400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Менің досым 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мұғалімдеріне керек, сабақта қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің досым

Жарияланды 18-10-2014, 22:39 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің досым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жаңа тақырып өту арқылы грамматиканы қайталау және достық туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Диалог, монолог арқылы ауызекі тілін дамыту, берілген сөз, сөз тіркестерінен сөйлем құрай білу, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Достық қарым — қатынас жасауға тәрбиелеу, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: ән - күй, өзін - өзі тану.

Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу.
Амансыз ба, жер ата!
Амансыз ба, күн ана!
Амансыз ба, достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
- Кезекшімен сұхбаттасу.
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын ата.
- Үйге қандай тапсырма берілді?

Мотивация кезеңі:
Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін, слайд шоу өткізу. Сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс.
Сабақтың барысы
Психологиялық жағдай:
- Балалар, бүгінгі сендердің көңіл - күйлерінді осы смайликтер арқылы білеміз.
- Дыбыстық жаттығу:
1. Қазақ тілінде неше әріп, дыбыс бар?
2. Фонетика нені зерттейді?
3. Дауысты дыбыс нешеу?
4. Дауыссыз дыбыс нешеу?
5. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
6. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
Ал осы тән дыбыстарды дұрыс айту үшін, дыбыстық жаттығуды өткіземіз.
Үлкен 
тыңдаЙды 
әЖе 
Ұзын 
көМектесу 
достЫқ 
Сенімді 
нағЫз
а) мұғалім оқиды
ә) хормен оқу
б) қандай сөз шығады?
- Балалар, үй жұмысы қандай болды?
- Дұрыс, үй жұмысы нәтиже сабақ орындау болды.
- Балалар, топқа бөлінейік.
1 - Топ «Том и Джери». Мұғалімге айтады О - М
2 - Топ «Леопольд мысығы». Бір - біріне айтады. О - О
3 - Топ «Қасқыр мен қоян». Сыртта тексереді. О - О

Жаңа сабаққа кіріспе:
Ал қазір слайд көрейік.
Балалар, сендер Том и Джери. Кот Леопольд, Қасқыр мен Қоян деген мульфильмдерді білесіңдер ме?
Не туралы? Олардың мінездері қандай? Кім жақсы?
Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің досым».

Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақтың мақсаты: достық туралы түсініктерімізді кеңейту.
Енді балалар жаңа сөздермен жұмыс жасаймыз. Тақтада сөздер орысша жазылған, сендер осы сөздерді қазақшаға аударыңдар.
1 - топ
Высокого роста
Короткий
с тонким прямым носом
2 - топ
занимается
умный
красивый
3 - топ
способный
верный
примерный
Енді осы сөздерді аударайық, сөз тіркесін құрастырайық.
Бойы ұзын – высокого роста
Қысқа – короткий
Қыр мұрынды – с тонким прямым носом
Ақылды – умный
әдемі – красивый
сенімді – верный
әдепті – примерный
зерек – способный
айналысады – занимается
Сергіту сәті: «Күздік масаны» ұстау. «Полет шмеля» Римский Корсаков
«Тыңдайық та, ойлайық» - проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.
Мәтін «Менің досым» - аудирования
1 - топ сұрақтарға жауап беру.
2 - топ аударады. (сөздік арқылы аудару)
3 - топ көп нүктенің орнына керекті сөзді қою.
Менің досым есть. Оның аты – Берік. Ол он жаста. Беріктің бойы ұзын, шашы қара, қысқа. Қыр мұрынды. Берік спортпен айналысады. Ол бос уақытында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды. Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.
Осы жұмысқа 5 минут беремін.
1 Берік неше жаста?
2. Беріктің бойы, шашы қандай?
3. Берік немен айналысады?
4. Берік бос уақытында не істейді?
5. Беріктің мұрыны қандай?
6. Берік не ойнағанды жақсы көреді?

Жарайсыңдар!
Енді осы мәтіннің ішінен буындарды табайық.
Ашық буын - аты, бойы, қара, қысқа, оқиды жаста, шашы
Тұйық буын - ол, от, ат, ас
Бітеу буын - тоғыз, бар, ұзын, қыр, бос, кітап, шахмат
Енді осы тірек сызба арқылы достарыңыз туралы
1 - топ диалог құрастыру
2 және 3 топ - монолог

Ал енді өз дос туралы кім монолог, диалог айтып береді?
Бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар, сабағымыздың келесі кезеңі – тест арқылы өз білімдеріңді тексеру.
Бекіту. Тест
1. Менің досым.....
а) сенімді ә) қанатты б) көрнекті
2. Дос алтыннан да.......
а) арзан ә) тегін б) қымбат
3. «Достық» сөзінің аудармасын тап.
а) дружный ә) дружба б) подруга
4. Жүз теңгең болғанша,....
а) болмасын ә) құс б) жүз досың болсын
5. Берік неше жаста?
а) тоғыз ә) сегіз б) он
Жауабын тексеру
1) а
2) б
3) ә
4) б
5) б

Үйге тапсырма
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау!
Хор: «Жан досым» әні
Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: Менің досым

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 

Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру 

                 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету  

                 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу. 

Сабақтың  көрнекілігі: суреттер, тест тапсырмалары, түрлі-түсті жүрекшелер, үй макеті,    кәртішкелер

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, іздену

Пәнаралық  байланыс: орыс тілі, әдебиет

САБАҚТЫҢ  БАРЫСЫ:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі  1-2 мин.

1. оқушылармен  сәлемдесу

2. сабақта жоқ  оқушыларды белгілеу

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Қайталау сұрақтары арқылы өткен материалдар бойынша түсініктерін тексеру

 

ІІІ. Жаңа  тақырыпты түсіндіру.

І. Сәлемдесу.

Оқушылар хормен:  Үлкенге де «Сіз»,

                                   Кішіге де «Сіз».

                                   Бар адамға құрметпен,

                                   Бас иеміз біз.

Шаттық шеңбері .

«Мен қандаймын?» тренинг

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!

- Балалар, бүгінгі  сабағымызда біз «Достық» аялдамасына тоқтап , бұл аялдамада «Достық - татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз.

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Жаттығу «Досымды тауып беріңдерші?»

Нұсқау: Шеңбер бойында отырған оқушылардың біреуі ортаға шығып, осы жерде отырған бір досының қасиеттерін айтып, сипаттап береді. Басқалар ортадағы адамның досын табады.

Кітаппен жұмыс:

Сөздікпен танысу.

1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқу,сұрақтарға жауап беру.

1. Берік неше жаста?

2. Оның бойы, шашы қандай?

3. Берік немен айналысады?

4. Ол бос уақытында не істейді?

«Дос»  сөзіне Венн диаграммасын жасау

 

«Достық.Бірлік.» үйін салу.

- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер

1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

2. Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

3. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

5. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Сергіту сәті 

Орнымыздан тұрамыз, 

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір, 

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз, 

Гүл - гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ, 

Жақсы сергіп қаламыз.

Достар тату - тәттіміз, 

Болса қолда тәттіміз, 

Біз бөлісіп жатамыз, 

Бәріміз дәм татамыз.

2-жаттығу .Берілген үлгі бойынша өз досыңды суреттеп жаз.

 

Достық туралы мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тап:

Жаман жолдастан таяғым артық

Крепкая палка лучше плахого попутчика

Күлме досыңа –келер басыңа

Над бедой друга не смейся, тоже может случиться и стобой

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Дружи с тем, у кого приятелей много, откровейничай с тем, у кого друзей мало.

Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы

Одежда хороша новая,

А друг старый.

Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.

С добрым человеком сдружишься-цели своей достигнешь,

С дурным сдружишься – в дураках останешься.

 5-жаттығу. Логогрифті оқып, қарамен жазылған сөздерді аудару.

Сенімді дос,

Отырма бос

Екіге екіні қос,

Жауабын тос.

Дос-друг, бос- свободный, қос- прибавь, тос-жди.

Жаттығу – ойлану.

1. Берілген сөздерді пайдаланып достық, бірлік тақырыбына өлең құрау.

Менің елім ------------

---------- ---- жарасқан.

Ту ғып ұстап ---------------

------- ---------- алыстан.

Жаттығу «Достық пен бірлестік қоржыны»

Нұсқау: тақтадағы бағанады сөздерден достық пен бірлестікке тән қасиеттерді тауып қоржынға салыңдар.

Еңбек, өзара сыйластық, шыншылдық, сүйіспеншілік, мейірімділік, кешірімділік, жауапкершілік, түсіністік, қамқорлық, адалдық, әдептілік, күлкі, өтірік айту, жалғандық, қастық, сенімділік.

«Жүрек жылуы» тренинг

- Балалар, қараңдаршы, мына сиқырлы түрлі - түсті баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын беріп тұрмын.Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.

- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?

- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?

- Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

Кирилл  - Менің жүрегім қамқоршы

Алексей: - Менің жүрегім жылы.

Екатерина Б - Менің жүрегім қуанышты.

Данил - Менің жүрегім адал.

Елена: -Менің жүрегім нәзік.

Гунель - Менің жүрегім сыпайы.

Анатолий - Менің жүрегім батыл.

Илья - Менің жүрегім ыстық.

Хамит: - Менің жүрегім жұмсақ.

Аида - Менің жүрегім жақсылыққа толы

Глеб - Менің жүрегім бақытты.

Екатерина Я - Менің жүрегім қайырымды.

                       - Менің жүрегім сезімтал.

 - Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық.

/ алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу /

ІV. Жаңа  тақырыпты бекіту: 

Мұқағали Мақатаев:

Дос болам десең,

Досымды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын

(Сұрақтар арқылы сабақ бойынша түсініктерін бекіту) 

V Үйге тапсырма.  

1. 3-жаттығу (жаңылтпаш жаттау)   

2. Сөздік жаттау

3. 4-жаттығу (Тиісті жалғауды жалғап жазу)    

VІ  Бағалау






«Мен және менің досым» көптік жалғау сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі 
Сынып: 5 
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің досым» көптік жалғау 
Сабақтың типі: дәстүрлі 
Сабақтың түрі: аралас 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: грамматикалық тақырып- көптік жалғауына байланысты әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы білімдерін бекіту, дамыту және тереңдету 
Дамытушылық: Сөйлемдер құрау, тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, білімдерін көтеру және дамыту 
Тәрбиелік: Бір- бірін сыйлауға, достың қадірін білуге, досына әділ баға бере білуге жол көрсету 
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 
ІҮ. Қортындылау 
Ү. Үйге тапсырма беру 
ҮІ. Бағалау 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 
Дәсптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, жаңа сабақтың тақырыбын жазып қойындар. 
1- Тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құрандар. 
 

 

Түбір Сөздің соңғы дыбысы (конечный звук слова) 
Дауысты және үнді р,й,у Ұян з, ж және үнді л, м, н, ң Қатаң дауыссыздар және ұяң б,в,г,д 
Жуан -лар 
Бала-лар -дар 
Адам-дар -тар 
Дос-тар 
Жіңішке -лер 
Кісі- лер -дер 
Көз-дер -тер 
Мектеп-тер 

2- Тапсырма. Көптік жалғауын жалғандар 
Дос 
Құрбы -лар 
Бала -лер 
Қыз -тар 
Кітап -тер 
Мұғалім -дар 
Мектеп -дер 
3- Тапсырма. Мәтінді оқып мазмұнын айтындар. 
Менің Данияр деген досым бар. Ол - оқу озаты.Жақсы жлдас. Мінезі ашық, қайырымды. Сондықтан да оны сыныптастары, жолдастары , мұғалімдер – бәрі жақсы көреді. Ол барлық жұмысқа белсене қатысады. Сыныптастарына үнемі көмектеседі. 
Ү. Үйге тапсырма беру: 
1. Сөздік жаттау. 
2. «Дос» туралы шығарма 
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. 

