400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Менiң Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп.

Мерзімі:

Мұғалім: Матыгулова К.Ж.

Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз (17 сабақ)

Сынып: 1 «а», «ә», «б», «в», «ғ», «ж», «е» Оқушы саны: 15,14,11,12.

Құндылық: ішкі тыныштық Қасиеттер: ізгілік, риясыздық, саналылық.


Мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғындыра отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды ізгі қарым- қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйрену.

- оқушыларды ізгілік, риясыздық, саналылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар


Оқулық, дәптер, мақал –мәтел, дәйексөз, жағдаят.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 
5 Т ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық

1. Тыныштық сәті:

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Жаңаны білеміз» оқып келу.


3.Дәйексөз:

Жақсылық – жан азығы

Мақал

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Мағынасын түсіндіру.

4.Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

Бір жұлдызды құтқару.

Аңыз әңгіме

Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен. -Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі. -Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап. -Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті: -Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.  


  • Баланың жасаған іс – әрекетін қалай сипаттар едің?

  • Жасаған жақсылықты неліктен міндет етпеу керек?

  • Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп айтыңдар?


Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс

1 - тапсырма:

«Жақсылық» деген сөздің әрбір әрпінен басталатын адами қасиетті білдіретін сөз жазады.


2 - тапсырма:

Суреттерді мұқият қарайды. Мұндай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатынын ойланып шешеді. Өз шешімдерін ортаға салып айтады.


Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

6.Топпен ән айту

Бақыт әні

Өлеңін жазған:Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев

Жас талдарды мәпелеп,

Толқынды жетелеп.

Оятып әнмен алқапты,

Күтеміз бау-бақты.


Қайырмасы:

Жасыл бау-бақ сәніміз,

Айтатын әніміз.

Біз күлеміз,ойнаймыз,

Шатыққа тоймамйыз.


Жас төлдерді бағамыз,

Жайлауға барамыз.

Жүземіз суға біз,

Бақыт деп туғанбыз.

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.

7.Үй тапсырмасы:

«Жақсылық» туралы 2-3 мақал – мәтел жаттап келу.

Күнделіктеріне  жазады.

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Енді көзімізді жұмайық. Сабақта айтылған барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналасайық. Ол сендере үнемі қуаныш сыйлап, жүректеріңді нұрға толтырсын! Көздеріңді аша қойыңдар. 
-Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! 

Оқушылар көздерін жұмып демалады.


Тексерген: оқу ісінің меңгерушісі:



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп.

Мерзімі:

Мұғалім: Матыгулова К.Ж.

Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз (18 сабақ)

Сынып: 1 «а», «ә», «б», «в», «ғ», «ж», «е» Оқушы саны: 15,14,11,12.

Құндылық: ішкі тыныштық Қасиеттер: ізгілік, риясыздық, саналылық.


Мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғындыра отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды ізгі қарым- қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйрену.

- оқушыларды ізгілік, риясыздық, саналылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар


Оқулық, дәптер, мақал –мәтел, дәйексөз, жағдаят.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 
5 Т ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық

1. Тыныштық сәті:

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Жақсылық» туралы 2-3 мақал – мәтел жаттап келу.


«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»                                                                                                                Халық мақалы.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Мағынасын түсіндіру.

4.Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

Қамқорлық

Мәдіхат Төрежанов

Назымбек екiншi кезекте оқиды. Жер тайғақ. Асыға басып, мектебiне келе жатыр. Бiрер рет аяғы тайып кетiп құлап тұрды.

Өзiмен бiрге оқитын Нақысбектi жолда кездестiрдi. Ол бiр кiшкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңiреп жылап келедi.

– Мына бала сенiң iнiң бе? – деп сұрады Назымбек.

– Жоқ.

– Ендi кiмiң?

– Құлап, аяғын ауыртып алған екен.

– Оны қайда апарасың?

– Дәрiгерге көрсетiп, жарасын таңғызып берейiн. Екеулеп апарып салсақ қайтедi? – деп өтiнгендей болды Нақысбек.

– Сабақтан кешiгемiз ғой...

– Мен кешiксем, Күлпәш Құлекеноваға айтарсың, мертiккен баланы дәрiгерге әкеттi деп.

– Айтайын, көп жүрiп қалма! – деп, жүгiре жөнелдi Назымбек. Нақысбек арқалап алған бала зар қағады. Ауырсынып, шырылдауына қарағанда аяғы сынған болу керек.

– Жылама, қазiр дәрiгерге жетемiз, таяу қалды. Сенiң атың кiм?

– Төлеген...

– Ал, Төлеген батыр, мойнымнан мықтап ұста, тез жеткiзе қояйын, – Нақысбек Төлегендi хирургке алып келдi. Олар айнаға түсiрiп, сынық бар дептi. Емханаға салатын болды. Хирург Нақысбекке:

– Кiшiге көрсеткен қамқорлығың үшiн саған рақмет! – деп, басынан сипап, арқасынан қақты. Ендi Нақысбек мектепте қарай жүгiрдi.


  • Жақсылық жасау адамға парыз ба? Неліктен?

  • Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай құндылықтар болады?

  • Өздерің басқаларға жасаған жақсылықты естеріңе түсіріп айтып беріңдер?


Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс

Тапсырма. (83 – бет)

Жақсылықты оймен, сөзбен, іспен жасауға болатынын сахналап көрсетіңдер.


Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

6.Топпен ән айту

Бақыт әні

Өлеңін жазған:Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев

Жас талдарды мәпелеп,

Толқынды жетелеп.

Оятып әнмен алқапты,

Күте

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі