жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі"
|
|
Күні: 2017 ж Сынып: 1 «А» Сабақ: Сауат ашу |
Мұғалім: Ж. Утемисова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі. |
||||
|
|
Оқу мақсаты: |
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіру. 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. |
||||
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдана алады. |
||||
|
|
Ойлау дағдылары |
Білу және түсіну. Қолдану. |
||||
|
|
Критерий бағалау |
Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. . Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады. Сөздердің лексикалық мағыналарын ажыратады. Мәндес сөздерді анықтайды. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады. |
||||
|
|
Дескриптор |
-мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды; - мәтіннің негізінде сызба бойынша сөйлем құрастырады; - мәтіннің мазмұнын жүйелі айтады. -сөздердің мағынасын анықтайды; - мәндес сөздерді табады. |
||||
|
|
Алдыңғы білімдер |
Менің отбасым және достарым. Ы дыбысы мен әрпі |
||||
|
|
Сабақ барысы |
|||||
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
Алдыңғы білмдері 3 минут |
(МК; Ұ; Қ) Шаттық шеңбері: Оқушылар түрлі түсті ленталармен шеңбер бойымен тұрады. – Балалар, қолдарыңда қандай түс ленталары бар? -Демек, жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) -Ал енді қолымызды жоғары көтерейік. Неге ұқсады? (Шаңырақ) Алғаш ұстаз үйреткен, Әріптер мен сандарды. Бір сыныпта бір жүріп, Біздер бірге оқимыз. Қиындықтың барлығын Татулық пен біліммен, Достықпенен жеңуге Әрқашанда дайынбыз. «Қызыл», «Сары», «Жасыл» түстер арқылы топқа бірігу. (МК; Ұ; Қ) «Сұрақтар жаңбыры» ойыны Сұрақтар: -Жыл мезгілді атап беріңдерші? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер? -Аптаның қай күні? -Үштілде айта аласындар ма? (Бейсенбі-четверг-тhurslay) -Жаңалықтардан хабарларың бар ма? -Біз бүгінгі күнге дейін қанша әріп өттік? -Оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз дыбыстар? -Соңғы қай әріпті өттік? т/б. (МК; Ө; Қ) Тізбектеп оқу. |
Көңілді әуен қосып қою. Қызыл, сары, жасыл түсті ленталар Ноутбук Интернет желісінен жаңбыр тамшыларының дыбысын қою |
|||
|
|
Сабақтың ортас Жаңа сабақ 13 минут Дыбыс пен әріпті тану және ажырату. Оқу түрлерін қолдану. Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну. |
(МК; Ұ; Қ) Оқушыларға мысықтың дауысын естірту. Мысықтың суретін сыныптан табу. «Мысық» жайлы не білеміз? Сыни ойлау дағдыларын дамыту. «М» дыбысы мен әрпін ажырата алу. «М» дыбысының дауыссыз, үнді екендігін ажыратқызу, ерін арқылы жасалатынын. Оның таңбасын көрсету. Ауада жазу.Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: мысық, кеме, білім. Мысық сөзіне дыбыстық талдау жасату. «М» дыбысы мен әрпін ажырата алу білігін бағалау. «Сиқырлы сандық» видеосын көрсету. (МК; Ұ; Ө; Қ) 1. Тыңдалым. Оқушыларға оқулық кейіпкерлері Әли мен Мерейдің сұхбатын мәнерлеп оқып беру. Диалог әдісі. Оқушылардың өз отбасы туралы айтуына ықпал ету. Келесі тапсырма көп нүктенің орнына «әкем», «шешем», «мен» сөздерін қойып айтқызу. «Ал менің отбасымда әке-шешемнен басқа ағам, қарындасым, інім бар». Сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айта білу білігін бағалау. Оқушылар өз отбасымен түскен суреттері бойынша таныстырады. (МК; Ө; Т; Қ) 2. Тыңдалым. «Ең үлкен ата, Атын ата. Ескен Елубай Қарамен берілген «ата» сөзінің мағынасын сұрақ қою арқылы ажыратқызу: -Ең үлкен кім? -Ата. -Атын не істе? -Ата. Үлкен сөзіне қарсы мағыналы сөзді тапқызу. Көп мағыналы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалау. |
Интернет желісінен алынған материал Мысық суреті Интернет желісінен алынған материал Оқулықпен жұмыс Отбасылық сурет
Оқулықпен жұмыс |
|||
|
|
Сергіту сәті 2 минут |
Видеодағы әуен ырғағымен билеу. |
Интерактив. Тақта |
|||
|
|
Пунктуациялық нормаларды сақтау 5 минут Қызықты тапсырмалар 5 минут Аяқталуы 2 минут |
(МК; Ө; Қ) Мм әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау. М М М М М М М М М М М М М М М М м м м м м м м м м м м м м м м м м м м м анашым Марал алма алмұрт Жазу білігін бағалау. (МК; Ө; Ж; Қ) «Адасқан әріптер» ойыны Тапсырма: әріптерден сөз шығар. Дауыссыз дыбыс ерін арқылы жасалады
М
С= Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі. |
№2 жазу дәптері. Конвертте салынған әріптер |
|||
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия: (МК; Ө;
Қ) |
Кері байланыс парақшалары |
|||
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Бүгінгі сабақта оқушылардың материалды меңгеру жоспарын кеменің суретін беру арқылы бағалаймын. |
Өнер, көркем еңбек, жараты-лыстану Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
|
Бақылау Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар нені үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қанадай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
|
|
||||
|
|
|
|||||
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізетін екі сәт. 1: 2: Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген