400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің достарым" 1 «Ә»-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №28 «Ақбай» ЖОМ

Күні:

Мұғалімі: ТурдыбековаФ

Сыныбы: 1 «Ә»

Оқушылардың саны: 15

Тақырыбы: Менің достарым

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: достық, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының  мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып, бауырмалдық қасиеті туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы достық қасиетін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды достық жолында өзара татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті

НҰРҒА БӨЛЕНУ.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

№11 – сабақ. «Достар» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Сұрақтар:

1.Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2.Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады.?

3.Досыңның бойында қандай қасиеттерді көргің келеді ?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

« Жақсымен дос болсаң, жетерсін мұратқа»

Сұрақтар:

1. Достар қандай болу керек?



4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Адал достық

Ержасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барады, кітапханадан бірге барып кітап алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай бірге жүргені.

Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз, сол бақылау жұмысынан кейін екі достың арасынан бір сызаттың түскенін, мұғалімі де оқушылар да тез байқады.

Екеуі бір-біріне жоламайды. Ержасын өз бетінше сабаққа дайындалып отырады, ал Темірлан қоңырауда өзге сыныптағы балалармен ойнайтын болды.

Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті. Темірлан:

– Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуға дәптерін бермеді және өзің шығар деп қарамай қойды, мен енді онымен дос болғым келмейді, – деді.

Мұғалім шынайы дос туралы әңгімелесіп, түсіндірді.

Келесі күні оқушылар өз көздеріне өздері сенбеді. Ержасын мен Темірлан сабаққа бірге келді, сабақ соңына дейін жұптары жазылмады, олар адал достықтың мәнін түсіндірген ұстаздарына дән риза.


  • Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?

  • Өмірден алынған адал достық туралы мысалдарды білесіңдер ме?Айтып беріңдер.

  • Өздеріңнің адал достарың туралы айтып берсеңдер.


***



5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық тапсырма.

Оқушылар екі топқа біріктіріледі.

Тапсырма: оқушылар суреттерге қарап, сурет бойынша достарына қалай көмектесетіндіктерін сахналап көрсетеді


6. Топпен ән айту.

Дос болайық бәріміз!

Сөзін жазған: Х.Талғаров

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы: Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз!


7. Үй тапсырмасы.

№12 – сабақ. «Құмырсқа» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі