400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Менің Отаным – Қазақстан!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің Отаным – Қазақстан!» Мақсаты: Балаларға Отан туралы қарапайым түсінік беру. Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Мемлекеттік туымызбен таныстыру, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, сөйлеу және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Отаным – Қазақстан!»

Мақсаты: Балаларға Отан туралы қарапайым түсінік беру. Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Мемлекеттік туымызбен таныстыру, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, сөйлеу және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрады.

Тәрбиеші: Армысыңдар, балалар! Бүгін біз Отанымыз туралы әңгімелесеміз. Біздің Отанымыз — Қазақстан. Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан — біздің туған еліміз!

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз,

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де

Қуанайық,  достарым

Арайлап атқан күнге!

2. Әңгімелесу: «Менің Отаным Қазақстан » мултьтоптама көрсету.

Тәрбиеші балаларға Қазақстан туын көрсетіп, сұрақтар қояды:

• Балалар, мынау не? — Ту.
• Туымыз қандай түсті? — Көк.
• Біздің Отанымыз қалай аталады? — Қазақстан.
• Біз елімізді жақсы көреміз бе? — Иә!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қазақстан — біздің туған жеріміз. Біз елімізді жақсы көреміз.

3. Дидактикалық ойын «Сыңарын тап»

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру, бірдей бұйымдарды тауып, жұптастыруға үйрету. Балалардың зейінін, есте сақтауын, көру арқылы қабылдауын және ойлау қабілетін дамыту. Ұлттық бұйымдарға қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Балалардың алдына ұлттық бұйымдар бейнеленген суреттер қойылады. Балалар суреттерге мұқият қарап, бірдей заттарды табады. Тәрбиешінің көмегімен бірдей заттардың сыңарын тауып, суреттің үстіне қояды.

4. Қимылды ойын «Күннің шуағын жаса»

Ойынның мақсаты: Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, зейінін, ептілігін арттыру, түстерді ажыратуға және бірлесіп әрекет етуге үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: Күннің суреті, жіптер және әр балаға арналған тәрелкелерге салынған макарондар.
Ойынның шарты: Балалар үстелді айнала отырады. Үстелдің ортасында күннің суреті орналасады. Әр баланың алдында макарон салынған тәрелке тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар өздеріне берілген макарондарды жіпке бір-бірлеп тізеді. Балалар макарондарды ұқыпты әрі дұрыс тізіп, күннің сәулелерін жасауға көмектеседі. Ойын соңында күннің сәулелері толықтырылып, әдемі күн бейнесі құрастырылады.

5. Сергіту сәті «Біз бақытты баламыз»

Көкке қолды созамыз,
Күнге қарап күлеміз.
Қолдарымызды соғамыз,
Аяқпенен топылдаймыз.
Біз бақытты баламыз,
Қазақстанда тұрамыз!

6. Шығармашылық жұмыс: «Күнді суға толтыр» ойыны

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және Қазақстан туына қызығушылығын арттыру. Балалардың қол қимылдарын дамыту, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа және ептілікке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Балалар кішкентай ыдыстарға құйылған суды стақанмен алып, белгіленген үлкен ыдысқа құяды. Әр бала суды төкпей, ұқыпты түрде тасуға тырысады. Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар кезекпен әрекет етеді. Ойын соңында үлкен ыдысқа көбірек су жинағандары емес, тапсырманы ұқыпты орындаған балалар мадақталады.

Қорытынды

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

• Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік?
• Біздің Отанымыз қалай аталады?
• Туымыз қандай түсті?
• Біз Қазақстанды жақсы көреміз бе?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Біздің Отанымыз — Қазақстан! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
84
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі