16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күніне
арналған
« Елімнің еркіндігі –
Тәуелсіздік »ертеңгілік сценариі.
1.Білімділігі: Тәуелсіздік күні туралы терең
мағлұмат беру.Тәуелсіздік үшін күрескен, Мақсаты:
желтоқсан құрбандарын еске
түсіріп , желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында
түсіндіру.
2.Тәрбиелігі:Қазақстанның болашақ дамуына
өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін уғындыру.Отанды суюге
және ерлікке баулу.Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі
тұту,өнеге алуға және халқының тарихын біліге уйрету, достыққа,
ұйымщылдыққа тәрбиелеу.
3
Дамытушылығы:балалардың өткен тарихқа деген
қызушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері:Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың
портреті,слайд,желтоқсан құрбандарының
суреті,жалаушалар.
2.Шарлар ,гүлдер,музыкамен
жабдыкталған.
Балалар безендірілген залға кіреді.Дөнгелене
тұрады.
Тәрбиеші
сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті
тәрбиешілер!кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр
сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі
1986
жылдың желтоқсанына арналған « Елімнің еркіндігі
–Тәуелсіздік » атты
ертеңгілігімізді
өткізбекпіз.
«Айгөлек» және «Балапан»
-топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат
етіңіздер.
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды колында.
Жеңіп шықты,бас имеді
қосарып,
Сойыл таяқ ойнаса да жолында.
Тәрбиеші
сөзі:
Желтоқсан-ау ұмтылмайсын жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді міне еңшіме,
Желтоқсаным жеткіздің ак тілекке.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын
дей отырып,кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән-ұранмен
ашады.
Ән-ұран айтылады.
Калима: Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда,
Биікке іліп
қояды.
Султан: Елтаңбасы
елімнің,
Неткен айбат әдемі.
Тұнығындай
көңілдің,
Ортада аспан
әлемі.
Танзира: Ән-ұраны елімнің,
Шакырады
бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы
бірлікте.
Назар : Аралаймын
алаңды,
Тәуелсіздік
күнімен.
Батыр Қайрат
ағамның,
Суретіне
үңілем.
Аяла: Тәуелсиздік
күнімен,
Мәңгі жаса еліміз.
Тәуелсиздік жасаған,
Аға -әакелеріміз.
Тәрбиеші
сөзі:
16 Желтоқсан тәуелсіздік алған
күн! Мерекеде ел қуанып, шаттанып ән салған күн.
Ән : Біз өмірдің
гүліміз.
Би: Қара
жорға.
Тәрбиеші
сөзі:
Балалар мұндағы суретте
желтоқсан құрбандар.Осы аға,апаларымыздың арқасында егемен ел
болып, көк туымыздың байрағы желбіреді.
Ляззат,Қайрат,Ербол
апа-ағаларымызға минуттық үнсіздік жариялайық.
Нұрасыл : Жасасын азат ерлік
күн,
Жасасын бейбіт елмен
жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
Санжар
: Отан деген ұлы
ана,
Отан деген
ғұлама.
Мен ғана емес
атамда,
Перзенті екен Отанға
.
Айару : Аялап ару
ананы,
Өсірген еркін
баланы.
Бесігін бөлеп
тербеткен,
Отаным
Қазақстаным.
Жасмин : Мерекеге
шығады,
Бүкіл халық, біліп
қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Нұрсұлтан: Тәуелсіздік таңы
атты,
Барлық әлем
жаңарып.
Осы тұрған
халқыма,
Бейбітшілік
орнады.
Ән:Ағайынбыз
бәріміз.
Би:
Қуыршақ
Тәрбиеші
сөзі:
Осымен тәуелсіздік күніне арналған «Айгөлек» және
«Балапан» тобының
ертеңгілігі аяқталды.Көңіл бөліп
тыңдағандарыңызға рахмет.
Қазақстанымыздың көк байрағы
желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.