Нәтиже сабақ 
1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 
1. Көптік жалғау денег не? 
2. Көптік жалғауларын ата? 
3. – лар, -лер жалғаулары қандай дыбыстырдан кейін жалғанады? 
4. –дар, -дер жалғаулары қандай дыбыстардан кейін жалғанады? 
5. –тар, -тер жалғаулары қандай дыбыстардан кейін жалғанады? 
6. Өзің туралы айт 
7. Досың туралы айт 
8. Досыңмен бос уақытыңды қалай өткізесің? 
9. Достық туралы қандай мақал-мәтел, өлең білесің? 

2- Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер. 
1. Сызбаны толтыр: 
 
2. Дұрыс жауабын тап: Досымның көзі ... . 
а) ұзын 
ә) сыпайы 
б) қара 
3. –лер, -дер- тер, жалғаулары жуан ба? 
а) иә 
ә) жоқ 
4. Мына сөздерден сөйлем құра: мейірімді, досым, менің. 
5. Сөздерді аудар: 
1. сверстник- шашы 
2. характер - мейірімді 
3. добрый - құрбы 
4. волосы- мінез 
ҮІ. Үйге тапсырма беру : 
Көптік жалғауларды қолдана отырып «Досыммен кинотеатрға барған кезім» деген тақырыпта шығарма жазу. 
Ү.Бағалау. Белгішелер бойынша бағалаймын.





Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің досым. 
Сабақ мақсаты: 1. Тақырып бойынша алған білімдерін бақылау;

2.Жүйелі ойлау дағдыларын дамыту. Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуға икемділіктерін, дағдыларын дамыту;

3. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Алған білімді жинақтау.
Сабақтың әдісі: Жарыс, сұрақ - жауап, ойын, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық: Шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне жақсы тілектер айту.
Қайырлы таң достым! Қайырлы күн құрбым! Қуанышқа толсын бұл - күн!

Сәттіліктер сенімен болсын! Күнделігің беске толсын!



ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Достық» тақырыбына мақал - мәтелдер жаттап келу.

«Доп лақтыру» ойыны арқылы бір оқушы мақалдың басын бастап, екіншісі жалғастырады. Мысалы: 1-оқушы: Досы көпті- 
2-оқушы: жау алмайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді. Тақтаға ілінген түрлі гүлдерді алуларына байланысты 2 топ құрылады «Ізеттілік», «Мейірімділік»
Топтардың атауы анықталған соң топ басшылары сайланады.
1. 
«Көсіле сөйлеу- өнерім» айдары бойынша жұмыс.

«Достық» тақырыбына мақал - мәтелдер жарысы. Интербелсенді тақтаға жазылған мақалдардың жалғасын айту. Дұрыс табылған мақалға бір ұпайдан беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Дос егіз - ...

Доссыз адам- ...

Адам досымен.... 
Досы көппен сыйлас - ...

Жолдасы көптің -.... 
Досыңды мақтағаның -.... 
Досы жоқ адам -....

2. 
«Тапқырларым не дейді?» Тапсырма: Әр топқа постер беремін. Олар берілген сөздің соңғы дыбысына байланысты жаңа сөзді тауып жазу керек. 6 минут ішінде кем дегенде 10 сөз жазу. Тақтада қорғау. Жұмысқа қойылатын шарт: 1- таза, әдемі жазылуы.

2- қорғаушы анық сөйлеп, дұрыс оқуы керек.

Мысалы: Сыйластық - қайырымдылық т.б.

«Ізеттілік» тобына «Бірлік», ««Мейірімділік» тобына «Бақыт» сөзі берілді. Әрі қарай оқушылар өздері жалғастырып әкетеді. Ең көп сөз айтқан топ жеңіске жетеді, әр сөзге бір ұпайдан беріледі.

3. 
«Қазақша сайраймын» айдары. Дәптермен жұмыс. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аудара отырып мәтін құрастыру. Әр топтан кез келген 2 -3 оқушыны тұрғызып, мәтінің тығдаймыз. 1. Моя подруга 2. Пример 3. Добрый 4. Умный 5.Рост 6.Смелый 7. Младший 8.Хобби 9. Красивый. 10.Характер 11.Заболтивый 12.Высокий. 13.Волосы. 14.Глаз. 

4. 
«Кімнің ойы жүйрік» Топ басшылары сайысы. Топтың басшылары шығып, кезектесе отырып, бір- біріне сипаттама береді. Әр дұрыс айтылған, дұрыс құрылған сөйлемге оқушылар қол соғады.

IV. Бекіту: Ережеге мән беру! Қосымшаның неше түрі бар?

1.Топ басшысының нұсқауы бойынша әр топтан 1 оқушыдан тұрып ережені айтады.

2. Тақтадағы берілген екі сөзді септеу «Мейірімділік» тобына "Кітап" сөзі,

«Ізеттілік» тобына " Білім" сөзі.

V. Қорытыдылау. Топ білімдері ұпай саны бойынша анықталады. Сондай-ақ оқушылар "Екі жұлдыз, бір тілек" айдарымен өздеріне сабақтан алған әсерлерін, не тілектерін стикерге жазып, іліп кетеді.

VI. Үйге тапсырма: Кітапша жасауға "Менің досым" суреті мен сипаттамасы болуы шарт.

VII. Бағалау







Урок 1

Приветствие

Школа:

Присутствующие:

Дата:

Ф.И.О. преподавателя:

Отсутствующие:

Класс: 1



Цели обучения, которым посвящен урок

1.1.1.1. Внимательно слушать, понимать речь и правильно реагировать на нее (использование мимики и жестов, выполнение действий)

1.1.2.1. Понимать значение знакомых слов, имеющих отношение к повседневной жизни

Учебная цель

Уметь слушать, понимать речь и правильно реагировать на нее.

Знать и применять слова приветствия в речи

Предполагаемый результат

Все учащиеся смогут:

Называть ключевые слова приветствия, подражать жестикуляции других;

Повторять слова и фразы за учителем;

Составлять простые фразы приветствия;

Понимать значение изученных слов, фраз.

Большинство учащихся смогут:

Составлять диалоги – знакомства (2-3 фразы);

Внимательно слушать речь других учащихся, вносить коррективы;

Понимать значение слов-приветствий в предложении.

Языковая цель

Полиязычие:

Привет, Салем, Hello.

Используемый язык для диалога/письма на уроке:

Как тебя зовут?

Меня зовут…


Материал прошедших уроков

Учащиеся могут иметь лексическую базу знаний по данной теме на родном языке

План

Планируемое время:

Запланированная деятельность

Ресурсы

Начало урока 10 минут

  1. Оргмомент

Приветствие учащихся. Сообщение темы урока



  1. Актуализация знаний

Учитель начинает урок с чтения стихотворения Татьяны .Лавровой «Здравствуйте!», устанавливая доброжелательные отношения между детьми.



Здравствуйте!, я говорю вам, здравствуйте!

Доброго здоровья, люди вам!

Каждый день и час желаю - здравствуйте!

Я для вас тепло души отдам.

Здравствуйте, я говорю вам, здравствуйте!

Всем родным, знакомым и друзьям.

Будьте счастливы и просто – здравствуйте,

Мира, радости и процветанья вам!



После чтения обращается внимание на то, что выражение доброжелательности через произнесение слов – приветствий показывает детям, что их любят. И они, проникаясь этой искренней симпатией, сами стремятся радовать добрыми словами окружающих.

Картинки «Дети здороваются»





Карточки сос словами «Здравствуйте», «привет», «меня зовут и др»







Уроки радионяни «Вежливые слова»,

presentacii.com/detskie/2755-strana-vezhliwosti.html

Середина урока 20 мин.

  1. Ознакомление с новым материалом.

Просмотр презентации «Вежливые слова».

Работа по презентации. Назовите слова приветствия. Проиграйте эти слова друг с другом.

Затем учитель приглашает детей в круг и предлагает поздороваться друг с другом с помощью ладошек, каждый из детей делает хлопок, прикасается к ладоням своего соседа слева или справа и говорит: «Здравствуй, это Я… (называет свое имя)», «Привет, меня зовут…»

Ф. Рассматривание иллюстраций.

Приветствуют друг друга с помощью жестов, мимики или просто копируют слова /фразы (учитель обращает внимание на ключевые слова с помощью больших букв и часто при этом ссылается на слова – имена собственные).

П. Повторяют предложения

Составляют диалог – знакомство по образцу:

- Привет!

- Привет!

-Как тебя зовут?

- Меня зовут Асия. А тебя?

- меня зовут….



(Аналогично составляют диалог мальчики, мальчик с девочкой и т.тд.)

Чтобы облегчить понимание фраз, учитель синхронно переводит фразы на родной язык.

4.Закрепление изученного материала.

(Ф) Дети, работая в паре, здороваются, обращаются к разным людям:

Другу: Привет!

Взрослому: Здравствуйте!

Ровеснику: Здравствуй!

(П)

1 вариант

Составляют диалог, как можно говорить по мобильному телефону

2 вариант

Учитель задает вопрос на казахском языке, а ученик отвечает на русском.

(Ф) Игра «Знакомство».

Учитель называет фразу (например, «Привет!»), а ученик показывает жестами и мимикой (вариант фраз: «Здравствуй» (имя), «Здравствуйте» (имя, отчество),

(Г) Ребятам предлагается составить предложение по картинке.

Дети рассматривают картинки, дают имена героям, составляют диалогэ

5.Рабата в рабочей тетради.

*Посмотри картинку и скажи, как приветствуют малыши друг с другом. Покажи свои приветствия.

*Заштриховать предметы любым способом




Презентация «Вежливые слова»

presentacii.com/detskie/2755-strana-vezhliwosti.html





Песня «Привет»











Учебник, задание 1.

Сюжетные картинки





Учебник, задание 4















Индивидуальные карточки слов на русском и казахском языках











Учебник, задание 3











Учебник, задание 5







Сюжетные картинки



Рабочие тетради




Конец урока 5 мин

5.Итог урока.

(К,Ф) Каждая группа демонстрирует свое приветствие всему классу. Другие учащиеся внимательно слушают и оценивают с помощью жестов или комментария




3-БӨЛІМ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 4-САБАҚ

Тақырыбы: Сен не істейсің?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа катыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өзінің не істейтінін (істемейтінін) айта алады (доп ойнайтынын және сурет салатынын) және өзімен қатарлас баладан не істейтінін сұрай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Сен не істейсің? деген сұрақты қоя алады және осы сұраққа өткен материал деңгейінде жауап бере алады.





Кейбір оқушылар:

Өзінің не істейтіні туралы қосымша ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Оқушылар сөйлесу үлгісі арқылы «Сен не істейсің?» деген сұрақ үлгісімен және «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар бұл сөйлемдерді осындай құрылымдық үлгіде есте сақтайды.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларға «Сен не істейсің?» деген сұраққа жауап болатын «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» сөйлемдерін бояу, қарындаштар және доп суретімен байланыстыра қайталатады. Осы сөйлемдерді тірек заттар немесе тірек сурет бойынша есте сақтауға көңіл бөледі. Оқушыларға осы тірек заттарды беріп, олардың не істейтіндерін сұрайды. Содан кейін мұғалім оқушыларды осы сөйлемдердің болымсыз түрімен таныстырады. Оқушылар сурет саламын - сурет салмаймын, доп ойнаймын - доп ойнамаймын деген құрылымды үйренеді. (Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар өзара телефонмен сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Берілген үлгі бойынша өздерінің не істейтіндері туралы сөйлеседі. Үлгі:

- Сәлем, Юра!

- Сәлем, Асқар! - Халің қалай?

- Жақсы, рақмет! Сенің халің қалай?

- Жақсы! Сен не істейсің?

- Мен доп ойнаймын. Сен не істейсің?

- Мен сурет саламын.

(МК, Ұ) 4-тапсырмадағы сұраққа оқушылар өз қалауы бойынша не істейтінін айта алады. Бұл сұрақты мұғалім оқушыларға немесе оқушылар бір-біріне қоя алады. (ОТ) Мұғалім үстелдің үстіне допты және түрлі түсті қарындаштар (сурет дәптерін) қояды. Содан кейін бір оқушы шығып, өз қалауы бойынша бір затты таңдап алады.

Сол бойынша мұғалімнің «Сен не істейсің?» деген сұрағына жауап береді.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық

Аудиодиск:

3.4.1.;3.4.2.;

3.4.3.

Доп,

түрлі түсті қарындаштар, (сурет дәптері).

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 3.4.

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:

















































































3-БӨЛІМ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 5-САБАҚ

Тақырыбы:

Менің

достарым

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты - жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Достары не істейтіні/істемейтіні туралы айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Өздерінің достары немен айналысатыны туралы өткен және осы сабақта үйренген материал негізінде өзара тілдесе алады, етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

Достары не істейтіні туралы сабақта үйренгендерінен тыс қосымша ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 - тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Оқушылар берілген сөйлеу үлгісі арқылы Нұрбектің достары туралы ақпарат алады: олардың аты, олардың не істейтіні туралы. Оқушылар Нұрбектің сөзінен Әсеттің сурет салатынын, Юраның футбол ойнайтынын, ал Арманның велосипед тебетінін біледі. Мұнда мұғалім оқушылардың назарын доссөзінің көпше түрде (тәуелдік жалғауының I жағында) қолданылуына аударады. «Велосипед тебеді» тіркесінің мағынасын түсіндіреді. Сондай-ақ етістіктердің (I жақта) қолданылуына назар аударады.

Салыстырмалы түрде грамматиканы түсіндіреді. Мысалы:

Мен сурет саламын. Ол сурет салады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларға кесте бойынша

етістіктердің I жақта қолданылуын тағы бір рет түсіндіреді. Сондай-ақ оқушылардың назарын велосипед тебеді деген тіркестегі велосипед сөзін коньки, шаңғы, сөздерімен

алмастырып қолдануға болатынына да аударады.

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларды

етістіктердің болымсыз түрімен таныстырады.

Оқушылар мына үлгіде айта алуға жаттығады: сурет салады

- сурет салмайды, футбол ойнайды - футбол ойнамайды,

велосипед тебеді - велосипед теппейді.

(Ұ) 3-тапсырма бойынша оқушылар жоғарыда берілген

етістіктерді суреттің қасына қойылған белгілер (х,-*0

бойынша болымды, болымсыз түрде (III жақта) толықтырып

айтады. Мысалы: Ол коньки тебеді. Ол сурет салмайды

т.с.с.

(ОТ) Мұғалім тақтаға екі белгіні іледі (*У). Содан кейін тақтаға шыққан оқушыға суреттерді таратады (футбол добы, түрлі түсті қарындаштар, велосипед, коньки, шаңғы, шахмат). Бала осы тірек суреттерді өзінің досы не істейтініне/істемейтініне байланысты екі белгінің астына жапсырып шығуы керек. Содан кейін етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолданып, өзінің досы туралы айтады. Мысалы: Менің досым сурет салады, коньки, шахмат ойнайды. Менің досым сурет салмайды, футбол ойнамайды, велосипед, теппейді. Осындай тапсырманы әр оқушы өзі туралы да ақ қағазға жасай алады. (Ұ) 4-тапсырмада оқушылар Нұрбектің достары туралы мәтінді тыңдайды. Осы мәтін негізінде өз достары туралы (олардың не істейтіндерін) әңгімелейді. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық

Аудиодиск: З.5.1.; 3.5.4.

Суреттер: футбол добы, түрлі түсті қарындаштар, велосипед, коньки, шаңғы, шахмат.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 3.5.

Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:































































































3-БӨЛІМ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 6-САБАҚ



Тақырыбы: Кел, қайталайық!

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа катыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік жіктік септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

3-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

3-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

3-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 3-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды.

Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі. (Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады: Бұл кім? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада отбасы мүшелерінің суреті болуы керек). Халің қалай? Сенің ағаң (әпкең, інің, қарындасың/сіңлің бар) ма? Сен неше жастасың? Сенің досың қандай? Сенің досың неше жаста? Сенің досың не істейді? Сен не істейсің?

(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады. (Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

- отбасы мүшелерін атай алу (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас/сіңлі);

- өзінің ата-әжесі, ата-анасы, аға-әпкесі, іні-қарындасы (сіңлісі) туралы айта алу (Бұл -менің әкем/анам. Оның аты -... . Ол күшті/ақылды/ әдемі);

- өзінің досы туралы айта алу (оның аты, жасы, қандай екені, нешінші сыныпта оқитыны, не істейтіні туралы айта алу;

- өзінің атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, не істейтінін айта алу дағдылары қалыптасуы қажет.

Оқулық

Аудиодиск:

3.6.1.

3.6.2.

3.6.3.

3.6.4.



(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

№1 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:















4-БӨЛІМ: БІЗДІҚОРШАҒАН ӘЛЕМ 76-САБАҚ

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу

бағдарла-масына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.4. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Үй жануарларын атай алады, олардың санын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша сөйлесе алады, үй жануарларына қатысты сұрақты дұрыс қоя алады.

Кейбір оқушылар:

Үй жануарлары туралы қосымша мәлімет біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ү) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тап-сырмада берілген сөйлемдерге аударады. Осы үлгі арқылы оқушылар үй жануарларын атай алуға үйренеді, мысалы, Мынау - түйе. Мынау - жылқы. Мынау - қой. Мынау - ешкі. Мынау - сиыр. Оқушылармен суреттер бойынша сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. (МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қолданып сұраулы сөйлемді қалай айту керек екенін үйретеді. Оқушылар Мынау сиыр ма? Мынау жылқы ма? Мынау қой ма? Мынау түйе ме? Мынау ешкі ме? деп айтып жаттығады. Мұғалім бұл сұрақтарға Иә немесе Жоқ деп жауап беру керек екенін еске салады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларды үлгі бойынша сөйлесуге үйретеді. Оқушылар «Иә, бұл - сиыр», «Жоқ бұл сиыр емес» деп жауап бере алуға үйренеді. Мұғалім алдын ала үй жануарлары бойынша карточкалар дайындап қояды, оқушыларға таратып береді. Оқушылар жұптасып, сұрақ қойып, жауап бере алуға жаттығады.

Оқулық

Аудиодиск: 4.1.1.; 4.1.4.



(МК,Ұ) 3-тапсырмада оқушылар Неше? сұрағына жауап беруге жаттығады, сандарды қайталайды. Алдымен мұғалім оқушылардың назарын 1-ден 10-ға дейінгі сандарға аударады. Содан кейін оқушылар неше үй жануары бар екенін айтады. Оқушылардың жауаптары: Бес жылқы. Жеті қой. Алты ешкі. Үш түйе. Екі сиыр.

(МК, Ұ) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау қой ма? Неше қой?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу дағдыларын жетілдіре түседі.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 4.1.

Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
1016
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі