|
Мақсаты
|
1.Тақырып бойынша өз
бөлмесі туралы сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білуге, жаңа
лексиканы қолданып, әңгімелеуге үйрету.2.Оқушылардың тілдік,
коммуникативтік білім-біліктерін дамыту.3.Оқушыларды өз бөлмелерін
құрметтеуге, оқу құралдарын таза ұстауға
тәрбиелеу.
|
|
Күтілетін
нәтиже
|
Тәуелдік жалғауды қайталай
отырып, ол туралы тереңірек ұғынады, ауызекі сөйлеу тілінде
қолданады. Бөлмені таза ұстау керек екені
туралы
түсінеді,бөлме атауларын
біледі. Еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады, жас кезінен ұқыпты болу
керек екенін ұғынады.
|
|
Керекті
жабдықтар
|
Оқулық, жұмыс дәптері,
суреттер,интерактивті тақта, стикерлер,
видеоролик.
|
|
Кіріспе
|
Ортаға шығып шаттық шеңберін
құрады.
Армысың алтын
күн,
Армысың асыл жер, Армысың
көк аспан,
Армысың жан
досым.
Жылуыма жылу
қос.
Міне менің
қолым.
Балалар бір-біріне жылы
тілектер айтады.
-Ал қараңдар бәріңнің жүздерің
бал-бұл жайнап,көздерің күлімсіреп көңіл-күйлерің көтеріліп қалған
сияқты.
Көңіл күйлерің
қалай?
-Тамаша енді осындай көтеріңкі
көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Әуелі топтарға бөлініп
алайық.
Кәмпит үлестіремін. Кәмпиттің
түсіне қарай екі топқа бөлінеді.
Кім кезекші?Сыныпта кім
жоқ?
Сабақты бастамас бұрын топ
ережесін қайталап өтейік, бүгінгі сабағымызда бағалау қандай
формада жүретіндігі туралы айтып кетейін.
-Тақтада әрқайсыңның
аттарың жазылып тұр. Әрбір тапсырма бойынша стикер жапсырып
отырамын.Кім бес тапсырма бойынша жауап береді сол бес алады, кім
төрт тапсырмаға жауап береді сол төрт алады
т.б.
Сондай ақ біз бүгін үздік
топты анықтаймыз.Мен мына қолымдағы текшелерді жақсы жауап берген
топтарға беріп отырамын.
Сабақтың соңында текшелер
санына байланысты көшбасшы топты
анықтаймыз.
-Үйге қандай тапсырма
берілді?1-тапсырма
Үй тапсырмасын
сұраймын.
/Стикерлер
үлестіремін,
бағалаймын/
-Жақсы,рахмет.
|
Оқушылар ортаға шығып ,шаттық
шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектер
айтады.
Жақсы көңіл-күймен топтарға
бөлінеді.
Топ ережесін
қайталайды.
Бағалау формасымен
танысады.
Оқушылар үй тапсырмасын
айтады, бір-біріне сұрақтар қояды.
|
|
Тұсаукесер
|
Жетелеу
сұрақтары:
-Балалар , мен сендерге қазір
жұмбақ жасырамын,сендер шешуін табасыңдар.
Түнде жанып
тұрады,
Сөнеді Күн шыққанда
(Электр шамы)
Төрт аяғы болса
да,
Етік киіп
көрмеген.
Жалқаулығы
соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.
(Стол)
Ән салады
чемоан,
Ішінде тұр көп
адам.
Естімейді
сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған.
/Теледидар/
Аузында екі
қақпақ,
Адам оны ашып
жаппақ.
Қаншалық киім
–кешек,
Ішінде қойған сақтап.
/шкаф/
Жұпар
иісті,
Бөлменің
сәні,
Мекені терезенің
алды.
/гүл/
Бір нәрсе төрт аяқты, екі
басты.
Көтеріп адамзатты көңіл
ашты,
Бір адым жерге өзі бара
алмайды
Аяғы болса дағы қозғалмасты.
/кереует/
-Балалар қалай ойлайсыңдар
мына заттардың бәрі қайда болады?
-Бөлмеде.
-Дұрыс, біздің бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Менің бөлмем.»
Грамматикалық тақырыбымыз
«Тәуелдік жалғау»
Сабағымыздың
мақсаты: Тақырып бойынша өз бөлмесі
туралы сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білуге, жаңа лексиканы
қолданып, әңгімелеуге үйрену.Тілдерің, коммуникативтік
білім-біліктерің дамуы. Өз бөлмелерінді құрметтеуге, оқу құралдарын
таза ұстауға тәрбиелеу.
|
Жұмбақтар жасырамын, балалар
шешуін табады, сол шешулері арқылы жаңа тақырыпты
табады.
Сабақтың мақсатымен
таныстырамын.
|
|
Негізгі
бөлім
|
1-топ Дауысты дыбыстан кейін
қандай жалғау жалғанады?
2-топ Дауыссыз дыбыстан кейін
қандай жалғау жалғанады?
-Бәріміз оқулығымызды ашамыз.
40 бет, 1-тапсырма.
Мәтінді
оқимын.
Бір-бір сөйлемнен екі топ
кезектесіп оқиды.
2-тапсырма
1-топ сұрақ құрады ,2-топ
жауап береді.
3-тапсырма
1-топ мәтін бойынша жұптасып
диалог құрады .
2-топ мәтінді
мазмұндайды.
Сергіту
сәті
4-тапсырма
1-топ жұмбақтан шешкен бөлме
заттары туралы әңгімелейді.
2-топ сурет бойынша
әңгімелейді
5-тапсырма
Бөлме және
шам деген екі сөзді
тәуелдейді./жекеше және көпше/
6-тапсырма
Постермен
жұмыс
1-топ Жатын және ас
бөлмесі.
2-топ Қонақ бөлмесі және
балалар бөлмесі бойынша постер құрады.
/қиынды суреттерді тауып
жапсырады/
7-тапсырма
1-топ Слайд бойынша сөздерді
сәйкестендіреді
2-топ Мына сызбалар бойынша
сөйлемдер құрады.
«Доп лақтыру» ойыны
арқылы сабақты
бекіту.
Слайд бойынша
сұрақтар қояды,жауап береді.
|
Екі топ ережені айтып
шығады.
Мәтінмен жұмыс
жасайды.Тізбекеліп оқиды, сұрақ құрады.
Жұптасып диалог
құрады.
Мәтінді
мазмұндайды.
Оқушылар сергіту сәтін орындап
біраз тынығып алады.
Бөлме заттары туралы
әңгімелейді.
Сурет бойынша әңгіме
құрады.
Тәуелдік жалғауды бекіту
мақсатында сөздерді тәуелдейді.
Қиынды суреттер бойынша постер
құрады, оны қорғайды.
1-топ сөздерді
сәйкестендіреді,2-топ сызбалар бойынша сөйлемдер
құрады.
Сұрақтарға жауап
беру арқылы сабақты бекітеді.
|
|
Қорытынды
|
Ал енді сендердің қандай баға
алғандарың туралы айтып өтейін .
Сабақтың көшбасшы тобын
анықтау.
Смайликтер үлестіріп
оқушылардың көңіл күйін сұраймын.
Тазалықты сақтау туралы
өлеңімен аяқтаймын.
Үй тапсырмасы.40
бет,1-тап.
|
Сабақтың соңында оқушылар осы
сабақ бойынша рефлексия жасайды.
Кері
байланыс .
Смайликтерге
өздерінің көңіл күйлерін салады.
|