400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің Отаным-Қазақстан" мектепалды даярлық тобы (5-6 жас)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Респуликасының рәміздері, Отан туралы мақал-мателдер, тақпақтар, әндер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекетова Лаззат Женисовна

Астана қаласы әкімдігінің көз көру

қабілеті бұзылған балаларға арналған

КММ №23 «Алтын бесік» балабқшасы

Жоғары санатты тәрбиеші


Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Тобы:мектепалды даярлық (5-6 жас)

Білім беру саласы: коммуникация, таным

Оқу қызметі: сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны, Елтаңбасы, және туы туралы біледі. Өз Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: асық, сандық, үнтаспа, ҚР картасы, Нұр-Сұлтан қаласының суреті.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс т.б.

Оқу қызметінің түрі: ойын оқу қызметі


Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері

Үлкенге сіз

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: балаларға сандық көрсетеді. Сандықтың ішінде 7 асық бар екен. Әр асықтың өз тапсырмасы бар. Ойынның аты жеті тас деп аталады екен. Балалар, егерде сендер осы асықтың тапсырмасын дұрыс орындасаңдар, бізді ойын күтіп тұр. Тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: ия, дайынбыз.

1.Асық «ақ»

Тапсырма: Қазақстан Республикасының әнұранын айт.

2.Асық «көк»

Тапсырма: сұрақ-жауап

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

Икрам: біздің Отанымыз Қазақстан.

-Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Абылай: Отан –ол біздің жеріміз.

Айсұлтан: Отан –ол біздің туымыз.

Ақбота: Отан- ол біздің табиғатымыз, айналадағы қоршаған ортамыз.

-Мемлекеттің рәміздерді атаңдар?

Әли: Тудың ортасында күн бейнеленген, астында қалықтаған қыран құстың суреті бар, ал сол жақ шетінде ұлттық ою –өрнек бейнеленген.

Айзере: Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесінде тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Айда: Қазақстан әнұраны,

Қалықтасын көгінде

Қазақстан әнұраны

Жүрегімнің түбінде.

Қарақат: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың жалауы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Айару Е: Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім –Елтаңбам

-Елордамыз қай қала?

Несібелі: Біздің елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы.

3. Асық «қоңыр»

Тапсырма: сөздік ойын» Мен бастаймын, сен аяқта»

-Менің Отаным- .... (Қазақстан)

-Мен Отанымды – ... (жақсы көремін).

-Мен Нұр-Сұлтан- ... (қаласында тұрамын).

-Нұр-Сұлтан қаласы- ... (әдемі, көрікті, әсем).

-Нұр-Сұлтан қаласында ... (Бәйтерек, Ханшатыр, думан, биік үйлер, мектептер, балабақшалар бар).

4.Асық «жасыл»

Тапсырма: Сергіту сәті

Дөңгелене тұрамыз

Керегені құрамыз

Уықтар болып иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрамыз.

5.Асық «сары»

Тапсырма: Отан туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар айт.

Айару Б: Отан- оттан да ыстық.

Бекнұр: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Абылай: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Несібелі: Отан –елдің анасы

Ел- ердің анасы.

Найль: Отан үшін күрес,

Елге тиген үлес.

Нұрали: Жері байдың, елі бай.

Икрам: Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.

Ақбота: Отан –туған жеріміз

Сүйіп өскен еліміз

Қасиетті Отанның

Ұланымыз бәріміз.

Айару Ә: Отан- сенің ата-анаң

Отан- досың, бауырың

Отан –өлкең астанаң

Отан- аудан, ауылың.

Әлихан: Отан- ана,

Отан – жер

Қазақстан-

Туған ел.

6. Асық ақшыл»

Тапсырма: Коррекциялық жаттығу

«Ұлпа қарлар» (электронды жаттығу)

7. Асық «қызыл»

Тапсырма: «Ұлттық ойындар»

«Тақия тастамақ»

Шеңберге дөңгеленіп отырған балалар көздерін жұмып отырады.

Мен тақияны аламын

Біреудің қасына қоямын

Сен артыңа қарама?

Тез қуып жет балақай.

Осы кезде бастаушы бала біреуінің артына білдірмей тақияны тастау қажет. Тақия тастаған бала қуады. Жетіп алса, ойынды бастайды.

Оқу қызметін қорытындылау: «Отан оттанда ыстық», деп айтады ғой. «отанды қорғайтын –сендерсіңдер. Отанды сүйіп құрметтеңдер».

«Ел байлығын, жер байлығын, егеменді елімізді сақтайтын сендерсіңдер». Енді күннің шуақтарын алып, өздеріңнің тілектеріңді айтып жапсырыңдар.

Әли: Отанымыз аман болсын!

Несібелі: Аспанымыз ашық болсын!

Айару Е: Балалардың жүздерінен күлкі кетпесін.

Найль: Күніміз жарқырап тұрсын.

Бекнұр: Отанымыз тыныш болсын.

Айсұлтан: Елбасымыз аман болсын.

Найль: Нұр-Сұлтан қаласы көркейе берсін.

Айару Б: Бейбітшілік болсын.

Абылай: Гүлдей жайнайық.

Ақбота: Күндей жарқырайық.

Икрам: Қаламыз көркейе берсін.

Айда: Тыныштық болсын.

Нұрали: Балалар аман болсын.

Айзере: Президентіміз аман болсын

Қарақат: Жұлдыздай жайнайық

Айару Ә: Көк аспанымызда қалықтайық

Тәрбиеші: балалар, сендерге оқу қызметң ұнады ма? Осымен біздің оқу қызметі аяқталды. Отан туралы көп біледі екенсіңдер. Рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
28 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
12460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі