400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің Отаным - Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ екінші сыныпта дүниетану сабағынан өткізілді. Өте жақсы деңгейде өтті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.И.Алиханова


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-Менің Отаным

Мұғалімнің аты-жөні: Г.М.Мухамадиева

Күні: 24-қараша 2017 ж.

СЫНЫП: 2 «З»


Қатысқан оқушылар саны: 24


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.2 Қазақстан картасынан қалаларды, ірі өзен-көлдерді, жолдарды, өз облысын көрсету.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Өз Отанын картадан тауып көрсетеді. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: «Отан» деген ұғымның мағынасын түсінеді. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Астанадан Алматыға жету жолын таба алады. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

  • Топтық тапсырмаларды орындай алады.

  • «Отан» деген ұғымның мағынасын түсінеді.

  • Өз туған жерін картадан тауып көрсетеді.

  • Синквейн құрастырады

  • Каспий теңізі мен өзен-көлдерді картадан таба алады.

Ресурстар

ҚҚҚҚшь қулықҚР-ның картасы, карта-пазл, интерактивті тақта, слайд, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Ұйымдастыру

2 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Шаттық шеңбері

Отан деген – атамекен

Отан деген – туған жер

Отан – ана, Отан - үлкен

Қазақстан – туған ел!


слайд

Топқа бөліну

2 минут

Оқушылар сандықшадан қима қағаздарды таңдай отырып 4 топқа бөлінеді: «Оңтүстік», «Солтүстік», «Батыс», «Шығыс». Қима қағаздардағы қала аттары қай облысқа жаста, оқушы сол топқа барып отырады.

Горизонтальный свиток 4

1.Солтүстік


Горизонтальный свиток 5

2.Оңтүстік





Горизонтальный свиток 7

3.Батыс


Горизонтальный свиток 8

4.Шығыс






Оқушылар топ басшыларын сайлайды.

Топ ережесін еске түсіру.

Бағалау критерийлерімен танысады. Сол бойынша бағаланады.

Қима қағаздар, топ аты, слайд

Тақырып ашу

5 минут


Әр топқа конверт таратылады, №1 конвертіндегі тапсырманы орындайды. Берілген үш сөздің үшеуінде де қай әріп болса сол әріпті тақтаға келіп ілу керек

1.тоғыз, қорық, жол – О

2.тамыр, жастық, текемет – Т

3.адам, картоп, шумақ – А

4.үлкен, орман, нар – Н

Балалар ОТАН деген сөзді тауып алады.

ОТАН – РОДИНА – НОМЕLAND (хамланд)

Сұрақтарға жауап береді:

  • Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Оқушылар сабақтың тақырыбымен танысады. Қазақстан – менің Отаным.

Оқушылар оқулықтағы ақын Садықбек Хангелдиннің өз Отанына арнап жазған өлеңін мәнерлеп оқиды.

  • Бұл өлең шумақтарынан не түсіндіңдер?

Конверт

Оқулық

Слайд










Жаңа білім

10 минут


Білу және түсіну

Оқушылар берілген №2 конвертті ашады. Ол үшін әр топқа пазлдың бір бөлігі мен жұмбақ беріледі. Жұмбақтың шешуін тапқан топ өз пазл бөлігін тақтаға іледі.

  • 1.Ол қала – арман қала

Бағы бір жанған қала

Сұлулықты төккен қала

Ол қала – бас қала (Астана)

  • 2.Аты оның тәтті жеміс есіміндей

Жемісі халқының мол несібіндей.

Білмесең бұл қаланы онда сенің

Қалады қателігің кешірілмей (Алматы)

  • 3.Есімінде екі сөз бірігіпті

Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты

Ақпанда суық жақтан барған кісі

Бұл қалаға барғанда жылыныпты (Шымкент)

  • 4.Қайнаған қалың байлық ол қалада

Маңына жайып отыр миллион жанды

Байқасаң қара алтынды кенін көріп

Маңызы табысының өте мәнді. (Қарағанды)

«Жариялау» әдісі

Әрбір топ берілген жұмбақ бойынша өз жауаптарын жариялау керек.

Пазл бөліктерінен Қазақстанның картасы шығады.

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды.

Қазақстанда көрікті, тарихи қалалар өте көп. Ежелгі қалаларға: Түркістан, Тараз, Алматы жатады. Бұл біздің Отанымыздың тарихы тереңде жатқанын білдіреді. Біздің әсем қала Астана – еліміздің бас қаласы. Еліміздің қалалары бір-бірімен теміржол арқылы байланысады. Орал қаласынан Алматыға дейін теміржол арқылы барса, екі күндік жол болады. Бұл біздің Отанымыздың аумағы үлкен екенін көрсетеді.



Дәптермен жұмыс:

  • Оқушылар Қазақстанның кескін картасынан Каспий теңізін, Жайық, Ертіс, Сырдария өзендерін, Астана, Алматы, Тараз қалаларын тауып, атауларын жазады.

  • Кестеде берілген қалалар мен өзендер Қазақстанның қай жағында орналасқан?


Өзен немесе қала

Көкжиек тұстары

Жайық

Солтүстік

Астана

Оңтүстік

Сырдария

Шығыс

Ертіс

Батыс




Карта пазл, ҚР-ның картасы.

Оқулық.

жұмбақтар



ҚР-ның картасы.

Оқулық.

Жұмыс дәптері


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Мен қазақпын.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Ортасы

5 минут







Топтық жұмыс

Әр топ Қазақстанның бір қаласының немесе бір өзенінің атауын тақырып етіп алып синквейн жазады.

Синквейн (бес жолды өлең)

1.Астана

2.әдемі, көрікті

3.дамыды, көркейді

4.Мақпал Астанаға қыдыруға кетті.

5.қала

Ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

3 минут

Ой қорыту Аудиожазба қосылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді (иә, жоқ)

1. Қазақстан жері кең байтақ

2. Қазақстанда Каспий теңізі бар

3. Астанасы – Астана қаласы

4. Мемлекеттік тіл – орыс тілі

5. Қазақстанда Алтай тауы бар

6. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі

7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық – өзендері бар

8. Ежелгі қалалар – Тараз, Алматы, Түркістан

9. Ұлты - қазақ

10.Қазақстан - менің Отаным!


Аудио

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Кері байланыс


Бағалау


5 минут









Менің қолымда Қазақстанның жалауы. Мен сендерге қолдарыңа кезекпен жалауды алып, сөйлемді аяқтауды ұсынамын: «Мен өз Отаныммен мақтанамын, себебі...»




Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, күн, бұлт немесе жауын бұлтына жабыстырады.

Үйге тапсырма: 37-бет, 2 тапсырма



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі