400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу пәні бойынша ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу

Күні: 12.11.

Сынып: 1

Мұғалімнің аты-жөні: Файзрахманова А.К

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Д дыбысы мен әрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Сөздегі дыбыс түрлерін оның ішінде дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстыларды ажырата алады;

  • дыбыстарды дұрыс айтады, қызметін түсінеді;

  • сөздің буыннан тұратынын түсінеді;

  • сөздегі буын санын анықтай алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Берілген сюжеттік сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады;

  • Жұмбақтардың шешімін тауып айтады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • берілген буындардан сөз құрастырып, оның мағынасын түсіндіреді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Ойлан тап ойыны арқылы оқушылар өздерінің ойларын айтады;

  • өткен әріптерді есіне түсіріп, қайталайды;

  • жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады;

  • сурет арқылы әрекеттерді сипаттайды;

  • сөздерді оқиды;

  • д әрпін үлгі бойынша дәптерге жазады;

  • д әрпі бар сөздерді атайды;

  • олардың сыни ойлауы дамып, өздігінен жұмыс

жасай алады

  • берілген буындардан сөз құрастырады

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: доп – мяч – bail, дос – друг,

дала – степь, домбыра – домбра, дастарқан – дастархан,

дәрі – лекарство

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тілдік стиль: әдеби

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Доп дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Онымен не істеуге болады?

  • Доп неден жасалады?

  • Доптың қандай түрлері болады?

Пәнаралық байланыс

Музыка, шет тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Д дыбысы мен әрпі

Алдыңғы оқу

Өткен әріптерді еске түсіріп, қайталау

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп көрейік.

Бүгін сауат ашу сабағымыздың шаттық шеңберін ойынмен бастайық. Балалар сендер ойынды жақсы көресіңдер ме? Біз «Ойлан тап» ойынын ойнаймыз. Менің қолымда доп бар. Мен допты қай балаға лақтырсам , сол бала менің қойған сұрағыма жауап беруі керек.

1.- Сауат ашу сабағында біз нені үйренеміз?

Сауат ашу сабағында әріптерді, дыбыстарды үйренеміз.

2. - Әріп деген не?

Әріп дегеніміз – дыбыстың таңбасы.

3. - Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауыссыз жіне дауысты болып екіге бөлінеді.

4. - Буын деген не?

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

5. - Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді: жуан және жіңішке.

Өткен әріптерді қайталау

Б

алалар, қазір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз.
Адасқан әріптерді өз үйлеріне салайық. Дауысты дыбыстарды қызыл үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге орналастырыңдар.
А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш, С, Ы, М, Қ, Ұ
Shape1

  • Жарайсыңдар, балалар!

Шаттық шеңбері







Сабақтың ортасы



№1 Тыңдалым.

Ойлан тап! Жұмбақ шешу

Тепсең жаны кіреді,

Айдағанға жүреді. /доп/


Он екі белбеулі,

Ән-күйі кернеулі. /домбыра/


  • Бұл жұмбақтардың шешулері қандай әріптен басталып тұр? («Д» әрпінен басталып тұр)

  • Дұрыс айтасыідар, ендеше, біз бүгін «Д» әрпімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.

«Д» әрпімен таныстыру

Суретпен жұмыс. Допты сипаттау.


Достары көп Мараттың,

Ойнайды олар аулада.

Ағасымен Болаттың

Барады олар тауға да.

- Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

- Бұны балалардан сұрап көрелік.


Дескриптор:

- Ойлан тап ойыны арқылы оқушылар өздерінің ойларын айтады;

- өткен әріптерді есіне түсіріп, қайталайды;

- жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады;

- сурет арқылы әрекеттерді сипаттайды;

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әнімен билету

бейнекөрініс

Қызықты тапсырма












Топқа бөлу







№2 Оқылым

Да-ла ау-ла Да-на Ду-лат

Да-ла-да ау-ла-да Да-на-да Ду-лат-та


ДShape3 Shape2 алада ауа . Дана, Дулат аулада. Олар

оShape4 йнады. Дана, Дулат – .


№3 Жазылым

Дәптермен жұмыс

  1. «Д» әрпін ауада жазу

  2. «Д» әрпін үлгі бойынша жазу

№4 Айтылым

«Д» әрпі бар сөздер айтқызу.

Топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырма

Оқушыларды геом. фигуралар (үшбұрыш және шаршылар) арқылы 2 топқа бөліп, сурет бойынша әңгіме құрату

Топ мүшелері жұмыстарын өзара бағалайды.


Жұптық жұмыс. Буындардан сөз құрастыру

Да-ла, дом-бы-ра, дас-тар-қан, дә-рі, ди-ван


Дескрипторлар:

- сөздерді оқиды;

- д әрпін үлгі бойынша дәптерге жазады;

- д әрпі бар сөздерді атайды;

- олардың сыни ойлауы дамып, өздігінен жұмыс

жасай алады

- берілген буындардан сөз құрастырады;

- жұмыстарын өзара бағалайды.

Оқулық, дәптер


Суреттер













Геометриялық фигуралар



Кеспе қағаздар

Қосымша ақпарат


Сен білесің бе? «Ең үлкен диван»

Сендер әлемдегі ең үлкен диван туралы естідіңдер ме?

Ең үлкен диван қазір Лондон қаласында. Бір қызығы, аталмыш жиһазды ағаштан емес құмнан құрастырған екен. Ұлыбританияның Темза жағалауында орналасқан алып диван әлемдегі ең үлкен жиһаз саналуда.

Диванның суреті

Сабақтың соңы


- Балалар,  бүгін біз қандай әріп таңбасымен  таныстық?
- «Д» дыбысы дауысты ма, әлде  дауыссыз ба?
- Кім «Д»  дыбысынан  басталатын  сөздер айтады?
- «Д»  дыбысы  сөздердің  қай жерлерінде  кездеседі?

Рефлексия. Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін бас бармақ арқылы көрсету






Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау:

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалау,

  • жұлдызша арқылы;

  • жарайсыңдар деп мадақтау;

  • смайликпен өзара бағалау.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл-күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Тексерілді:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі