400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі."

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен әдіс алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 22.10.2019ж.

Сынып: 1 «Ә»

Пәні: Сауат ашу

Мектеп: Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі

Мұғалім: Баймаханова Оразкүл.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.2.1.Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфикалық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді буынға бөліп оқиды, дауысты, дауыссыз дыбысын ажыратады, дыбысқа сөздер құрастырады және жазады.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Сөйлем құрастырып жазады. Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады.

Жетістік критерийлері

-- Әріптерді таниды және дыбыстап оқи алады;

-- Дыбыстық біліміне сүйене отырып, сөздерді сауатты жазады;

-- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады;

-- Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Т дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут






8 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай, (қолдарын жоғары көтереді)

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай. (бір-бірінің қолынан ұстайды)

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Айтылым. Үй тапсырмасын пысықтау. Оқулықтағы сурет бойынша Мерейдің мектепке келу жолын әңгімелеу.

1. Мерей үйінен шығып жаяу жүргінші жолынын өтеді.

2. Автобусқа мінеді.

3. Метромен жүреді.

4. Сөйтіп мектепке кешікпей келеді .

Оқылым.

ор ол он ора олар Орал ал ана ара нан Анар анар


Шаттық шебері






Суреттер

8 минут



Тақырыпты ашу.

Жұмбақ шешу.

1.Өзі сұлу жануар,

Сүндет тойда табылар.

Ол қай жануар? (Тай.)

  • Тай сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? «Т» дыбысынан басталады.

  • Тай сөзі неше дыбыстан тұрады? «3 дыбыстан тұрады»

  • Дыбысты қалай білеміз?

  • Айтамыз, естиміз.

  • Дыбыс нешеге бөлінетінін білеміз бе?

  • Иә, екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз болады.

  • Жарайсыңдар балалар. Сонда «Т» дыбысы қандай дыбыс?

  • Дауыссыз дыбыс.

  • Неліктен дауыссыз дейміз?

  • Өйткені кедергі арқылы айтылады. Тіліміз тісімізге тіреліп қалады.

Тай сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз. «Т а й»

Тай сөзіне түсінік беру.(үй жануары, төрт түліктің бірі, қатынас көлігі)

«Т» дыбысының таңбасын жазбаша түрде тақтадан көрсетемін.

...Фальга қағазын пайдалана отырып, саусақ маторикасы жасалынады, әріп таңбаланады.

Т дыбысына байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер? Түйе, терезе, алты, кітап, жат, хат, бет т.б. Демек сөздің басында, ортасында және соңында да келе береді.


Суреттермен жұмыс
. Жасырынған әріптерді табу.

Күнде(А) , бұлтта(Т), үйде (О), шарбақта (Н), гүлде (Р).

1. Тыңдалым . Аудиожазбадан.

- Әли мен бүгін мектепке барар жолда жасырынған сөздерді таптым.

-Жасырынған сөздер?! Қалай таптың? Қандай сөздер?

-Оны менің жол бағыты сызбамнан байқай аласың.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

3 минут

«Шашылған буындар» ойыны.

Шарты: Буындарға басқа буындар жалғау арқылы сөз жасау.
РАЛ
АТ ТА НА ЛА РА А

НАР ЛАР О РАЛ ТА

Парақшада жазу

Түрлі тапсырмалар


16 минут

«Кір жайғыш» әдісі.

№2 Суреттердің көмегімен жасырынған сөздерді тауып оқы. Буын санын анықтау. Тақтада жазу.

«Температураны өлшеу» әдісі.

Дәптермен жұмыс. Бастырып жазу, талдау, буынға бөлу.

Ереже: .............

Сонымен балалар Т қандай дыбыс? ...



Оқулық,

Тақта, дәптерлер.


2 минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз, біртілек» әдісін қолдану



Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсыр-малар қоюды жоспарлап отырсыз?


Дыбысты әріппен кеңістік аралық сызықты сақтай отырып, дұрыс, көркем жазуды

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техни-касының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Көркем еңбек, дүниетану сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі