады. Өз есімдерінің қойылу мақсатын, мағынасын түсіндіреді.

Оқушыларға иллюстрациялық суреттер беріледі. Берілген суреттердің әрқайсысына тірек сөздер ұсынады. Суреттерге ортақ тақырып береді.

  1. Мына суреттен кімдерді көріп тұрмыз?

2. Бұл кейіпкерлер туралы не білеміз?

3. Бұл шығарманың авторы кім?

4. Сонымен сабақ тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушыларды кейіпкерлер есімімен топқа бөлінеді. Мысалы: Қожа, Жантас, Жанар, Сұлтан.

Оқушылар, бүгін біз сабақта 5.Т/А1, 5.Т/А6 мақсаттарымен жұмыс жасаймыз. Сабағымыздың мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармасынан үзінді тыңдай және оқи отырып, жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдіру. Ол үшін алдымен «Менің атым Қожа» киносынан үзінді көрелік.











АКТ иллюстрациялық суреттер





















Таратпа парақшалар







https://www.youtube.com/watch?v=NoU3LqAtR-4

Сабақтың ортасы

Ж. Тапсырма: «Төрт бұрыш» әдісі. Фильмнен берілген үзіндіні мұқият тыңдаңдар.

- Кімнің әрекеті дұрыс?

Осы сұрақ бойынша өздеріңе жақын бұрыштағы пікірлерге барып тұрыңдар. Берілген тірек сөздер арқылы өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

Тірек сөздер: Менің ойымша...,  менің білуімше, меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда

Дескриптор:

  • кинодан үзіндіні мұқият тыңдайды;

  • бұрыштарға барады;

  • берілген тірек сөздер арқылы өз

пікірлерін қорғайды.

ҚБ. «Бас бармақ» тәсілі бойынша бағалайды.

ЖЖ. Тапсырма. «Кім жылдам?». Үстел үстінде төңкеріліп жатқан қағаздан бір тақырыпты таңдап ал. Жылдамдатып сұрақ-жауап түрінде сөйлесіңдер. Шарты: жағдаятты өздерің ойлап табыңдар. Талап: сұрақ қоюшы одағай сөздерді пайдалансын, жауап беруші қыстырма сөздерді қолдансын. Диалог кемінде 8-9 тілқатымнан тұрсын.

  • Тәртіптік кеңес.

  • Кітап дүкені.

  • Көлде.

  • Сабақтағы оқиға.

  • Лагерьге жолдама.

Дескриптор:

  • таратпа парақшадан тақырып таңдайды;

  • тақырыпқа сай жағдаят ойлап табады;

  • қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін

қолданады;

  • диалогке даярлықсыз түседі.

ҚБ. Сынып үздік диалогті анықтап, смайликтер арқылы бағалайды.

Сергіту сәті: «Мен кіммін?»

Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.

ТЖ. Тапсырма. Крест-нол әдісі. Екі топтан екі оқушы шығып, крест-нол ойынын ойна. Жеңген топ берген тапсырманы тобыңмен бірге орында.

Қожаны сипатта.

Үзіндіден өзіңе ұнаған сәтті әртіс тәрізді орында. Одағай сөздерді қолдан.

Фильм туралы ақпарат ізде.

Қожаға қыстырма, қаратпа. одағай сөздерді қатыстыра отырып хат жаз.

Қожадан сұхбат ал.

“Түбі адам болатын бала” тақырыбында Қожаның суретін сал.


Қожа мен Жантасты салыстыр.

Тірек сөздерді пайдалана отырып, қай оқиға екенін анықта.

Суреттерді оқиға желісі бойынша құрастыр.

Дескриптор:

  • Жұппен ойын ойнайды;

  • Тапсырмаларды толық орындайды;

  • Рөлдік ойын ойнайды;

  • Хат жазады;

  • Қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді

қолдана отырып хат жаза алады;

  • Тірек сөздерді дұрыс қолдана алады.

ҚБ. Топтар бір-бірін көңіл-күй одағайлары арқылы бағалайды.


АКТ, Стикерлер























Таратпа парақшалар




















смайликтер




А4 парақтары, түрлі-түсті бояулар.










А4 парақтары, АКТ, түрлі-түсті бояулар, суреттер, таратпа парақшалар.




































Сабақтың соңы

Оқушылар рефлексиясы:


Кеменің суреті, түрлі-түсті бояу.


Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқушылар үшін

Оқушыларға тақырыпты болжауда жетекші сұрақтар қою арқылы, екінші тапсырма бойынша тірек сөздер ұсыну, бірінші тапсырма

бойынша үзіндіні екінші рет көрсету арқылы қолдау көрсетіледі.

Оқушылардың көпшілігі үшін

Диалогке түсу үшін тірек сөздер беріледі, жағдаят ойлап табу үшін суреттер ұсынылады.

Кейбір оқушылар үшін

Көрініс ұйымдастыруда ой тастау арқылы қолдау болады.


Жеке

«Бас бармақ» арқылы бағалау.

Жұптық

Смайликтер арқылы бағалау.

Топтық

Көңіл-күй одағайлары арқылы бағалау.


1. АКТ-мен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

2. Сабақтағы сергіту сәттері мен белсенді жаттығу түрлері орындалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
16436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі