жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Менің мектебім"
Тақырыбы:Менің мектебім
Мақсаты: Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру, білімге деген құштарлығын ояту.Мұғалім мен оқушылар арасындағы әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеті:білімге деген құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік:мектепке деген суйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: пікіралмасу.
Көрнекіліктер:сауалнамалар, видеобейнелер
І. Ұйымдастыру кезені
ІІ.Негізгі бөлім
1. «Алтын ұя – мектебім»
2. «Мен тәртіпті оқушымын»
3. «Өз ойым»
4. «Мектеп өмірі қызықты»
Сергіту сәті
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)
Жаңа сабақтың мақсаты: Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру, білімге деген құштарлығын ояту.Мұғалім мен оқушылар арасындағы әдептілікке тәрбиелеу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің мектебім» Мектеп әлеміне саяхатымызды бастайық: мектеп туралы не білеміз оқушылар?Өзіміз білім нәрімен сусындатқан Қ.Рысқұлбеков жалпы орта білім беретін мектеп жайлы не білеміз?
Слайд көрсету:
Енді балалар, мектеп бойынша «Мектепке неге келеміз?» тақырыбында жүргізілген бейнеролик,назар аударайық! (Талқылау)
Жаңа сабақты бекіту
Оқушыларды 3 топқа бөлу,әр топқа тапсырмалар беру.
-Ал, енді бірінші кезеңімізді бастаймыз! « Мен тәртіпті оқушымын» деп аталады.Әрбір топқа мектеп ережелеріне байланысты тапсырма беріледі.
«Білім» тобына Жалпы тәртіп сақтау ережелері:
1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
1.2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.
1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;
1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).
1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді
1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;
1.7. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.
2. «Тәртіп» тобына Сабақ кезіндегі, сабақ басталғанға дейін,үзілістерде асханадағы тәртіп ережелері.
Сабақ кезіндегі тәртіп:
2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;
2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды.
2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс.
3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.
3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.
3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:
Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).
3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.
3.5. Оқушылар асханада болған кезде: Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сүйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.
-Келесі кезең жұмбақтар шешіп отырайық.(Тез-тез жауап беру)
1. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап).
2.Жазу
жазып жалықпаған,
Жаза жаза арықтаған. (бор)
3.Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған (әріптерr).
4.Шәкіртке жаны ашыр,
Мейірбан кім жаны асыл? (ұстаз)
5.Білімнен мол сый-асы,
Балғындарын ұясы (Мектеп)
6. Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп
Сүртем сосын өшіріп (Тақта)
-Құрметті оқушылар енді, біз «Өз ойым» деп аталатын кезеңімізге де келіп қалдық.Бұл кезеңде біз өзара пікір алмасамыз.Сіздерге мектептегі тәртіп бұзушылыққа байланысты бейнероликтер көрсетіледі.Ал сіздер бұл мектеп ережесінің қай түріне сәйкес келетінін тауып,әрбір топ өз ойын білдіреді.
1.Оқушының сабаққа кешіп келуіне байланысты видеобейне
2.Сынып оқушыларының үзіліс кезіндегі тәртіп бұзушылығы
3.Мектеп формасын сақтамау
4-кезең. «Мектеп өмірі қызықты»
- Оқушылар біз алдын- ала топ мүшелеріне «Мектеп өмірі қызықты» тақырыбында сурет саламыз.Топ мүшесінің біреуі сол суреттерін ортаға шығып қорғайды.
Қорытынды: Қазіргі заманда біздің мақсатымыз ол тәрбиелі, өнегелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, білім сапасы жоғары халқымыздың асыл қазынасын салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп, отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің негізі мектептен басталатыны белгілі.Біздің мектебімізде де, сыныбымызда үлгілі оқушылар бар. Барлығымыз бейнероликке көңіл аударамыз және үлгілі , білімді оқушы болуға ұмтыламыз!
Осымен
сабағымыз аяқталды. Белсене қатысқандарыңызға
рахмет! Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген