Материалдар / Ашық сабақ: Менің отаным - Қазақстан 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Менің отаным - Қазақстан 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналғаннннннн
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
572
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан

Мақсаты: а)Оқушылардың санасына туған Республика туралы мағлұматтарды кеңейту, еліміздің қысқаша тарихымен, ұлттық белгілерімен, мемлекеттік рәміздермен таныстыру.

ә) Ана тілін сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпын, тілімізді, салт – дәстүрлерін сақтап, әр қарай жалғастыруды дамыту

б)Туған өлкеге, өз Отанына деген оқушылардың зейінін аудара отырып, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу,


Көрнекілік: ҚР Елтаңбасы, Туы, Гимні жазылған плакат, Қазақстанның картасы, қанатты сөздер жазылған плакаттар.Интерактивті тақта. «Ауылым менің - Ақтөбе» кітабы


Сабақтың барысы:


1 Ұйымдастыру.

2 Негізгі бөлім.

Мұғалім:

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным-Қазақстан» .

- Балалар Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушы:

Отан – менің ата анам,

Отан досым, бауырым,

Отан - өлкем, Астанам,

Отан – туған ауылым.


Бақыт елі – бұл Отан,

Бәріңе мен иеміін.

Біздің Отан – Ұлы Отан,

Ұлы Отанды сүйемін!


Мұғалім: Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Ия, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты бәріміз білеміз.

ҚР астанасы қай қала?


Астана туралы не білеміз?

Слайд арқылы суреттер көру.


Әр Республикасының өз Гимні, өз Туы және Елтаңбасы бар. Осы мемлекетеміздің рәміздері жайлы біраз түсінік берейік. 1992-ші жылғы маусымның 4-і күні Республикамыздың Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды


Ту


Көк түс біріншіден: хан – көк тәңірді, ұлы аспанды еске түсірсе, екіншіден: ол шексіз кеңістікті, мемлекетіміздің ұлан – байтағын бейнелейді. Үшіншіден: ол абажақ емес, бір ғана түсті, яғни мемлекет бөлінбейді деген ойды нұсқайды. Содан соң, көк аспанды, күн нұрын бейнелейді, өйткені күнсіз тіршілік жоқ, сондықтан қазақ оған үлкен мәртебе берген. Күн астында қыран ұшып барады. Ол да жас мемлекетіміздің, Егемен еліміздің қанатын жайып, биікке ұмтылғандығын көрсетеді. Қыран қазаққа етене жақын ұғым. Тудың сол жағындағы ою өрнек те, ұлтымыздың ерекшелігін байқатады. Сөйтіп, ошақтың үш табанындай осы үш тірек көркемдік ойды біріктіреді деген екен.


Елтаңба:


Қазақстан Республикасының Елтаңбасы қазақ ұлтының ежелгі тарихынан, дәстүрі мен мәдениетінен, елдігінен, халықтың өзіне тән мінез, сенім ерекшелітерінен мағлұмат береді. Елтаңбасының басты ерекшелігі – ортадағы шаңырақ – от, ошақ, Отан деген мағынаны білдіреді. Шаңырақтың жан – жағынан шаншылған уық, шашырай атқан таңның, алтын шапағатынан елес береді. Елтаңбаның жоғары жағында бес қырлы жұлдыз бедері бейнеленген. Қазақта: «Шаңырағың биік болсын, іргең сөгілмесін» деген мәтел бар. «Жұлдызың жоғары болсын» деп бата берген бабаларымыз. Қазақ дәстүрінде шаңырақты отқа жақпайды, жұртта қалдырмайды, тозған кезде тастамайды, жоғары жерге іліп қояды. Атадан – балаға мирас етіп қалдырады.

Қанатты ат ғасырлар бойы халқымыздың бостандыққа ұмтылған, бірлікке толы өмір жолын елестетеді. Алдағы заманда халқымыздың мәртебесі құс қанатындай шапшаң, әрі шырқау, биікке самғайды делінген арман, тілек жатыр. Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, қазіргі күрделі заманда өз отбасымызды, Отанымызды бәле – жаладан қорғай білейік. Бір атаның баласындай тату – тәтті еңбек етіп, бақытты ғұмыр кешейік. Республикамызды мекендеген барлық адамның, әр ұлт пен ұлыстың еңбегі жансын, бақытқа бөленсін деген ізгі тілек білдіреді.

Гимн:

Авторлары, шығу тарихына тоқталу


Тәуелелсіз Қазақстанның даму жолдары (Слайд суреттер)


Оқушы:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы – менің туған өлкем!


Түлігі өскен алуан –алуан,

Төл алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы – менің туған өлкем!


Туған жеріміз Ақтөбе ауылы туралы әңгімелеу. Ауыл тұрғыны –Биқұт атаның «Ауылым менің-Ақтөбе» кітібынан үзінділер оқып беру.




3 Қорытынды


Мұғалім: Отанымыздың жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Мұнда жер жүзіндегі белгілі қазба байлықтарының бәрі бар. Көмір, мұнай, металл – рудалары, әр түрлі тұздар басқа да сан – алуан байлық мол, сонымен қатар астықты алқап. Жеріміздің табиғат байлықтары халқымыздың игілігіне жұмсалуда.

Біздің республикамыз көп ұлтты. Біздің республикада түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді, қызмет жасайды. Біз Республикамызды, Отанымызды әрдайым қорғауымыз керек, тек бірліктің, достықтың арқасында ғана біз күшті боламыз.

Оқушы:

Көк байрағым менің, қызық күнім менің.

Асқар тауым елім – ана – Отаным.

Көп күндерім – жарқын, жас өмірім – алтын,

Арналды саған, Отаным.

Орман көлім менің, арман жерім менің,

Сүйем сені мәңгі, ұлы Отаным.

Жаралғаным үшін, көп арманым үшін.

Мен сүйемін сені, Отаным!



Хор: «Атамекен» әні

















































Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан

Мақсаты: а)Оқушылардың санасына туған Республика туралы мағлұматтарды кеңейту, еліміздің қысқаша тарихымен, ұлттық белгілерімен, мемлекеттік рәміздермен таныстыру.

ә) Ана тілін сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпын, тілімізді, салт – дәстүрлерін сақтап, әр қарай жалғастыруды дамыту

б)Туған өлкеге, өз Отанына деген оқушылардың зейінін аудара отырып, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу,

Күтілетін нәтиже:ҚР туралы,туған жер туралы мағлұмат алып, туған жерге деген сүйіспеншілігі артады, өз елінің патриот азаматы болып қалыптасады.

Көрнекілік: ҚР Елтаңбасы, Туы, Гимні жазылған плакат, Қазақстанның картасы, қанатты сөздер жазылған плакаттар.Интерактивті тақта. «Ауылым менің - Ақтөбе» кітабы


Күтілетін нәтиже

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушының назарын сабаққа аудару Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Сәлемдесу

Танысу


Оқушылыр өздері қалаған орынға отырады


Шеңбер бойына тұрып, өз аттарын айтады.


Нақыл сөздер, 1.Отанды сүю – от басынан басталады.
2. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
3. Кісі елін де сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

Заңдар


Тренинг


Жаңа сабақ

Тақырып бойынша жұмыс

Сұрақ-жауап

Сабақтың тақырыбын , мақсатын түсіндіру

- Балалар, Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – осы достарым,


-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!


Мақал-мәтелмен жұмыс,мағынасын ашу.

1 Отанды сүю – от басынан басталады.

2. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

3. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Ия, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты бәріміз білеміз.

-ҚР астанасы қай қала?

-Астана туралы не білеміз?

Астана-Отанымыздың елордасы. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 1998 жылы қала Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Қаланың ортасынан Есіл өзені өте-ді. Астана тез өсіп дамып келеді. Ол –еліміздің мақтанышы. «Астана-Бәйтерек » кешені –Астананың символы.Оның ең жоғары қабатына шығып қарасаң , жас әрі жаңа Астананың керемет көркін тамашалайсың


Слайд арқылы суреттер көру.


Әр Республикасының өз Гимні, өз Туы және Елтаңбасы бар. 1992-ші жылғы маусымның 4-і күні Республикамыздың Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды

Ту

Көк түс біріншіден: хан – көк тәңірді, ұлы аспанды еске түсірсе, екіншіден: ол шексіз кеңістікті, мемлекетіміздің ұлан – байтағын бейнелейді. Үшіншіден: ол абажақ емес, бір ғана түсті, яғни мемлекет бөлінбейді деген ойды нұсқайды. ..... Сөйтіп, ошақтың үш табанындай осы үш тірек көркемдік ойды біріктіреді деген екен.

Елтаңба:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы қазақ ұлтының ежелгі тарихынан, дәстүрі мен мәдениетінен, елдігінен, халықтың өзіне тән мінез, сенім ерекшелітерінен мағлұмат береді. Елтаңбасының басты ерекшелігі – ортадағы шаңырақ – от, ошақ, Отан деген мағынаны білдіреді. ....

Республикамызды мекендеген барлық адамның, әр ұлт пен ұлыстың еңбегі жансын, бақытқа бөленсін деген ізгі тілек білдіреді.

Гимн:

Авторлары, шығу тарихына тоқталу

«Менің Отаным-Қазақстан»

Туған жеріміз Ақтөбе ауылы туралы әңгімелеу. Ауыл тұрғыны –Биқұт атаның «Ауылым менің-Ақтөбе» кітібынан үзінділер оқып беру.


Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?


Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.


Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Отан- тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан – өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.
























Президент, Астана туралы ойларын айтады



Даярлық топта танысқан рәміздер туралы жаттаған рәміздер туралы тақпақтарын айтады







































Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы – менің туған өлкем!


Түлігі өскен алуан –алуан,

Төл алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы – менің туған өлкем!




Президенттің суреті

Астана,Рәміздердің суреті, слайд



























































«Менің Отаным-Қазақстан»

слайд


«Ауылым менің-Ақтөбе» кітабы

Ой қозғау

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

«Егер мен Президент болсам»


Өз ойларымен бөліседі













Қорытынды


-Отанымыздың жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Мұнда жер жүзіндегі белгілі қазба байлықтарының бәрі бар. Көмір, мұнай, металл – рудалары, әр түрлі тұздар басқа да сан – алуан байлық мол, сонымен қатар астықты алқап. Жеріміздің табиғат байлықтары халқымыздың игілігіне жұмсалуда.

Біздің республикамыз көп ұлтты. Біздің республикада түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді, қызмет жасайды. Біз Республикамызды, Отанымызды әрдайым қорғауымыз керек, тек бірліктің, достықтың арқасында ғана біз күшті боламыз.


Картадан көрсету





Қазақстан картасы






















Менің


Отаным-


Қазақстан



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!