Ұйымдастырылған
оқу қызметінің жоспары
Тақырыбы:«Меніңотбасым»
Тобы:
Ересектер тобы
Білім
беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Тіл
дамыту
Мақсаты:Отбасы
туралы түсінік беру, Әр балаға өз отбасын
қадірлеуге, сыйлауға
үйрету.
Міндеттері:
Білімділік:
Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ - жауап
арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері
туралы тақпақтарды жатқа айтқызу,
фонетикалық жаттығулар, санамақ жаттату,
«Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің
атауын білуге үйрету.
Дамытушылық:
Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық
процестерін, қиалын, қызығушылығын
дамыту, зейінін шоғырландыру.
Тәрбиелік:
Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,
көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, суретпен
жұмыс.
Көрнекі-құралдар:
Отбасы
суреті, үй, дидактикалық материалдар,отбасы
жайлы слайд.
Техникалық құрал-жабдықтар: АКТ,ноутбук.
Оқу
қызметінің түрі: Жаңа
сабақ
Кіріспе
бөлім:
Тәрбиеші:
-
Сәлеметсіңдер
ме, балалар?
І
.
Дайындық бөлімі
Психогимнастика.
- Балалар,
мына пиктограммада не көріп тұрсыңдар?
(Тәрбиеші
пиктограмманы көрсетеді)
- Қараңдаршы,
әрқайсысы әртүрлі ма, балалар? (Балалар
адамның эмоциясын айқындап айтып береді)
- Олай
болса, жылап тұрған баланың түрін
салыңдаршы?
- Ата-анасын
тыңдамайтын бұзық баланың түрі қандай
болады екен, балалар?
- Ал
енді, өзіміздің көңіл күйімізді әдемі,
сұлу күлкімізбен көрсетейікші.
- Жарайсыңдар,
олай болса, біз бүгін осындай керемет
көңіл- күйімізбен оқу қызметімізді
бастаймыз.
ІІ.
Негізгі бөлім
Суреттермен
жұмыс.
Біз
бүгін отбасы туралы әңгімелейміз. Отбасы
дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең
жақын адамдар. Олар ата, әже, әке, ана,
аға, апа, іні, қарындас бір отбасында
тұрады. Біздерге үлкендердің көмегі
және сүйіспеншілігі қажет. Ата мен
әжелер демалыспен тыныштықты ұнатады.
Ғажайыпсәт:
Балаларбізгекөршіауылданата мен
әжекеліпті! Кәнекей, қарсыалайықшы!(Ата
мен әжееңкейіпкележатады.) Ата мен
әжегеамандасу.
-
Ер балалар! Ассалаумағалекум, ата!
Сәлеметсізбе, әже? – депқарсыалады.
Ата
мен әже: Ал, балалар! Қандайөнерлерің
бар? Бізсоныкөрейіндепкелдік.
Балалар:
ата, әжебізсіздергеәдеміотбасытуралытақпақайтыпбереміз.
Ата
мен әжебалаларғамақал -
мәтелдердіайтыптүсіндіріпбереді.
Балалыүй
– базар, Баласызүй – мазар.
Ататіліналмағанұлдан
без,
Анатіліналмағанқыздан
без.
Рахмет
әжебізүлкендердіңайтқанынтыңдаймызақылды
бала болыпөсеміз.
«Басбармақтар
отбасы»музыкалық сергіту сәті.
Топтық
жұмыс: Фонетикалық
жаттығулар. Хор мен қайталау:
А
– а - а - ата.Ә
- ә - ә - әже
Ә
- ә - ә – әке
А – а – а – ана
Жеке
балалармен жұмыс:Әр
бала өзінің отбасы мүшелерімен
таныстырады және әңгіме құрайды.
-
Мынау менің атам,
-
Мынау менің әжем,
- Мынау менің әкем,
-Мынау менің анам,
-Мынау
менің ағам,
-Мынау
менің әпкем,
-Мынау мен өзім Али!
Дидактикалық
ойын: « Кім жоқ?»
Үйдің
ішіне (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты)
іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз,
балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері
орналастырады.)
ІІІ.
Қорытынды бөлім
Балалар
біздер бүгін кімдермен таныстық?
-
Отбасы мүшелерімен.
Отбасы
мүшелеріне кімдер жатады екен?
-
Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас
жатады.
Біз
қандай отбасымыз?
-
Біз бақытты отбасымыз
Біз
қай елде тұрамыз?
-
Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте
жақсы, балалар отбасы туралы білеміз,
Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату -
тәті өмір сүру үшін туысқандардың,
әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен
тату болыңдар.
Ата
мен әже балалар бізге көмек керек, ұмытып
кетіппіз екеуміздің құралдарымыз
қосылып кетіпті осы заттарды ажыратып
беріңдерші.
Кане,
балалар! Ата мен әжеге көмек берейік.
Ата мен әже құралдарын бөліп беру.
Ата
мен әже көп – көп рахмет, балалар сендер
тәрбиелі, ақылды, үлкенді сыйлай білетін
азамат болыңдар! Отбасындағы үлкендердің
айтқанын тыңдаңдар.
Бала
бақша сендердің екінші үйлерің балалар!
Ата мен әже мадақтап балаларға сыйлықтарын
таратады.