Ашық сабақ "Менің отбасым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану

Мектеп: «Жаушықұм» мектеп-лицейі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Менің отбасым және достарым.

Мұғалімнің аты-жөні: Тургумбаева Айгерім

Күні:


Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

1.1.1.2 отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

«Отбасы» ұғымын түсінеді

Көптеген оқушылар:

Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды біледі

Кейбір оқушылар:

Отбасы дәстүрлерін зерттейді, маңызын түсінеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну,қолдану, жоғарғы ойлау деңгейлері

Бағалау кретерилері

1. «Отбасы» ұғымын түсінеді.

2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды.

3. Отбасы дәстүрлерін зерттейді, рөлдік ойын арқылы маңызын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін білдіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: Отбасылық

отбасы-семья-family

отбасылық дәстүрлер-семейные традиции-family traditions

шежіре

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

- Отбасы деген не?

- Қандай туыстық атауларды білесің?

- Отбасының үлкені кім?

- Қандай дәстүрлерді білесің?

- Отбасыларыңда қанадай отбасылық дәстүрлер бар?

Құндылықтарды дарыту

Денсаулық, достық және айналадығыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек,сауат ашу.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,слайд.

Бастапқы білім

Оқушылар үй, отбасы өмірі, ата-ана, аға-іні, әпке-сіңілі ата мен әже және жақын туыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың барысы

8 минут


3 мин

















5 минут

Психологиялық ахуал

«Гүлмен тілек» әдісін пайдалана отырып, оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің түстері арқылы топқа біріктіріледі.


Мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.


«Миға шабуыл» әдісі бойынша жұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпты ашамын.

Мақсаты: Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды.

М аған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын?

(ана, апа, аға, іні, ата)

  • Дұрыс айтасыңдар ,балалар.

  • Сендер ата-әжелеріңе кім боласыңдар?

  • Әке-анаңа кім боласың?

  • Аға-әпкеңе кім боласың?

  • Ініңе кім боласың?

  • Бұл адамдар саған кім болады?

  • Туыс, отбасы.

  • Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

  • Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің отбасым»

  • Сендер отбасы туралы білетін боласыңдар.

  • Отбасы дәстүрлердің маңызын түсінетін боласыңдар.

Т үрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер






Жұмбақтар жинағы







Сабақтың ортасы

23 минут



5 минут





























3 минут










6 минут

















9 минут























Т.Ұ. (топтық, ұжымдық) «CLASTER» әдісі

«Отбасы» сөзіне ассасация құру


DrawObject1 Әке ата

DrawObject2 Ана

DrawObject4 DrawObject3 Отбасы

DrawObject5 DrawObject6 аға


  • «Отбасы» деген не?

  • Бұл адамадар саған кім болады?

  • Тағы қандай туыстық атауларды білесің?

  • Сен оларға кім боласың?



Критерий

Дескриптор

«Отбасы» ұғымын түсінеді.


«Отбасы» ұғымын түсіндіреді

Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды.


Отбасы мүшелерінің туыстық атауларын атайды.


Өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтап, айтады.

ҚБ: «Отшашу» бүкіл сынып болып бағалайды (ынталандыру мақсатында)


СЕРГІТУ СӘТІ: «Тәту-тәтті отбасы» ойыны.

-Саған ананың анасы кім болады?(нағашы әже)

- Менің анамның қызы, бірақ мен емес? (әпке, сіңілі)

- Сенің әкеңнің әкесі? (ата)

- Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады?(көке)

- Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады?(әпке)


МК.Ж. (жұптық) «Сен білесің бе?» айдары

Әр адамның өмірінде отбасының маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру, қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір өзі өз табыстарына қуана алмайды. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттермен байланысты.

Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр-ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып.

Адамның өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып өтіледі.

- Сендердің отбасында қандай дәстүрлер бар?

ҚБ: «ТАМАША!» мадақтау арқылы жұпта бір-бірін бағалайды. (ынталандыру мақсатында)


МК.Т.(Мұғалім көмегімен.Топтық жұмыс) «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі арқылы (сараланған тапсырма, дереккөздер, диалогқа түсу)

«Суретке қара» ойыны

Әр топқа дәстүрлерге қатысты сюжеттік суреттер беріледі («Шашу», «Сүйінші», «Наурыз»). Суретке қарап кішігірім қойылым дайындайды. Оқушылар рөлді бөліп алады. Суреттегі әрекеттерге байланысты отбасы мүшелерінің рөлдерін ойнайды. Олар өздері диалог құрайды.


Критерий

Дескриптор

Отбасы дәстүрлерін зерттейді, рөлдік ойын арқылы маңызын түсінеді.

Суретке қарап кішігірім қойылым дайындайды

Оқушылар рөлді бөлінеді

Рөлге қатысты диалог құрайды

Суреттегі әрекеттерге байланысты отбасы мүшелерінің рөлдерін ойнайды

«Шашу», «Сүйінші», «Наурыз» дәстүрлерінің мазмұнын ашады.

Қ.Б «ҮШ шапалақ» әдісі бойынша топ бір-бірін бағалайды. (ынталандыру мақсатында)




Флипчарт, маркер





































Слайдтағы дәстүрлерге қатысыты суреттер














Слайдтта «Шашу», «Сүйінші», «Наурыз» дәстүрлерінің суреттері.

Рөлге қажетті ресурстар




















Сабақтың соңы

9 минут


7 минут


















2 минут

Кері байланыс

«Ыстық орындық» әдісі

Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді.

- Отбасы деген не?

- Қандай туыстық атауларды білесің?

- Отбасының үлкені кім?

- Қандай дәстүрлерді білесің?

- Отбасыларыңда қанадай отбасылық дәстүрлер бар?

Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды.


Орындық


Саралау оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Қабілетті оқушыларға қажетіліктеріне байланысты сұрақтар беремін, қолдауды қажет ететін оқушыларға өз қажеттіліктеріне байланысты диалог жасаймын.


«ТАМАША!» әдісі, «От шашу» әдісі, «ҮШ ШАПАЛАҚ» әдістері арқылы бағалау жүйесін қолданамын.

К ері байланыс:



Рефлексия:


- Сабақ барысында оқушылардың бірін-бірі тыңдау,көмектесу, жұптасып тапсырма орындау.

- Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

Рөлдік ойын барысында қауіпсіздік ередесін сақтау.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.10.2018
670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі