400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Менің достарым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өзін-өзі тану 1-сынып Жақсымен дос болсаң, жетерсін мұратқа оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану 1-сынып

Мектеп: ШҚО Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 ЖОББМ» КММ


Сабақтың тақырыбы: Менің достарым. 

Қасиеттері: адамгершілікке, сыйластыққа, адалдыққа

Мұғалімі:Кудайбергенова Анар Калиевна

 Сынып: 1

Оқушылар саны: 22


Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық:оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік:оқушыларды достық жолында өзара түсіністікке, сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, , ән мәтіні


Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлелеу

Рахмет.


2. Дәйексөз « Жақсымен дос болсаң, жетерсін мұратқа» дәйексөзді ұлдар, қыздар жеке оқиды. Сыныппен барлығы бірге оқиды.

1. «Жақсы жолдас» деп қандай адамды айтамыз?

2. Мұратқа жету мағнасын ашу.


3.Үй тапырмасы бірге оқимыз «Достар»

1.Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2.Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады.?

3.Досыңның бойында қандай қасиеттерді көргің келеді ?


4.Жақсылық жасайық.

1тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

-Досыңның бойында қандай қасиеттерді көргің келеді?

-Өз бойыңда нағыз досқа тән қандай қасиеттер бар?

2.тапсырма.Жағдаятты шешу.

Дарқан дәулетті, бай адамның баласы. Өзі сондай ақкөңіл.Достары көп. Дарқан достарынан ештене аямайды. Әке- шешесінің берген ақшасына балаларға балмұздақ әпереді,ойыншықтар сыйлайды.Кенеттен Дарқанның ата-анасының жұмыстары қиындыққа ұшырап,олар ақшадан тарлық коріп жүреді.Дарқанда достарын сыйлыққа кенелте алмай жүр.Оның достары біртіндеп алыстай бастады.

Еген сендер Дарханның достарының орнында болсаңдар :

А) Дарханмен досссыңдар, алайда немқұрайлық қарым-қатынас жасайсыңдар.

Ә)Дарханмен дұрыс қарым-қатынасты мүлдем үзесіңдер.

Б)Дарханға көмек қолын созып, бұрынғыша дос бола бересіздер.


. 5.Топпен ән айту, «Дос болайық бәріміз».Өлеңін жазған Хасенхан Талғаров , сөзін жазған Ибрагим Нүсіпбаев..





6. Үй тапсырмасы: Құмырысқа. Ертегісін оқып келу.


7.Соңғы тыныштық сәтi.

Риясыз сүйіспеншілік –асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат.Адамның шынайылығыоның ақ ниеті, таза ойы,жылы сөзі және игі ісінен көрінеді.Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету-әрбір адамның парызы.Риясыз сүйіспеншілік –адамға берілген сый.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.01.2022
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі