Ой толғау»
стратегиясы
-Балалар, енді біз бүгінгі
сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Интерактивті тақтада
сағаттың суреті берілген. Өздерің көріп отырған сағаттағы 19әріптен
4сөз шығару керек. Ол үшін сағат тілі бойынша белгілі бір жүйемен
ешқандай әріпті аттамастан, рет-ретімен оқысаңдар, бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы шығады.
О қушылар сағат
тілімен оқи отыра, бүгінгі сабақтың тақырыбын
анықтайды)
-Ендеше бүгінгі сабақтың
тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы»
-Енді мақсат қойып алайық
(Оқушылардың жауаптары)
-Әр түрлі тапсырмалар,
жаттығулар орындаймыз;
-Сөздердің мағынасын ажыратуды
үйренеміз;
-Сөздердің өзіне тән мағынасы
болатынын түсінеміз.
«Мағынаны ажырату»
сатысы
1-тапсырма. Мәтінді оқы,
аудар. МЕНІҢ КҮН
ТӘРТІБІМ Мен
сағат 7 00–де тұрамын. Таңертеңгі тамақ ішемін. Сабақ сағат 8 30-да
басталады. Үйге сағат 14 00-де келемін. Бір сағат демаламын. Сағат
15 00-ден 18
00-ге дейін сабақ оқимын. Сағат 22 00 -де
ұйықтаймын.
«Жигсо»
стратегиясы
- Оқушылар мәтінді буынға бөліп көшіріп жазып,
буын түріне
ажыратады.
2-тапсырма. Сөйлеп
үйрен. Сағат ...
тұрамын. Сағат ... тамақ
ішемін. Сағат ... сабақ
басталады. Сағат ... үйге
келемін. Сағат ... сабақ
оқимын. Сағат ... теледидар
көремін.
3-тапсырма. Өзің туралы айт, жаз.(оқушы өзінің күн
тәртібі туралы айтып, дәптерге
жазады).
4тапсырма.
Оқушылардың түсінігін
тексеру Мен таңертең
.... Беті-қолымды
.... Тісімді жақсылап
.... Сосын таңғы асты
.... Мектепке
көлікпен.... Сабақтан бірде
.... Үйге екіде
.... Түскі асымды
.... Демалып біраз
.... Содан ертеңгі сабақты
.... Сағат онда ұйқыға
....
Қорытынды:
1. Сен нешеде
оянасың? 2. Таңертеңгі
асты нешеде ішесің? 3. Мектепке
дейін немен барасың? 4. Мектепте
сабақ нешеде бітеді? 5. Қай уақытта
үйге келесің? 6. Қанша уақыт
үй тапсырмасын орындайсың?
Дәптермен жұмыс. Өлең
құрастыру. Біз
.......баламыз, Айтқан .....
аламыз. Үлкендерге
......беріп, Біз ........
боламыз
Керекті сөздер:
бақытты, тілді, жол,
әдепті.
Оқулықтағы тапсырмаларды
топтарға бөліп орындау.
1-топ
Берілген әріптермен және
сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.
2-топ
● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір
бөлек жаз.
● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.
1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;
2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу –
жылыну.
Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін
Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер
үйге кіріп жылынды.
3-топ
. Жұмбақ шешу
● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен
алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)
Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)
|