жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Менің Отаным 4 сынып
Тақырыбы
:
«Менің
Отаным»
4-
сынып.
Сабақтың
мақсаты: 1.
Туған ел, Отан, Қазақстан туралы
қазақ тілінде білімдерін кеңейту, сөздік
қорларын байытып, тіл мәдениетін
жетілдіру.
2. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту.
3. Мақал — мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу кабілеттерін қалыптастыру.
4. Септіктерді қайталау.жаттығу жұмыстарын жүргізу.
5. Отанға деген сүйспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, егеменді, мемлекет, елбасы, рәміздер, қыран, тұлпар, шаңырақ, көп ұлтты, орман, өзен, көл, таулар, биік, бай, көркем, әдемі т.б.
Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, дидактикалық ойындарға атрибуттар.
Сабақ барысы: Сабақ еліміздің әнұранымен басталады.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Оқушылардың бар, жоғын тексеру
3. -Балалар, ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық.
-Мен саған сәттілік тілеймін!
-Мен саған шыдамдылық тілеймін!
-Мен саған шығармашылық тілеймін!
-Мен саған жақсы баға тілеймін!
-Мен саған зеректік тілеймін!
-Мен төзімділік тілеймін!
4. - Сабағымызды сөзжұмбақтан бастаймыз. Тақтадағы сөзжұмбақты шешеміз. Сөзжұмбақтан кілт сөзін оқимыз. Қандай сөз шықты? «Қазақстан». Сабақта қолданылатын сөздер:
Мемлекет-государство Отан -Родина
Елбасы-президент туған жер –родная земля
Елорда-столица әнұран-гимн
Ту-флаг елтаңба-герб
Бай –богатый
(Астана, Алматы сөздерін таратып, оқушыларды топқа бөлу)
5. Қазақстан туралы презентация.
6.- Балалар, Отан, туған жер туралы не білеміз? Сол туралы қағазға класстер құрыңдар. (Тақтаға шығып, оқушылардың жауабы)
7. Сергіту сағаты:
8. Екі топқа тапсырма: Астана, Алматы сөздерін септеу.
9. Кескін сөздерден сөйлем құру.
10. Мақал-мәтелдермен жұмыс. –Балалар қандай мақалдарды өттік? Мысалы: «Көз қорқақ, қол батыр» т.б.Осы мақалдардың ішінен қай мақал Отан туралы? Тағы қандай мақалдал білеміз? Түсіндіру.
« Отан –елдің анасы»
« Отан — оттан да ыстық»
« Отанды сүйю отбасынан басталады»
« Жері байдың елі бай».
11. Викторина өткізу: «Сиқырлы сандықша»
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Қазақстанның жері қандай?
Табиғаты қандай?
Қазақстанның елбасы кім?
Қазақстанның елдордасы –қандай қала?
12. Рефлексия.
Үйге тапсырма: Мақалдарды жаттау.
Қонақтарға тілек тілеу.
Денсаулық, шығармашылық табыс, достық, жақсылық, бақыт, махаббат, мейірімділік.
- Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теніз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.
Мүғалім: Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз? (балалар жауабы)
« Отан –елдің анасы».
« Отан — оттан да ыстық»
« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
« Отанды сүйю отбасынан басталады».
« Жері байдың елі бай». т.б.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?
(Балалар жауабы)
Мүғалім: Біздің Қазақстанда тағы қандай орталық қалалары бар? (балалар жауабы: Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтобе, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Жезқазған, Орал, Өскемен, Семей, Шымкент).
Ал, сендер қай қалада түрасындар? (балалар жауабы: Біз Ақтобе қаласында тұрамыз). Ақтобе қандай қала? (балалар жауабы: Ақтөбе –әдемі, таза қала).
Мүғалім: Балалар, айтынызшы біздің Қазақстанның жері қандай? (балалар жауабы: Қазақстанның жері бай, үлкен, әдемі).
Қазақстанның жерінде не бар? (балалар жауабы: Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар, жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар).
Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіңдер? (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).
Мүғалім: Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?
(балалар жауабы: Олар бір — бірімен дос, тату тұрады.)
Мүғалім: Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар жауабы)
Мүғалім: Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме? (балалар жауабы)
Дүрыс, мемлекеттін рәміздері: елтанба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн) жатады. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков.
Мүғалім: Жарайсындар, балалар. Ал енді балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады? (балалар жауабы: мемлекеттік тіл — қазақ тілі).
Тіл туралы мақалдар дидактикалық ойын арқылы «Мен бастаймын, сен қошта»
1. Тіл – (қылыштан да өткір).
2. Тілі тәтті — (көнілі қатты).
3. Ең ащы да тіл – (ең тәтті де тіл).
Ең қатты да тіл – ( ең жүмсақ та тіл).
Грамматикадан тапсырмалар орындау.
1. « Отан» сөзін тәуелдеу.
2. «Қазақстан» сөзін септеу.
3. «Елтаңба» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Сабақты қорыту: бағалау,үй тапсырмасы «Туған жер» туралы эссе жазу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген