Материалдар / Ашық сабақ Менің кітапшам 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Менің кітапшам 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Менің кітапшам 1 сынып өткен бөлім бойынша негізгі сөздік қорды тірек суреттер бойынша атай алады, қарапайым сұрақтарға үлгі бойынша жауап бере алады, тапсырмаларды мұғалімнің қолдауы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2022
662
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 3. Менің отбасым және достарым

Күні :

Педагогтің аты-жөні: Бекжигитова Б

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Менің кітапшам

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.2.1.1* сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану;

1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру;

1.5.1.5* мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: өткен бөлім бойынша негізгі сөздік қорды тірек суреттер бойынша атай алады, қарапайым сұрақтарға үлгі бойынша жауап бере алады, тапсырмаларды мұғалімнің қолдауымен орындай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: 3-бөлімдегі негізгі материалды жақсы түсінеді, үйренген үлгі бойынша айта алады, дәптердегі тапсырмаларды жеңіл орындай алады.

Кейбір оқушылар: 3-бөлім бойынша өткен материалды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, дәптердегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Ертеңгілік шеңбері

Ең бірінші балалар мен мұғалім бір – бірімен амандасады.

- Сәлеметсіздер ме!

- Сәлеметсіз бе!

Мұғалім оқушылардан сұрайды.

- Менің атым кім?

- ....

- Сенің атың кім?

- Менің атым - ... .

- Бұл кім?

- Бұл оқушы, мұғалім.


Барлық оқушылар бір-біріне шеңбер бойы сұрақ қойып оған жауап береді

Қолпаштау







Сабақтың ортасы

(6-32 минут)


























1. Мұғалім оқушыларға №3 жұмыс дәптерін таратады, дәптердегі тапсырмалардың осы бөлім бойынша өткендерін қайталауға құрылғанын, сондай-ақ бұл дәптер кітапша түрінде белгілеу, бояу, сурет салу, сәйкестендіру сияқты жеңіл, бірақ бірнеше тапсырмадан тұратынын түсіндіреді.

.

2.1-тапсырмаға аударады, сурет бойынша ана, ата сөздері қайталанады, аталған сөздердегі а әрпі толықтырып жазылады





3. 2-тапсырмамен жұмыс сандарды қайталатудан басталады. Мұғалім карточкалар бойынша 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталату, оқушыларға хормен, жеке-жеке санату, оқушыларға карточкаларды таратып беріп, ретімен тұру арқылы қайталату сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырады. Содан кейін тапсырмадағы «Сен неше жастасың?» сұрағы бойынша жұмыс жүргізеді.



4. 3-тапсырмада мұғалім «Сенің досың неше жаста?» деген сұрақ бойынша оқушылардың «жаста» сөзін дұрыс қолдана алуларына көңіл бөледі.

Мысалы:

-Сенің досың неше жаста?

-Ол сегіз жаста.

Берілген сөйлесу үлгісі

«Доп лақтыру» ойыны.

Тыңдалым,айтылым.















1-тапсырмада оқушылар отбасы мүшелерін қайталайды.

Тапсырмада берілген ана, ата сөздерін а әрпін жазу арқылы толықтырады.



2-тапсырмада оқушылар 1-ден 10-ға дейін санайды, карточкалар бойынша сандарды қайталайды.

Мұғалімнің «Сен неше жастасың?» деген сұрағына жауап береді.

Осы сұрақты бір-біріне қояды. Қасындағы баланың неше жаста екенін айтады.










3-тапсырмада оқушылар «Сенің досың неше жаста?» деген сұраққа жауап береді.

Содан кейін дәптердегі тапсырма бойынша досының жасын белгілейді.








«Бас бармақ»


Дескриптор

- заттарды дұрыс атайды,

.- тілдік нормаларды сақтайды










Слайд







Слайд

Оқулық 8 бет












Слайд

Оқулық

9 бет


Сергіту сәті

Буратино тұрды,

Буратино созылды,

Буратино секірді,

Буратино жүгірді.



5. Жазылым.

Жазу дәптері №1


5. 4-тапсырмада мұғалім оқушылардың суреттер бойынша ақпаратты анықтай алуларына көңіл бөледі. Оқушылар «Тірек суреттер» стратегиясы бойынша «Ол неше жаста?» деген сұрақтың жауабын табады.

6. 5-тапсырма бойынша «Сен не істейсің?» сұрағы бойынша жұмыс жүргізіледі.

6-тапсырмада оқушылар сурет бойынша берілген сөздерді қайталайды, содан кейін оларды отбасы және мектеп ұяшықтарына орналастырады.

7-тапсырма бойынша жұмыс істеу мақсатында мұғалім оқушыларға түстерді қайталатады.


4-тапсырмада оқушылар әр сурет бойынша (4 сурет берілген)

«Ол неше жаста?» деген сұраққа жауап береді.

1-сурет: Ол алты жаста.

2-сурет: Ол үш жаста.

3-сурет: Ол екі жаста.

4-сурет: Ол бес жаста.







5-тапсырмада оқушылар

«Сен не істейсің? деген сұраққа жауап береді.

Өзінің не істейтінін суретін салу арқылы көрсетеді.



6-тапсырмада оқушылар тақырыпқа сәйкес екі орналастырады.





7-тапсырмада оқушылар сандар түстерді қайталайды, көрсетілген түске бояйды.

Дескриптор: мұғалімнің көмегімен тапсырмаларды орындайды




Сабақтың соңы

«Дұрыс-бұрыс» ойыны



Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары- жартылай түсіндім

Жасыл-толық түсінікті

Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!