Материалдар / Ашық сабақ: «Менің Отаным - Қазақстан»

Ашық сабақ: «Менің Отаным - Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас бүлдіршін балғындарға өз елі, Отаны, рәміздері, тарихы туралы түсінік бере отырып, оларды отансүйгіштік патриоттық сезімге тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АптаКүні№ 12-сабақ
Сабақтың тақырыбыБіздің сынып
Ортақ тақырыпМенің мектебім
Бағдарлама бөліміне сілтеме1.2. Мектеп және мектеп ұжымы
Жалпы мақсаты:2.1.2.4. Өз сыныбына сипаттама беру
Күтілетін нәтижелерОқушылар:
  • мұғалімнің жоспары, тапсырмалары, оқулықтың және жұмыс дәптерінің нұсқаулығымен әрекет етеді;
  • мұғалімнің бағыттауы бойынша оқулықтың мәтіні және суреттерінен қажетті ақпаратты алады;
  • өздерін ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінеді;
  • сыныптағы бір-бірімен байланыс жасаудың ережелерін талқылайды;
  • сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады;
  • сөздік қорын сыныптас сөзімен толықтырады.


  • Жетістік өлшемдеріОқушы мақсатына жетеді, егер:
  • мұғалімнің жоспары, тапсырмалары, оқулықтың және жұмыс дәптерінің нұсқаулығымен өзіндік әрекет ете алса;
  • оқулықтың мәтіні және суреттерінен қажетті ақпаратты ала алса;
  • өзін оқушы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттай алса;
  • өз көзқарасын жеткізе отырып сыныпқа және сыныптағы қарым-қатынастарға сипаттама бере алса;
  • жұптық және топтық жұмысқа белсенді қатыса алса;
  • сабақтың оқу міндетін түсіне алса және орындай алса;
  • сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорыта алса;
  • Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер:
  • мұғалімнің жоспары, тапсырмалары, оқулықтың және жұмыс дәптерінің нұсқаулығымен өзіндік әрекет етсе;
  • мұғалімнің бағыттауымен оқулықтың мәтіні және суреттерінен қажетті ақпаратты алса;
  • өзін оқушы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттаса;
  • сыныптағы қарым-қатынастардың ережесін талқыласа;
  • сабақтың оқу міндетін түсінсе және орындауға тырысса, сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытса.
  • Оқытудың әдістері мен тәсілдеріӘңгіме құру, оқулық және дәптермен жұмыс, жұптық жұмыс, өзіндік жұмыс, дидактикалық ойын.

    Көрнекі құралдарМұғалімге: компьютер, сыныптас сөзі көрсетілген тақтайша, тақырып бойынша суреттер, музыкалық сүйемелдеу, моншақтар, 10 әуе шары, кәмпиттер, пазлдар.Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері.
    Кілттік сөздер және пікірлерОқушы, сабақ, үзіліс, мектеп қауымдастығы, өзін ұстау ережелері, міндеттер
    Сабақтың барысы
    УақытСабақтың өту кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
    1 мин.Ұйымдастыру. Жағымды көңіл күй қалыптастыру– Менің көңіл күйім керемет! Ал сендердің ше? Жақсы көңіл күй болса, онда айналадағыларға оны қалай тарту етесің? Әрине көңілді күлімсіреп. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр, оларға да күлімсірейік. Сондай-ақ бір-бірімізге және де парталас сыныптасқа да күлімсірейік. Жақсы көңіл күй сабақтың аяғына дейін сақталуын тілеймін.

    Оқушылар мұғалімнің тапсырмасын орындайды.

    3 мин.Сабақтың мақсатын қоюҚозғалысқа келтіру тапсырмасы.– Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгін сабағымыз қандай тақырыпқа арналады?– Бұл сұрақтарды мен бекерге қоймадым, ойланыңдар, бүгінгі сабағымызда біздер кім туралы және не туралы сөйлесеміз. Біздің кездесуімізді қалай белгілейміз? («Біздің сынып, сыныптастар, достар»)– Бұл тақырыптың атауы түсінікті болып көрінгенмен, шын мәнінде онда терең көрегендік мағына жатыр және күрделі ойлауды талап ететін көптеген мәселелі сұрақтардан тұрады. Қалай ойлайсыңдар, не туралы? Ненің шешімін тапқыларың келеді? Бұл тақырыпты оқи отырып, жаңадан нені білдіңдер?– Сыныптастар, достар сөздеріне анықтама беру.– Біз қандай сыныптастармыз?– Өмірде достық қажет пе?

    Сұрақтарға жауап береді.







    Өздерінің пікірлерін айтып білдіреді.

    13 мин. Жаңа білімдерді меңгеру «Сынып» сөзіне ассоциация. Сынып – бұл балалар ұжымы, сынып бөлмесі.– Ұжым дегеніміз не? – Ұжым деп жалпы бір іспен немесе оқумен, бір қызығушылық көзқараспен жиналған адамдардың тобы. Мектеп сыныбы ұжым болуы мүмкін. Ұжымға біріккен адамдар – жолдастар.– Сендердің сыныптарыңды сынып ұжымы деп атаса бола ма? Неліктен? Ал отбасы деп ше?– Кәне, тексерейік. Ойын ойнауды ұсынамын.

    Топтағы жұмыстың ережелерін талқылайды. Түрлі жағдайлар ұсынылады: (уақыт шегі анықталады).1-топ. 1 минут ішінде шашылған моншақтарды қалай жинауға болады?2-топ. 10 шарды бірден үрлеп, оларды тарту ету.3-топ. 10 кәмпитті бір уақытта қалай жеуге болады?4-топ. 1 минут ішінде қалай сурет салуға болады?5-топ. Қалай пазлдан суретті жинақтауға болады?– Тапсырмаларды орындау жеңіл ме?– Ненің көмегі тиді? Қандай қиындықтарға тап болдыңдар? Неліктен?– Ұйымшыл ұжымды қандай затпен салыстыруға болады? (Үлкен мандарин, қарындаштар қорабы және т.б.)

    «Сыныптастар» кластерін құрастыру.















    – Сендердің ойларыңша, сыныптастар дегені кімдер?СЫНЫПТАС – Біз бір сыныпта бірге оқитын сыныптаспыз.– Нағыз сыныптастарды қандай қарым-қатынастар байланыстырады?– Достық дегеніміз не?ДОСТЫҚ – бір-біріне деген сенімге, құштарлыққа және мүдделерінің ортақтығына негізделген жақын қарым-қатынастар. Ескі достық, сыныптастар достығы. Досы көпті жау алмас.– Сыныптастарыңа қандай қарым-қатынас жасау керек?– Олардың қарым-қатынасына сызат түспеу үшін неге жол бермеу керек?– Неліктен бір-біріне көмектесу қажет.Мектептегі жолдас бұл – оқуда ынтымақтасатын және бір-біріне көмектесетін сыныптастар. Мектептегі жолдастар оқуда, сабақта және үйде, үй тапсырмаларын орындауда өзара көмек береді, сондай-ақ қоңыраудағы үзілісте, ал сабақтан кейін – қызығушылықтары бойынша бос уақыттарда бірге уақыт өткізеді.Сонымен, сынып оқушылары бірге жасалатын, ортақ күшпен бірігеді.

    Сергіту сәті. Енді біз демаламыз,Айналаны шоламыз.Қол-аяқты кезекпен,Оңға-солға созамыз.Күн шыққанда сүйініп,Бәйшешектей иіліп,Біз тынығып аламыз.Жиі-жиі жаттығып,Үлкен кісі боламыз.Бір, екі, үш, бір, екі, үш,Бойға жинап күш.Жаттығу жасап алайық,Бір дем алып қояйық. (К) Сыныптағы қарым-қатынастардың мәнін түсіну (диалог-әңгімелесу).– Ойланыңдар, біздің сыныпта іскерлік қарым-қатынастар бар ма?Оқудағы өзара көмекті талдау: 1. Сыныптастарыңа мектепте немесе үйде сабақ оқуда көмектесесіңдер ме?2. Сыныпта оқуға жәрдемдесуге қажеттілік туындаған жағдайлар болды ма?3. Сендердің біреулерің көмекке жүгіндіңдер ме және көмек сұраған сыныптасыңа көмек қолын созды ма?Өзіндік тәрбиеленуде өзара көмекті талдау:1. Өздеріңнің сыныптастарыңның қандай жақсы қылықтарын сабақта, үзілісте, сабақтан кейін, сондай-ақ тақта алдындағы қызықты жауаптарынан байқадыңдар?2. Сабақ үстінде сендерге басқа оқушылар кедергі келтіре ме? Сыныптастарыңның қандай жаман қылықтарын үзілісте немесе мектептен тыс жерде көресің? 3. Мұндай жағдайларда қалай әрекет етесіңдер? 4. Бос уақыттарыңды қызығушылықтарың бойынша сыныптастарыңмен бірігіп өткізесіңдер ме? Немен айналысасыңдар? 5. Сыныпта кімді жолдас деп атайсың? Ол жолдастығын қандай ісімен білдіреді?

    Жаңа сөздерді енгізеді.– Балалар, жаңа сөзге мән беріңдер: сыныптас.
    Тыңдап, әңгімеге қатысады.Сұрақтарға жауап береді.













    Топта жұмыс істеудің ережелерін естеріне түсіреді және атайды.

    Әр топ конверттегі тапсырманы және қажетті көрнекіліктерді алып, дұрыс шешімді таңдай отырып тапсырманы орындайды.













    Кластер құрастырып, өз ойларын білдіреді.





































    Мұғалім көрсеткен қимылдарды қайталайды.





























    Оқушылар өз мысалдарын келтіреді.



    Өз пікірлерін білдіреді. Өздерінің мысалдарын келтіреді. Басқа оқушылардың пікірлері тыңдалады.















    Мұғалімнің соңынан жаңа сөздерді қайталайды.

    15 мин.















































































































    Жаңа материалды түсінуді тексеру Оқулықпен жұмысты ұйымдастырады. Мұғалім оқушылармен бірге оқулықта берілген екі жағдайды талдайды, ал қалған екеуін сахналайды.1. Сабақ енді басталып еді, бір оқушы портфелін құлатып алды, оның ішінен бір заты ақтарылып қалды. Бұл жағдайда өзіңді қалай ұстайсың?– Сыныппен барлығымыз көмекке келеміз.– Дауыстап күлеміз, бұл өте қызық қой.Басқа нұсқа.2. Сәкен сырқаттанып қалу себебінен біраз сабақты жіберіп алды. Бақылау жұмысында ол Әлиядан көшіріп алғысы келді. – Әлия қандай шешім қабылдайды? 3. Үзілісте екі дос қыз ұрсысып қалады, жанжалдасады, сендердің ондай жағдайға әрекеттерің:– Қасынан өтіп кету керек, бұған менің қатысым жоқ.– Бұл көріністен цирк жасауға болады. Ұрыс пен төбелесті көргенді ұнатамын.– Қасынан өтіп кетейін, бұл олардың өз мәселесі.– Мұғалімге айту керек, оларды жазаласын.– Басқа жауап.4. Үзіліс кезінде Әлия Айжанға маңызды бір жаңалықты айтқысы келді, бірақ Айжан сабаққа дайындалып, өзін мазаламауды өтінді. Сабақ басталды. Әлия барынша Айжанның көңілін өзіне аударғысы келеді. – Әлияның орнында сенің әрекеттерің қандай? 5. Мұғалім апай тақтаға бір оқушыны шақырады, ол сабақтың тақырыбын білмейді, бірақ жауап беруге тырысады, ұжымға көмектесуді көзбен жеткізеді. Дұрыс қалай істеуге болады?– Білдіртпей айтуға болады.– Оған ұят болатындай бүкіл сынып дауыстап күлу:– Оны жақтап, тақырыпты түсіндіруді көмектесетініне сөз беріп, мұғалімнен одан ертең сабақ сұрағанын өтіну керек.6. Біздің сыныпта кейде мына өлең жолдарындағы жағдайлар болатынын жасырмайық.– Кім бірінші ренжітті?– Ол мені!– Жоқ, ол мені!– Кім бірінші соққы берді?– Ол мені!– Жоқ, ол мені!– Бұрын сендер дос едіңдер?– Мен дос едім!– Мен де дос едім!– Нені бөліспедіңдер?– Мен ұмыттым!– Мен де ұмыттым!– Не үшін екі дос жанжалдасты? Рас, олардың өздері де не үшін ұрысқандарын түсінбеді. Сендердің қайсыларыңа достық байланысын осындай жолмен білдіргенін қалар едіңдер?– Біз көргендей, ұрыс-керіс болымсыз нәрсе үшін туындайды, сондықтан достаса білу керек.Сергіту сәті. «Аралдар» ойыны. Сынып екі топқа бөлінеді. Еденде кішігірім екі «арал» сызылады. Балалар әуеннің ырғағына кез келген қозғалыстар жасайды, ал әуен тоқтағанда, жылдам түрде өз «аралдарында» орналасады (сыю үшін кейбір балаларға бір аяқтарын көтеріп тұруға, ал кейбіреулеріне оларды ұстап тұруға тура келеді). «Аралда» барлығы сыйған команда жеңеді.

    Дәптермен жұмыс. «Пазл» стратегиясы. Жұпта орындауға арналған тапсырма. Мақал-мәтелдерді құрастырып жинақтаңдар. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. Оқушылар өз пазлының бір бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Мысалы, пазлдар, әртүрлі түске боялуы мүмкін. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар бір командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі. Кімнің жұбы мақалды тезірек біріктіреді?1. Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.2. Құс қанатымен, адам достарымен мықты.3. Дос егіз, дұшпан сегіз.4. Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.5. Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады.6. Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.7. Дос ажарың, жолдас базарың.8. Дос көргеннен түңілме.9. Дос құшағы жаз.10. Досы көпті жау алмас.11. Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.12. Күлме досыңа, келер басыңа.

    Сыныптастарыңмен өзара қарым-қатынас туралы ескертпе құру:
  • Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін.
  • Жақсы доспен көңілді сәттілік те, қайғы да жеңілірек.
  • Достарыңмен сыпайы бол; оларға лақап, жалған ат қойма, сөйлесе тұра дауыс көтерме, «сыпайы сөздерді» («рақмет», «өтінемін» және т.б.) айтуды ұмытпа.
  • Досыңмен болмашы нәрсеге жанжалдаспа, ұрыспа, тату-тәтті жұмыс істеп, ойнауға тырыс.
  • Егер де қызықты ойындарды білсең немесе бірдеме қолыңнан келсе, басқаларды да үйрет. Ойнағанда дөрекі болма, дауыс көтерме.
  • Шағымданушы болма. Егер досың дұрыс емес қылық істесе, ол туралы бірден айт: егер де ол жаман іспен айналысса, досыңды тоқтат.
  • Балақайлармен ойна, оларды ренжітпе: егер олар ұрысып-керіссе, оларды татуластыр, төбелесіп қалса ажырат.
  • Сенде бәрі жақсы болып жатса, дандайсыма, ал егер де қолыңнан келмей жатса, ашуланба және ұн-жұрғаңды түсірме.
  • Шығармашылық жұмыс. «Саялы ағаш» жаттығуы.Сөйлемді аяқтауға тырысып көріңдер. Ағаш жапырақсыз... (адам доссыз болғандай). Мен не көріп тұрмын. Жапырақсыз жалғыз ағаш. Ағашты көргенде бастарыңа қандай ойлар келді?Кәне, оны түрлі түсті жапырақтармен безендірейік, ол көңілді, әдемі болсын, адамдар оған сүйсінсін. Жапырақтарды жабыстырыңдар. Әрбір жапырақ – жақсы дос болуға көмектесетін және ұжымда өзара түсіністікті сақтайтын мінездің сипаты. Өз жапырақтарыңды ағашқа іліңдер. Партада – көмекші карточкалар жатыр.



    Балалар, естеріңде болсын! Достыққа қабілеттілік, достаса білу, достарды таңдау, достықты сақтау – адамның ең басты қасиеттерінің бірі.– Ал қазір бұл ағаш сендерге қандай сезім тудырды? Егер (үзілісте) жақтау жасаса, бұл мықты, әдемі ағаштың суреті болады.
    Оқулықты ашып, мәтінді оқиды және суреттерді қарастырады.













    Әр топ конверттен алынған тапсырманы рөлдік сомдайды.

















    Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын басқалардың ой-пікірлерімен салыстырады.











































    Сұрақтарға жауап береді.









    Ойын шартын сақтай отырып, мұғалім ұсынған тапсырманы орындайды.











































    Топ ішінде ескертпе құрастырып, оны сыныпқа ұсынады.



















    Бақылайды, басқа топтардың жұмыстарын бағалайды.





    Бірлесе отырып орындайды.









    Тыңдайды, әңгімеге қатысады. Өз пікірлерін айтады.

    7 мин.Жаңа тақырыпты бекіту«Сынып өмірінің заңдары» постерін құру. Балаларға сынып ұжымы өмірінің келесідей заңдарын талқылауға ұсынуға болады. Біздің өмірдің заңы.1. Құрметтеу. Адамдарды құрметте, сонда басқалар да сені құрметтейді.2. Достық. Өмірде жалғыз өзіңе қиын болатын сәттер болады. Сонда көмекке досың келеді.3. Батылдық. Батыл бол, кедергілерден қорықпа.4. Сүйіспеншілік. Достарыңды, ата-анаңды, Отаныңды және айналаңдағының бәрін сүй.5. Мейірімділік. Мейірімділік – бұл күш. Күшті болуға қорықпа – адамдарға мейірім сыйла.6. Қайырымдылық. Сенің қасыңда көмекті қажет ететін адам болса, көмектес!7. Еңбексүйгіштік. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Еңбекқор бол!– Бұл заңның сен үшін маңыздылығы қандай?

    Бірлесе тапсырманы орындайды.

























    2 мин. Рефлексия және бағалауБағалауды және рефлексиялық әңгімелесуді ұйымдастырады.
  • Бүгінгі сабақта өздерің үшін жаңадан не аштыңдар?
  • Сабақта орындаған жұмысыңа кімнің көңілі толады?
  • Нақты неге көңілдерің толды?
  • Рефлексия. Әркім сабақтағы өз жұмысын бағаласын.– Егер де сендерге барлығы түсінікті болса және сендер ата-аналарың мен сыныптастарыңа ол туралы айта алсаңдар – сендер үш қарындашты жасыл түспен бояйсыңдар.– Егер де сендерге жартылай түсінікті болса – онда екі қарындашты – сары түспен бояңдар.– Егер де сендерге сабақтың тақырыбы мүлдем түсініксіз болса – онда бір қарындашты қызыл түспен бояңдар.Енді балалар, біз сендердің сыныптастарыңмен де ынтымақты екендеріңе сенімдіміз.Сабақтың соңында барлығымыз бір шеңберге тұрып, қол ұстасып, көршіміздің көзіне қарап, оған ең мейірімге тола күлкіні (бәріне кезекпен) сыйлайық. «Ең ынтымақты сынып» атауын ары қарай да ақтайсыңдар деп сенемін.

    Сұрақтарға жауап береді. Бағалау: дәптердегі тапсырманы орындап, өз әрекеттеріне ой жүгіртеді. Өз таңдауларын түсіндіреді.
    1 мин. Үй тапсырмасыҮй тапсырмасын айтады.
  • Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындаңдар.
  • Тапсырманы жазып алады.
    3 мин. Қорытындылау «Сыныптастар» синквейнін құрастыру.
  • Сыныптастар
  • Ақылды, тәртіпті.
  • Оқиды, достасады, араласады.
  • Сынып – бұл менің сыныптастарым.
  • Достар.
  • Өздеріңді суреттеңдер. Егер де сендерге біздің сыныпта жақсы болса, өздеріңнің суреттеріңді (портреттеріңді) көтеріңдер. Егер де сендер әлі де сыныптастарыңмен араласып үйренбесеңдер, онда көрсетпеңдер.
  • Постерлерді бағалау: дауыс бер (өзіңе ұнаған постерге өз портретіңді жабыстыр).Сынып – бұл үлкен мүдделес ұжым. Егер ұжым тату болса, онда оқуда көңілді, жеңіл әрі қызықты өтеді. Бізге мектеп іс-шараларын жүргізу оңай, өйткені біздің ұжым ынтымақты. Біз бір үлкен, тату отбасы сияқты тұрамыз.

    Синквейн құрастырады.









    Өз суреттерін салады.








    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