400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің Отаным-Қазақстан" 4-сынып. қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін жетілдіруге, сөздік қорын молайтуға негізделген. Сабақта оқытудың жаңа технологиялары қолданылған. Оқушылыларды үш тілде сауатты жазуға, сөйлеуге дағдыландыратын сөздік жұмыстары да бар. Оқушылар топта жұмыс істей отырып, жаңа білімді өздері меңгереді. Тәрбиелік мақсаты-жас ұрпақты отансүйгіштікке, бірлікке тәрбиелеу, өз елінің рухани құндылықтарын бағалай білуді насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-сынып. Қазақ тілі

Уақыты--------------------

  1. Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

  2. Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін толықтыру, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
    Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
    Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
    Сабақтың әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, стратегиялар, ,АКТ,

  3. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен амандасу;

  • Кезекшімен әңгіме;

  • Психологиялық дайындық:

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап

Қазақ тілін бастаймыз!

  • Топқа бөлу. Стикерлердің түсі бойынша оқушылар екі топқа бөлінеді.

  • Топ ережесі, сабақтың мақсаты:

    • Білу

    • Түсіну

    • Талдау

    • Жинақтау

    • Қолдану


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Спорт түрлері және қазақстандық спортшылар.

  • «Әріптестер» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар кеспе қағаздағы сұрақтар бойынша жауабын іздеу керек. Сөйтіп екі оқушыдан жұп болады.

Сұрақтар:

  1. Қазақстанда спорт қалай дамыған?

  2. Қысқы спорт түрлеріне не жатады?

  3. Спортпен оқушылар қандай сабақта шұғылданады?

  4. Серік Сәпиев қай облыста туған?

  5. Қазақстандық ауыр атлетшілер кімдер?

  6. Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?

Жауаптар:

  1. Қазақстанда спорт жақсы дамыған.

  2. Қысқы спорт түрлеріне хоккей, биатлон, мәнерлеп сырғанау жатады.

  3. Спортпен оқушылар дене шынықтыру сабағында шұғылданады

  4. Серік Сәпиев Қарағанды облысында туған?

  5. Қазақстандық ауыр атлетшілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова.

  6. Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы-Жақсылық Үшкемпіров.

ІІІ. Жаңа сабақ: Менің Отаным-Қазақстан.

Қызығушылықты ояту.

  • «Менің Қазақстаным» бейнеролигін көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

  1. Бейнероликте нелер бар?

  2. Балалар не орындады?

  3. Орындалған гимн қай елдікі?

  • Жаңа сөздерді таныстыру:

Отан-Родина

Мемлекет-государство

Рәміздер-символы

Елтаңба-герб

Ту-флаг, знамя

Тәуелсіз-независимый

Тәуелсіздік-независимость

Халық-народ

Ұлт-национальность

Ұлт өкілдері – представители национальностей


ІҮ.Бекіту.

Мағынаны таныту.

  • Мәтінмен жұмыс:

1-топқа.

Қазақстан - менің Отаным. Мемлекетіміздің астанасы-Астана қаласы. Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Он алтыншы желтоқсан-Тәуелсіздік күні. Қазақстан-көпұлтты мемлекет.

Мен Отанымды жақсы көремін.

2-топқа.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, гимн. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан етеміз.
Мәтін бойынша тапсырмалар:

  1. Мәтіндіі тізбектей оқып, аудару.

  2. «Топтастыру» стратегиясы арқылы мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөз тіркестері мен сөздерді теріп жазу.

  • Сергіту сәті. «Көңілді күн» әніне билеу.

  • «Семантикалық карта» арқылы дыбыстар классификациясын қайталау.

1-топқа:


Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар


Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай





жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

ұяң

қатаң

үнді

Р










Ә










М










І










З











2-топқа:


Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар


Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай





жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

ұяң

қатаң

үнді

Х










А










Л










Ы










Қ










Ой толғау.

  • «Пазл» әдісі. Шашыранды сөздерден сөйлем құру.

1-топқа: Мемлекетіміздің астанасы-Астана қаласы. Қазақстан-көпұлтты мемлекет.

Мемлекетіміздің

астанасы-

Астана

қаласы.

Қазақстан-

көпұлтты

мемлекет.

2-топқа: Қазақстанның табиғаты әдемі. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақстанның

табиғаты

әдемі.

Мемлекеттік

тілі-

қазақ тілі

Қорыту. «Миға шабуыл» стратегиясы

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Оның астанасы қай қала?

  • Президенті кім?

  • Мемлекеттік рәміздеріне не жатады?

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай тіл?

Ү. Үйге тапсырма: Менің Отаным – Қазақстан

  1. 61-бет. 2-тапсырма. Диалогты оқу, аудару;

  2. «Менің Отаным» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау. Жинаған фишкалары бойынша оқушылардың білімін бағалау

Рефлексия. Смайликтер арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.

Керемет!



Өте ұнады белсенді қатыстым

 

Өзімді топ мүшесі сезіндім


Ұнады

* Қатыстым

* Өз бетіммен жұмыс жасадым


Онша қызықтырған жоқ

 

Өзгертіп, басқаша істер едім



Қызықтырған жоқ

 

Ұнаған жоқ



Сабағымыз аяқталды, тұрайық!

Өзімізге шапалақты ұрайық...

Үйге барып, шабытпенен шаттана

Таң қаларлық әдемі эссе құрайық!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1079
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі