Қарағанды
облысы білім басқармасының «Дамуында
кемістіктері бар балаларға арналған
«Үміт» облыстық оңалту орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное
государственное учреждение «Областной
реабилитационный центр «Үміт» для детей
с проблемами в развитии» управления
образования Карагандинской области
Тақырыбы:
«Менің ойыншықтарым»
Тәрбиеші:
Нұржаубаева А.Қ.
Білім
беру саласы :
Шығармашылық
Ұйымдастырылған
іс-әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Менің
ойыншықтарым»
Мақсаты:
1. Балаларды
ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру.
2.
Сөздік
қорын молайту,тіл байлығын дамыту, есте
сақтау қабілеттерін жетілдіру. 3.
Ойын
арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын
арттыру.
Көрнекілік
құралдар: ойыншықтар
түрлерінің суреттері, слайд, түрлі –
түсті ермексаз, тақташа, майлық.
Қостілдік
компонент: машина
-көлік, доп-мячик, коян-заяц,
пирамида-пирамида.
Сабақ
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды
топқа кіргізу, қонақтармен амандасу.
Балалар
бүгін бізге көп қонақтар келіпті,
алдымен қонақтармен амандасайық.
Сәлеметсіздер
ме?!
Балалар
бір – бірімізге жақсы көңіл – күй
сыйлайық.
Шаттық
шеңбері:
Аманбысың,алтын
күн!
Аманбысың,
жарқын күн!
Маған
жылу, жарық бер,
Қуаныш
пен шаттық бер.
Әңгімелесу.
-
Балалар қараңдаршы,
біздің тобымызда ойыншықтар көп
екен.Мұндай түрлі ойыншықтар бізге
ойнау үшін керек. Қане мына ойыншықтарды
ұстап көрейікші. Қандай екен?
-Жұмсақ.
-Ал,
мына ойыншық қандай?
-Қатты.
-Ойыншықтарды
ұстап сипап көру арқылы біз олардың
қандай екенін білеміз. Ойыншықтардың
түрлері болады екен пластмассадан,
резинадан, ағаштан, темірден,матадан
жасалады. Олар үлкендердің еңбегінің
арқасында жасалады.
Дидактикалық
ойын: «Кім жылдам?»
Балалар
енді осы ойыншықтарымызбен ойын
ойнайық.Мен үстел үстіне ойыншықтарды
қоямын сендер мұқият қарап алып көздеріңді
жұмыңдар, мен «аш» деген де көздеріңді
ашып үстел үстінде қандай ойыншық жоқ
екенін табасыңдар.
II.
Негізгі бөлім.
Ойыншықтардың
түрлерін ажырата білу. Слайд қарау.
1.Сүйікті
ойыншығың бар ма?
2.Қандай
ойыншығың бар?
3.Немен
ойнайсыңдар?
4.Қандай
ойыншықпен ойнағанды жақсы көресің?
Жарайсыңдар
балалар.
Саусақ
жаттығуы:
Балалардың
іс – әрекеті:
Қәзір
біз сендермен пирамида ойыншығын
жасаймыз.
Пирамиданы
жасау үшін бізге қажетті құралдарды
дайындап алайық. (түрлі –түсті
ермексаз,тақташа,майлық).
-Ал
енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір
сергіп алайық.
6.
Сергіту сәті:
Ұзын
құлақ, сұр қоян
Естіп
қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы
жерлермен
Ытқып-ытқып
жүгірді
Ал
енді, балалар бүгінгі ұйымдастырылған
іс – әрекетімізді мүсіндеу сабағымен
жалғастырайық. Орнымызға отырайық.
III.
Қортынды бөлім.
Балалар
бүгін біз сендермен пирамида ойынышығын
жасадық. Сендерге жасаған істерің ұнады
ма?
Бүгінгі
сабаққа барлықтарың белсене қатыстыңдар,
рахмет сендерге.
Қонақтармен
қоштасайық.
Сау
болыңыздар!