400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Менің достарым

Материал туралы қысқаша түсінік
дос туралы ой аиту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

Күні: 22.10.2020

Сынып: 5 «Б»

№: 8

Мұғалімі: Молдағалиева Н.М.

Сабақтың тақырыбы: Мен – Адаммын!

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: өзін-өзі алдамау, байсалдылық, шыдамдылық.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларды өзін-өзі алдамауға үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды байсалдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. tarbie.org

2. bilim-all.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу.

«Біздің топтың жүрегі».

Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

Сабырлы жетер мұратқа 

Халық мақалы
Сұрақтар:                                                        

1. Сабырлы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп ойлайсыңдар?

3. Сабырлылық сақтағанда қандай күйде боласыңдар?

4. Өзің ұстамдылық таныту үшін не істедің?

5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Сабырлық пен ұстамдылық – адам бойындағы жағымды қасиет. Басқаның сөзін байыппен тыңдайтын,өз ашуын тежей білетін,әр ісін ақылмен шешетін адам.


4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы) видеомен көрсетіледі

«Шегенің ізі» (әңгіме)

Бір кездерде ашушаң және ұстамсыз жас жігіт болыпты. Күндердін күнінде оның әкесі оған бір қалташа шеге беріп, ол әр баса алмаған ашуынан кейін ағаш бағанаға бір шегеден қағып тұруын бұйырады.

Бірінші күні бағанаға жиырма шақты шеге қағылды. Бірте-бірте ол ашуын ұстауға үйрене бастады, әр күн сайын бағанаға қағылған шегелер саны азая бастады. Сөйтіп жас жігіт өз ашуын басқару, шеге қаққаннан әлдеқайда жеңілдеу екенін түсінді.

Енді ол өз ашуын толығымен басқара алатын күнге де жетті. Ол жетістігі туралы әкесіне айтты. Сонда әкесі баласына қарап, енді жігіт әр жолы ашуын басқара алған кезде, ағаш бағанадан бір шегеден суырып алуына болатынын айтты.

Бір күні жас жігіт әкесіне бағанадағы барлық шегелерді суырып тастағаны туралы айтып келді. Сонда әкесі баласын қолынан жетектеп бағананың қасына алып келіп:

- Сенің бұған шамаң келді, бірақ қарашы, бағанада қанша тесік қалды? Бұл енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайды. Міне, адамға жаман немесе ауыр сөз айтқанда да, онда осындай тесіктер сияқты адам жанында жараның орындары қалады. Адамнан қанша кешірім сұрасаң да, жараның орындары бәрібір кетпейді.

Сұрақтар:

  1. Өсиет әңгімеден өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

  2. Неліктен адамдарды ренжітіп, жанын жаралауға болмайды?

  3. Ешкімге қиянат жасамайтын адамның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  4. Өздерің қаншалықты ұстамды әрі сабырлы болып, ешкімге қиянат жасамауға тырысып жүрсіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

1-Тапсырма:Жағдаяттарды шешіңдер.
1.

Асханаға тамақтануға келгеніңде еденде шашылып жатқан нан қалдықтарын көрдің.
Сенің әрекетің?
2.

Мектеп дәлізінде келе жатқанда жерде жатқан қолғапты байқап қалдың.
Сенің әрекетің?
3.

Үйге кіреберісте көршілеріңмен кезігіп қалдың.
Сенің әрекетің?

2 - тапсырма: Адамның бойындағы жақсы қасиеттер тізімін жазу.



6. Топпен ән айту

Асан Пердешовтың «Достық» әнін орындаймыз.

Достықты сыйлаған,достарын қимаған,

Қуанған сәттерде достарын жинаған.

Іс туссе басыңа досыңнан жасырма,

Адал дос қалады қол беріп қасыңдааа.

Қайырмасы

Зырғып өмір өзен,

Орнында тұрмайды.

Жастық шақ өтеді,

Бір күн қол бұлғайды.

Сыйластық қалады,

Достар әлемінде.

Достық пен ынтымақ,

Болсын бар еліңде.

Достықтың нышашы сіз бізден басталған,

Ыстық дос құшағы сезілер ашқаннан.

Досың барда қайға қардай еріген,

Әнді достық жайлы шырқа менімен.

Қайырмасы

Сен адал досымсың берік сенімге,

Тек достар қосылсын өмір төрінде.

Кел досым жаныма өткенді еске алайық,

Балалық шағына кел бірге барайық.


8. Сабақтың қорытынды сәті. Кері байланыс


Сау болыңыздар!

































«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

















АШЫҚ САБАҚ

Тақырып: «Мен –адаммын»

5 «Б» сынып








Пән мұғалімі: Молдағалиева Н.М.






2020-2021 оқу жылы

Ашық сабақ барысында түсірілген суреттерден үзінді.


Picture 19 Сабақ барысыPicture 20

ТPicture 21 Picture 22 оппен ән айту


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі