400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Менің электронды почтам. 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүктелген материал 5 сыныпқа қазақ тілінен беретін пән мұғалімдеріне ашық сабақ өткізуде көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:



Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 12

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Менің электронды почтам

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.ТБ1.Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы электронды пошта, ғаламтор жайлы ақпарат беру. Лексикалық тақырып аясында ілік септігін меңгерту

Көптеген оқушылар
Ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша сөйлеу барысында қолдана алады
Кейбір оқушылар
Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады

Күтілетін нәтижелер

Электронды пошта жайында  толық ақпарат алды.Пошта тақырыбы бойынша сөйлеу тілін дамытты.   Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындады. Топтық жұмыс арқылы бірлесе шешім қабылдауды үйренеді, белсенді жұмыс жасауға  ұмтылады;Оқушылар алған білімдерін болашақта тәжірибе барысында жүзеге асыра алулары қажет Оқушылардың электронды поштасы жайлы әңгімелейді

Бағалау критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша электронды пошта, ғаламтор туралы ақпарат береді, достарымен сөйлеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тілдесім барысында тиімді қолдана алады, қазақша электронды поштаны қалай ашуға болатындығын түсіндіре алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өзінің достарымен ғаламтор жаңалықтары жөнінде ақпарат алмасады, тілдесімге түседі.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтар
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
жаттығу, қауіпті, сақтау, арнайы көзілдірік, назар аудару, нашарлаған, әдетке айналдыру.

Пәнаралық байланыс:

информатика

Ұлттық құндылықтар

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқ, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді.

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
3 минут


Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
Сабақ мақсатымен таныстыру

Қызығушылықты ояту.

Тақырыпты керекті әріптерді дұрыс қою арқылы болжайды.

Ж..тты..у, қау..пті, са..т..у, арнайы көз..лді..ік, на..ар а..дару, наш..рла,,ан, әде..ке айн..лд..ру.
Сабаққа болжам жасалады.


Сабақтың ортасы
4 минут



3 минут











8 минут


































1 минут
10 минут




















10 минут





4 минут

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды. — Балалар, сендер электронды пошта аша аласыңдар ма? Оны қалай ашуға болады? Түсіндіріп беріңдерші

Сенің электонды поштаң бар

- Электронды поштаны өзің аштың ба?

-Сенің досыңда электронды пошта бар ма?

-Сен досыңмен электронды пошта арқылы сөйлесесің бе

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 2-тапсыр- маны орындатады.

3. Тілдік бағдар. Ілік септігін

4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

В) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

4. Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырады (11-тапсырма).

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

жүйе - система ақпарат табу – найти информацию

пайда болу – появляться, возникать мәлімет, ақпарат – информация

Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту

Электронды пошта

Электронды пошта тарихы 1965 жылдан басталады. Массачусет технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис пен Том Ван Влек МАІL бағдарламасын ойлап тапты. Бұл бағдарлама ІВМ 7090/7094 компьютеріне орнатылған болатын. Ең басында қарапайым ғана қызмет атқаратын бұл бағдарлама қазір үлкен қолданысқа ие болды.

Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады. Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді.

Мәтіннен кейінгі жұмыс:

Топпен жұмыс.

-Мәтінге әр топ үш сұрақтан дайындау, сұрақтарының жауабын қарсы топтардан алу.

-Берілген сөзден бірнеше басқа сөздер тарату.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР – қызмет, қызметкер, қыз, қыл, қыр, зер, зекет, керемет, кел, кез, кет, келер, ер, ел, ет, ем, ез, ек, кем, ерлер, ерке...

Сергіту сәті:

Қолды белге қояйық

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып алайық!

Тақтамен жұмыс.

-Мәтіндегі сан есімдерді тіркескен сөздерімен сөзбен жазып шығу.

-Дұрыс сөйлем құрап, жазу.

Пошта, тарихы, электронды басталады, жылдан, 1965.

Қызметін, Е-поштаның, қолданады, адамдар, көптеген.

Жұмыс, тиімді, Е-поштамен, істеген.

Оқылым. Диалогті рөлге бөліп оқиды.

Жазылым. Мәтіннен ілік септікте тұрған сөздерді табады, тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазады.

Айтылым. Сауалнаманы толтырады.

Тілдесім. Жағдаяттық тапсырманы орындатады.

Ойынның шарттарын орындайды.

Жазылым. Сөйлемдегі көп нүктенің ор- нына ілік септігінің жалғауларын қойып жазады.

Кері байланыс:
Көп нүктенің орнына ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды дұрыс қойып жазады
ЖЖ «Компьютер алдында отырған кезде нені ескеру керек?» бейнеролигін көріп, негізгі ой мен идея анықталады. 3-тапсырма. Жазылым. Бейнеролик бойынша сыныптастарыңа жазбаша кеңес береді. Жазба жұмысында ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтардың болуы шарт.

Кері байланыс
- Бейнебаянның негізгі ойы мен идеясын анықтайды:
- Ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтарды қолданып, сыныптастарына жазбаша кеңес береді.
Бағалау.
Оқушылар көршілерінің жұмысын алмастырып, бағдаршам әдісі бойынша бағалайды. Мысалы, “жасыл” – дайын, “сары” – күмәнді, “қызыл” – дайын емес.

Бағалау критерийлері таратылып беріледі.


Бағалау критерийлері


Жасыл – дайын;
Сары – күмәнді
Қызыл – дайын емес

1

ыңғайластық, қарсылықтық жалғаулықтардың қызметін біледі


2

ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтармен сөйлем құрай алады (ауызша, жазбаша)











http://anamenbala.kz/453














https://www.youtube.com/watch?v=8UdhifoIKsw

«Компьютер алдында отырған кезде нені ескеру керек?»

бейнеролигі

https://sabaqtar.kz/informatika/4337-internett-paydasy-men-ziyany.html






Сабақтың соңы Рефлексия
6 минут




Сабақтың соңында оқушылар:

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалог құрады.

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөздерге ілік септігінің жалғауын жалғайды, мәтін құрап жа- зады.

Үйренгендері туралы ойланады

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
4471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі