400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің Отаным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Топ: Ортаңғы "Жұлдызшалар" тобы.

Тәрбиеші: Разбекова С.Е.



Білім беру саласы

Коммуникация

Бөлімі

Сөйлемді дамыту.

Тақырыбы

Менің Отаным, Президент күні.

Мақсаты

Туған жер,Отан туралы түсініктерін кеңейту,Тақырыпқа сәйкес тақпақ оқып беріп оның интонациясын қабылдауға ,тақпақты жатқа айтуға үйрету.Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру.Өз Отанына деген сүйіспеншілікке ,оларды қорғай білуге тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін арттыру.

Қажетті құрал- жабдықтар,

Көрнекіліктер

Қазақстан Республикасының рәміздері,Астана қаласының суреті,Президенттің фотосы және Қазақстан Республикасы-ның картасы.

Сөздік жұмыс

Рәміздер,Президент,Елбасы,Астана.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шатттық шеңбері.

Қайырлы таң,Жер Ана!

Қайырлы таң,көк аспан!

Қайырлы таң,қонақтар!

Қайырлы таң,достар!

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Шаттық шеңберіне тұрып орындайды.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?Отан туралы не білесіңдер? Отан деген не?


-Қыс

-Қыста күн суық аяз болады,

қар жауады.


-Отан деген еліміз, жеріміз, отбасымыз, Отан деген – Қазақстан Республикасы, Отан дегеніміз-Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз.

Ұйымдастыру-іздестіру

-Балалар,енді Отанымыз Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайық.

-Балалар біз жаңа Республикамыздың Ән ұранын орындадық.Енді Еліміз,жеріміз туралы қандай тақпақтар білетінімізді есімізге түсірейік.

Кәне,кім маған Отан туралы тақпақ айтып береді.

Сұңқар

Отан- сенің ата-анаң,

Отан- досың- бауырың.

Отан -өлкен- астанаң,

Отан- аудан-ауылың.

Айсұлтан

Отан- менің анашым,

Отан- менің достарым.

Отан- менің туысым.

Олар- менің тынысым.


Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

-Балалар,айтыңдаршы,біз қай Республикада тұрамыз.


-Біздің Елордамыз қай қала?

-Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім?

Осы елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып,әлемге танытудағы еңбегі зор.Сондықтанда ,біздер осы президентіміздің құрметіне жыл сайын 1желтоқсан-Тұңғыш Президент күні деп атап өтеміз.


-Балалар, айтыңдаршы сендер қандай  Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер?

-Дұрыс.

-Балалар менің қолымдағы не?

-Дұрыс.Туды жалау деп те айтуға болады.

-Тудың түсі қандай?

-Тудың ортасында не бейнеленген?

-Балалар күннің астында не бейнеленген?

-Тудың сабының тұсында не бейнеленген?

-Дұрыс,балалар,бұл қазақтың ұлттық оюы.

Балалар тудағы күн -аспанымыз ашық болсын деген,күн-күніміз шуақты,жарқын болсын деген,қыран құс-биіктен көріне берейік деген,ұлттық ою-салт дәстүрімзді сүю үшін берілген.

Келесі рәміздеріміздің бірі-Елтаңба.

Балалар,Елтаңбада: шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз,"Қазақстан" деген жазу,қанатты тұлпарлар орналастырылған.

Әнұран

Балалар Әнұранды барлық Қазастан мемлекетінде тұратын азаматтар білуге тиіс.

Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов атамыз.

Сөзін жазған Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.

-Балалар, көрдіңдер ме, біздің Қазақстан Республикасының рәміздері қандай әдемі, осы рәміздерді әрқашан естеріңде сақтап, құрметтеп, бағалай жүру керекпіз.

Сергіту сәті.

Иіл оңға,түзу тұр,

Иіл солға, түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


- Балалар, ал енді біз Отан туралы тақпақ үйренейік.

Біз Отанның гүліміз,

Туған жердің нұрымыз.

Тәуелсіз-біздің еліміз,

Қазақстан-бай жеріміз.

Балалармен бірге тақпақты 2-3 рет қайталау.


-Балалар сендердің алдарыңда ақ парақ және түрлі-түсті қарындаштар тұр.Осы қағазға

Қазақстан Республикамыздың туынын суретін салайық.

Тәрбиеші:  Міне, балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған салынған Қазақстан Республикамыздың туунының сіреті өте әдемі болып шықты. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.  

Балалар Ән ұранды орындайды.(оң қолын жүрек тұсына қойып орындайды)





Балалар Отан туралы тақпақтарын жатқа айтады.






Тәрбиешіні тыңдайды,түсінеді.








-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Астана қаласы.


-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


-Ән ұран,ту,елтаңба.





-Ту.



-Көгілдір.

-Күн.


-Қыран құс.


-Ою.

Рефлексивті-түзетушілік

-Біз бүгін не жайында әңгімеледік?

Оқу қызметті қортындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі

ҚР рәміздерін,Елбасын.

Игереді

Отан туралы жаңа тақпақты

Меңгереді

Отанын сүюге,елін ,жерін қорғай білуді,рәміздерді құрметтеуді.,



Ұсыныс:



Тексерген:











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі