Өзін-өзі тану пәнінен ашық
тәрбие сабақ
Мектеп
№52
М.Өзтүрік атындағы жалпы орта мектебі Мерзiм
09.02.2017 ж
Сабақтың
тақырыбы:Менің отбасым
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: махаббат,сыйластық,мейірімділік.
Мұғалiм: Накыпбекова
Ж.К Сынып
5
«А» Оқушылар
саны:__
|
Сабақтың
мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың
алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата –анамен
баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ата –анаға деген бала
махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата- ана үштігін нығайту. Отбасы
мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым
–қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға
тәрбиелеу. Міндеттері:
-отбасы жарастығы, татулығы
туралы түсінік қалыптастыру;
-отбасында жағымды
қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-өзара сыйластыққа
тәрбиелеу. Күтілетін
нәтиже: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың
алатын орнының ерекше екендігін түсінеді. Жанұядағы ата –анамен
баланың арасындағы қарым қатынастары нығаяды. Отбасы мүшелері
арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым –қатынастары
қалыптасады.
|
Ресурстар:
АКТ,постер қағаздары,
маркерлер, кері
байланыс парақшалары және т.б
|
|
Сабақ
барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңi.
«Қар» әдісі бойынша топқа біріктіру.
Алдын ала дайындаған парақшаларды тарату.Сол парақшаларға тілектер
жаздырып, қар домалақтарын жасатып,бір-біріне лақтыру. Екі топқа
бірігеді.
Махаббат-сүйіспеншілік,
Мейірімділік-сыйластық
Сөздерді мағынасына қарай
орналастыру
Жақсы
көру,отбасы,бала, көмектесу, жаны ашу, аяу, сүю, ана, ұнату,
құрметтеу, әке, б
|
Топқа
бірігеді.
Тақырыпты ашу
|
|
2.Үй тапсырмасын
тексеру.
I - бөлім: «Білімдіге
дүние жарық»
II- бөлім: «Болашағымыз
білімді жастардың қолында»
IІІ- бөлім: «Тығырықтан
шығу»
ІV- бөлім: «Тіл
өнері»
V- бөлім: «Сөз тапқанға
............»
|
Оқушылар дәптерлерін жинап өткізеді.
|
|
I - бөлім: «Білімдіге
дүние жарық»
І-ТОП
-Балдан тәтті не?
-Бала
-Қара шаңырақ
иесі кім? -Кенже
бала
-Балаға кім
сыншы? -Ата
-Әкеден
балаға берілетін
зат -Мұра
-Үйдегі
алтын адам
кім? -Ана
-Бес дұшпанды
атаңдар? -
Өсек,
өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
ІІ-ТОП
-Тәрбие мен білімнің ордасы
-Мектеп
-
18 жасқа толмаған
адам -Бала
-
«
Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы
кім? -С.Назарбаева
-
Екі
адамның бір-біріне деген
адалдығы -Достық
-
Қазақстандағы қандай білім алу міндетті
түрде -Орта
-
Бес
асылды атаңыз -Талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
|
II- бөлім: «Болашағымыз
білімді жастардың қолында»
Сурет бойынша мәтін
немесе өлең құрастыру
І-топ
ІІ-топ

Шығармашылық
жұмыс
Бейне жазба
бойынша постер құрастыру
|
Өлең,мәтін
құрастырады.
Шығармашылық жұмысты
топ болып орындап, , жұмыстарын
қорғайды
|
|
IІІ- бөлім: «Тығырықтан
шығу»
Ситуациялық
жағдаяттар
І-топ
1-жағдаят
Сенің өзіңнің жақын адал
досың бар,бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не
істейсің?
2-жағдаят
Көктем мезгілі. Жолдасың
сабақ оқуын азайтып,сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен
сабақ үлгерімі төмен деп кетті. Сен не
істейсің?
3-жағдаят
Сенің сабақ үлгерімің
орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік
қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не
істейсің?
ІІ-топ
1-жағдаят
Пән мұғалімдері
сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі
себептерімен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Сен не
істейсің?
2-жағдаят Ата-анаң үйде жоқта
абайсызда кесені сындырып алдың.Сен не
істейсің?
3-жағдаят Сыныпта сабақтан себепсіз
көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың
қандай?
|
Ситуациялық
жағдаяттарды топ мүшелері ақылдаса отырып шешім
қабылдайды.
|
|
ІV- бөлім: «Тіл
өнері» Мақал мәтелдің жалғасын
табу
І-топ
1.Атаға қарап -
.................... анаға қарап -
...............
2.
Ананың
көңілі балада ...........................
3.
Ата –
ананың қадірін - ..........................
4.
Атаның
баласы болма ...............
5.Ұяда не көрсең
.................
ІІ-топ
1.Балалы үй
базар...........
2.Ата көрген оқ
жонар....................
3.
Ананың
сүті – бал ................
4.
Туған
үйдің түтіні жылы...............
5. Анаңа ауыр сөз
айтпа...............
|
Мақал мәтелдің жалғасын табады
|
|
V- бөлім: «Сөз тапқанға
............»
І-топ
-
Тілді қадірлейсіз
бе?
-
Орысша сөйлеуге
қызығасыз ба?
-
Мерекеге қандай
киім киесіз?
-
Кітап оқығанды
ұнатасың ба?
-
Лотореядан ақша
ұтсаңыз, не істейсіз?
-
Достарыңыз
кімдер, көп пе?
-
Тілімізді,дінімізді жоғалтпау үшін не істеу
керек?
-
Баланың бас
ұстазы- ата-ана ма?
-
16-желтоқсан
қандай мереке тойлаймыз?
ІІ-топ
1.Сөз сүйектен өтеме
?
2.Наурыз мерекесіне
қандай сыйлық алғың келеді?
3.Мектепке қандай
мақсатпен келесіз?
4.Көршіңмен татусың
ба?
5. Ауа райы салқын
ба?
6. Дүниедегі қымбат
жан
7. Су тіршілік көзі
ме ?
8. Бақыт дегеніміз
не?
9. Ит жеті қазынаның
бірі ме ?
Үйге тапсырма: «Менің отбасым» тақырыбында эссе
жазу
|
Сұрақтарға жауап
береді.
|
|

|
Үй тапсырмасын
күнделікке жазады
|
|
Сабақтан алған
әсерлерін жазады
|
Тексерілді:
Оқу ісі жөніндегі директор
орынбасары: Л.Тәжібеков