400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Менің елімнің нышандары" 3- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді жоспар ұстаздарға керек. сабақты жаңа мазмұнда әр түрлі тәсілдерді қолданып өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»


Мектеп: Ақсай қаласының №7 ЖОББМ

Мерзімі: 3-тоқсан

Модератор: Жасталапова Қ.О

Сынып: 3 «в»

Күні: 23- қаңтар

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Менің елімнің нышандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

3.3.5.1 Қазақстанның бейресми таңбаларының маңызын түсіндіру (ескерткіш «Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы т.б)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Қазақстанның ресми емес таңбаларының мағынасын түсінеді;

  • Өз Отанының ресми емес таңбасын жасайды.

Бағалау критерийлері

  • «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының мағынасын түсіндіреді;

  • «Бәйтерек» рәмізінің мағынасын түсіндіреді;

  • «Алтын адам» рәмізінің мағынасын түсіндіреді»;

  • Өз Отанының ресми емес таңбасын жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- ресми емес таңбаларының мағынасын түсіндіреді («Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы т.б)

Терминология:

  • Қазақстанның ресми және ресми емес рәміздері

  • «Алтын адам», «Байтерек», «Мәңгілік ел»салтанат қақпасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақстанның қандай бейресми таңбаларын білесің?

Жазуға берілетін тапсырмалар:

  • Постер дайындау

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстанның ресми, бейресми таңбаларының маңызын түсіну арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: ермексаздан символ жасау, қима қағаздардан апликация жасау және сурет салу.

Әдебиеттік оқу: сөздер байланысын дамыту

Математика: Тарихи даталарды есептеу арқылы шығару

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин







7 минут














3 мин









Топқа бөлу:

175 – «Бәйтерек» тобы 100+75

75 – «Алтын адам» тобы 30+45

25 – «Мәңгілік ел» тобы 20+5

175- Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы

75- Ұлы Жеңіске 75 жыл

25- Конституциямызға 25 жыл

Үй тапсырмасы: «Полечудес» ойыны

(Генератор арқылы анықтау)

(Менің қауіпсіздігім, суреттегі таңбалардан қауіпсіздік ережесін құрастыру)

Дескриптор:

-Тақтаға шығатын оқушы генератор арқылы анықталады.

-суреттер арқылы қауіпсіздік ережесін баяндайды.

Кері байланыс:

-Жарайсың! Тамаша! Керемет)


«Еске түсір» тапсырмасы (ұжымда)

Полечудестің соңғы сұрағы: - Отбасы, әке, ана және бала мемлекеттің қорғауында болады деген заң қайда жазылған? (Конституцияда)

  • Еліміз үшін маңызды тағы қандай нышандарды білесіңдер?

«Топтастыру»

Shape1


(тақтаға суреттерін ілемін)

- Суреттерді екіге бөліп, топтамаларға ат беруді сұраймын7

Жауап:

Елтаңба, ту, гимн – Қазақстанның ресми рәміздері;

«Алтын адам», «Бәйтерек» ескерткіштері, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, домбыра, - Қазақстанның бейресми таңбалары.


Кері байланыс:

-Жарайсың! Тамаша! Керемет)

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың мақсаты, Сабақ мақсатын таныстыру:

  • 3.3.5.1 Қазақстанның бейресми таңбаларының маңызын түсіндіру (ескерткіш «Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы т.б)




«Полечудес» айналма барабаны

Слайд 2









Қазақстанның бейресми және ресми рәміздерінің суреттері, олардың атаулары жеке парақта








https://bilimland.kz/kk/subject/dunietany/2-synyp/qazaqstan-respublikasynyng-memlekettik-ramizderi--13280?mid=6:simple






Сабақ ортасы



Оқуға 2 мин

Топта 3 мин

Талдау 5 мин







































































1 мин




2 мин




























5 мин







2 мин





3 мин



«Монументтер тарихына» шолу жасаймыз.

1 топ:

Қақпаның биіктігі 20 метрге тең. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20жылдығын білдіреді. Қақпаның текшелерінде мына мүсіндер орналасқан:

  • Ақсақал – данышпандықтың белгісі;

  • Әйел-ана – отбасының ұйытқысы. «Ана» бейнесіне «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» секілді ұлттық құндылықтар қоса қамтылған.

  • орта ғасырдағы батыр;

  • қазіргі Қазақстан әскерінің жауынгері.

Орта ғасырдағы батырдың мүсіні қазақ батырларының батылдығын, ержүректілігін, ерліктерін бейнелейді. Осы екі мүсін Отанды қорғау қазақ ұлтының ежелден келе жатқан ең басты құндылықтарының бірі деген идеяны көрсетеді. Қақпаның қасбетінде «Мәңгілік ел» деген жазуы бар.

Тапсырма: Мәтінді оқып шығыңдар. Сеніңше, қақпаның текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді?

Бағалау критерийлері:

  • «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының мағынасын түсіндіреді;


2 топ:

Аңыз бойынша, кең далада үлкен терек, өмір ағашы Бәйтерек өсіпті. Қасиетті Самұрық құс алтын жұмыртқасын – бүкіл тіршілік иесіне жарық пен жылу сыйлайтын Күнді салу үшін өмір ағашы Бәйтерекке ұшып келіпті.

Ал төменде жұмыртқаны жұтуға асыққан аш Айдаһар қолайлы сәтті күтіп жүреді. Айдаһар үнемі жұмыртқаны жеп қоя береді. Бірақ Самұрық құс оған қарамай, қайта- қайта келіп, жұмыртқасын салып кетеді. Бұл аңызда жарық пен қараңғының, күн мен түннің, жаз бен қыстың, жақсы мен жаманның күресі бейнеленген.

Тапсырма:

Аңыздың басын оқы. Самұрық пен айдаҺар нені білдіреді? Аңыз қалай аяқталады?

Бағалау критерийлері:

  • «Бәйтерек» рәмізінің мағынасын түсіндіреді;


3 топ:

Алматыдан 50 километр жердегі Есік қорғанынан 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы табылды. Оның киімі, аяқкиімі, баскиімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен

безендірілген. Сол себептен оны Алтын адам деп атайды. Сонымен қатар, ол жерден алтын жүзіктер, қарулар, түрлі ыдыс-аяқтар табылған.

Алматы қаласындағы Республика алаңында қанаты бар барыстың үстінде тұрып басқарып тұрған билеуші бейнеленген «Алтын адам» монументі бар. Монумент – тәуелсіздіктің және мығым мемлекеттік биліктің символы.

Тапсырма: Есік қорғанында табылған сақтар көсемі туралы не есіңде бар? «Алтын адам» нені білдіреді?

Бағалау критерийлері:

  • «Алтын адам» рәмізінің мағынасын түсіндіреді»;

(Топтағы оқушылар тапсырманы орындап, постер қорғайды)


Кері байланыс: «Отшашу» арқылы бағалау


Қалыптастырушы бағалау:

Бағалау: «Бағдаршам»


М: Балалар, бұлардан бөлек ресми емес таңбаларға жануарлар, өсімдік, музыкалық аспаптар жатады.

Жусанды «емшөп» деп атаған. Емшан-шөбі аңызында қазақ даласында өсетін жусанның иісін сағынып, жат елдегі алтын тағын тастап, «Туған жерім, қайдасың?» деп туған еліне оралған Бейбарыс сұлтан (қыпшақ) туралы айтылады. «Жат елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол!» деген қазақ халқының мақалы бар.

Ресми емес нышандар арқылы ұлттың тарихын, мәдениетін көруге болады. Туған жерінің иісін, жусан шөбінің иісін ұмытқан адамдар, ерте ме, кеш пе, міндетті түрде өздерін жоғалтады, есімдерін де ұмытады.

Мысалы мына атауларға қандай нышандарды жатқызуға болады? (жылқы, домбыра, қымыз, киіз үй)

Жануар – жылқы (қазақ халқы жылқыны ерекше қастерлеген)

Өсімдік – жусан,

Музыкалық аспап – домбыра

Сусын – қымыз, шұбат

Ғимарат – киіз үй


Практикалық жұмыс: «Өзім жасаймын»

Оқушылар жұпта өз Отаныңның ресми емес таңбасын ойлап тауып: .

1-топ: «Сурет салу»

2-топ: «Ермексазбен жасау»

3-топ: «апликациямен жасау»

Бағалау критерийлері:

- Өз Отанының ресми емес таңбасын жасайды;

Кері байланыс: Қошеметтеу арқылы бағалау

-Балалар, қазір сыныпішілік «Ғажайып көрме» ұйымдастырайық. Әрбір оқушы жасаған жұмыстарын көрмеге қойып шығады.


Тапсырмасы- 2:

1-топ: «Ақиқат – жалған »

2-топ: «Сәйкестендір»

3-топ: «Сөздер тізбегі»

Бағалау: «Бағдаршам»

https://bilimland.kz/kk/subject/dunietany/3-synyp/qazaqstannyng-bejresmi-simvoldary?mid=12:simple















































































http://agugai.kz/music/kuandyk-rakhym-men-qazaqpyn/









Сабақтың соңы


2 мин

  1. Рефлексия (жеке):

Бәйтеректе алақанымызды қойып, тілек тілей аламыз, солай ма? Олай болса бүгінгі сабақ туралы қорытындымызды шығарып, Бәйтерекке ілейік.



«Бес саусақ» әдісі:

1. Үй тапсырмасына қатыстым ба?

2. 1-тапсырманы бағалау

3. 2-тапсырманы бағалау

4. Бүгін көңіл күйім қандай болды?

5. Бүгінгі сабақ ұнады ма?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі