Бекітемін:
Күні: 01.09.2015
жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп
қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата
мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы,
рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие
беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие
сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын
өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай
300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға
созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол
мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,
мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Оқушы:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Оқушы:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
Оқушы:
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
Оқушы:
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Оқушы:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Оқушы:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
Оқушы:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
Оқушы:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
Оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
Оқушы:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
Оқушы:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Оқушы:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Айбат:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Оқушы:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Оқушы:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Қазақ биі. Орындайтындар: Сыныбымыздың бір топ қыздары.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай
мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Оқушы:
Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Оқушы:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Оқушы:
Туған жер – алтын бесік.
4. Оқушы:
Туған жердің топырағы да ыстық.
Асылай:
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
Оқушы:
Отан – оттан да ыстық.
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер -
Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына
Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз
бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген
мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар
перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты
қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау
болыңыздар!