Материалдар / Ашық сабақ Менің отбасым 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Менің отбасым 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.Ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
830
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Бижанова Акдидар Ерболатовна


Түркістан облысы Шымкент қаласы «Ш.Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәрбиеші


Ашық сабақтың тақырыбы: Менің отбасым


Мақсаты: 

Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.Ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін  дамыту.Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері,

Әдіс -тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, ойын .

Тәрбие жұмысының барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме оқушылар және ұстаздар бүгінгі «Менің отбасым» атты ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымыздың мақсаты

Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз  шаттық шеңберін құрайық.

1. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін отбасымыз жайлы жақсы тілектер айтайық.

Ата – анамыз аман болсын!

Аружан Менің отбасым ең тату

Ақерке  Менің отбасым ең ақылды

Бейбарыс Менің отбасым ең мейірімді

Мирас Менің отбасым ең сымбатты

Азамат Менің отбасым ең парасатты

Ұлмекен Менің отбасым ең үлгілі

Айгүл Менің отбасым ең білімді

Асылзат Менің отбасым ең көңілді

Ақниет Менің отбасым ең тәрбиелі

- Біз неге шеңберге тұрып, тәрбие сағатын бастадық?

 Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

І. Кіріспе бөлім.

2.Әңгімелесу. «Ертегіні еске түсірейік» (тақтаға «Шалқан» ертегісінің суреті ілінеді)

- Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы? Ата, әже, қыз.

- Олар қайда тұрады? –Үйде.

- Шалқанды кім отырғызды? Ол қандай боп өседі? Ертегі қалай аталады?

- Үлкен шалқанды қалай жұлды? «Кім кімге көмектесті?

Ата, әже және немерені бір сөзбен қалай атайды?

 - (Отбасы)

 Адамға өмірде ең қымбат-отбасы. Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата, апа, әке, шеше, аға, іні, қарындас, апке. т.б.

Олар кез келген істі бірігіп атқарады, бір – біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, қамқор болуға үйренеміз.

Бір-бірін жақсы көріп, сыйлап, өзара көмектесетін адамдардың  отбасын тату отбасы деп атайды.

ІІ. Негізгі бөлім.

-Балалар, бүгін біз «Менің отбасым» тақырыбында әңгімелесіп, танысатын боламыз.

3. Бейне ролик

Енді балалар отбасында берілетін дұрыс тәрбие мен бұрыс тәрбиенің көрінісі ретінде мына бейне роликті тамашалайықшы.

Бейне роликтен не түсіндіңдер?

Бала отбасында жақсы тәрбие алса , өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады екен. Үлкендердің айтқанын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді. Тәрбие- отбасынан басталады деп бекерге айтылмаған екен.


4. «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау

Мен отбасы мүшелерінің бірін сипаттаймын, ал сендер кім екенін тез табу керексіңдер.

-Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.

 - Қатал көрінгенмен өте мейірімді. Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады. 
- Кім бұл?
(ата) 
- Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары). 
 - Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. 
-Бұл кім? (әже) 
- Оны қалай білдіңдер? 
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді ) 
 -Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады. 
-Бұл кім? (әке) 
-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.). 
- Ал сендердің әкелерің қандай? Толықтыру: (күшті, батыл, мықты,...) 

 -Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам? 
-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы) 
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым). 
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары) 

- Сенің өзіңнен үлкен, сабағыңды орындауға көмек беретін, сені серуенге бірге алып шығатын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?

-Аға, апке.

- Сенің аға, апкең бар ма? (балалардың жауабы)

- Саған апкешім , ұлдарға ағатайым  деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы  кім деп атаймыз?

- Іні, қарындас.

-Сен оларға қандай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)


5. Қане балалар отбасы жайлы кім қандай өлең тақпақ біледі екен. Кім айтады.

 

Бейбарыс

Ұлдардың үлкені

Бір туған ағам бар

Қыздардың үлкені

Бір туған әпкем бар

Ақерке

Әкем менің қорғаушым күнім дейтін

Анам менің қолдаушым тілім дейтін

Әжем менің ақылшым ойым дейтін

Ағам менің бауырым жаным дейтін

Ұлмекен

Әкем мен анам бар

Әкемнің әкесі

Ақ басты атам бар

Әкемнің шешесі

Ақ шашты әжем бар

Ақниет

Отбасым менің бақытым

Отбасым менің шаттығым

Айгүл

Отбасым барда ешқашан

Үзілмес менің үмітім

Асылзат

Ұлдардың кішісі

Бір туған інім бар

Қыздардың кішісі

Бір туған қарындас,

Әпкеге-сіңлі бар

Азамат

Отбасы жылы ұямыз

Тірегі- ата-анамыз.

Осында үлгі аламыз

Осында адам боламыз


6. Слайд


7.Балалар сендермен жалғасын тап ойынын ойнаймыз.

Мақал- мәтелдердің жалғасын табу.


1.Ұяда не көрсең

Ұшқанда соны- ілерсің


2.Менің үйім-менің қорғаным


3.Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.


4.Балалы үй базар

Баласыз үй қу мазар


5.Бала –бауыр етің.


6.Менің үйім- менің қорғаным


8. Сергіту сәті


9. Ойын «Отбасыңды неге теңейсің?»

Ойынның шарты: Мен сендерге бірнеше суреттер беремін, отбасын қандай жақсы нәрсеге теңегіміз келсе, сол суретті көтеріп көрсетеміз.

Ақерке отбасыңды не үшін жұлдызға теңедің

1.Жұлдыз-себебі отбасымыз жұлдыздай жарқырап жүреді.

2.Ай-себебі менің отбасым ай сияқты шуақты.

3. Жүрек- себебі менің отбасымның жүректері таза.

4. Мақта- себебі менің отбасымның көңілдері мақтадай аппақ.

5. Гүл- себебі отбасым гүлдей әдемі, сұлу.

6. Күн- біздің отбасымыз мейірімді, бар жылулықты отбасынан аламыз.

7. Торт- себебі отбасым торт сияқты тату-тәтті.

8. Тал- себебі отбасымыз бәйтеректей көлеңкесін береді.


Жарайсыңдар балалар ендеше өзіміздің таңдаған суретке отбасы мүшелерін рет-ретімен жапсырайық.

Осы жапсырған суретті тақтаға ілейік. (Шығармашылық жұмыс)


10. Ән. Ата-ананы тыңдаймыз

ІІІ. Қорытынды.

-Балалар біздер бүгін  кімдермен таныстық?
- Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
- Біз бақытты отбасымыз.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір  сүру үшін туысқандардың,  әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!