400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: сауат ашу

Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің Зәки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Менің отбасым және достарым

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Т.Н Долдашева

Сынып: 1

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым. Мм дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

1.3.1.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Оқушылар М м әрпін таниды, жазады, дыбыстайды.

Көптеген оқушылар: М әрпін ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді, берілген сөйлемдерді оқиды. Қарама – қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады.

Кейбір оқушылар: Мұғалім көмегімен қарама – қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Әріпті таниды , ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

  • Сөздерді сызбалармен сәйкестендіреді, берілген сөйлемдерді оқиды.

  • Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы сөздерді ажыратады.

  • Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Құндылықтарды дарыту:




  Оқушыларды бір-біріне,отбасына деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Жаратылыстану пәні менің отбасым және достарым бөлімімен байланыс орнайды. Үлкен, кіші сөзінің математика пәнімен байланысы. Музыка пәні сергіту сәтімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары:


М әрпінің жазылуы, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру.

Бастапқы білім:

М әрпінің баспа түрін, дауыссыз дыбыс екенін біледі. М дыбысы бар сөздерді біледі. Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Шаттық шеңбер.

«Ақ тілек»

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн болсын.

Жұманың бұл күні,

Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алар бағамыз,

Тек бестіктер болсын.

Топқа біріктіру: Отбасының суреттері арқылы топтарға бөлу.

1-топ: Ата 2- топ: Әже

3-топ: Әке  4- топ: Ана

Топ ережесі

1.Топта тыныштық сақтау.

2.Бірлесе жұмыс істеу.

3.Бір біріміздің пікірімізді тыңдау.

4.Өз ойыңды білдіру.

(ҰЖ) «Серпілген сауал» әдісі

Сурет бойынша өз ойларын айтады, суреттегі адамдар сендер үшін кім?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз.

- Дұрыс айтасыңдар.

- Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.

- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.

Өзі жап – жас, мұрты бар                    

Ет пен сүтке ұмтылар                                  

Тастамайды жылы үйде                         

Түкті тоны шұп шұбар        (Мысық) 

Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбысына мән беріп қарайық.

Мы – сық, сөз басында М м дыбысы естіліп тұр. 

Олай болса, біз бүгін Менің отбасым және М м дыбысымен танысамыз.

Дескриптор:

-Отбасы суреті бойынша әңгімелейді.

- Сұрақтарға жауап береді

- Жұмбақтың шешімін табады.

- Мысық сөзін буынға бөледі

- М әрпін таниды

- дауысты және дауыссыз екенін ажыратады.

Қ.Б. «Басбармақ әдісі!»








суреттер




сурет




www.shutterstock.com-63840361







Сабақтың ортасы











1-тапсырма

Оқулықпен жұмыс . «Сәйкестендіру» әдісі.

(МК)Оқушылардың сөйлем сызбасын «оқуын» жүзеге асырамын.

(Ж.Ж) 1 - тапсырма. Сұрақты оқи отырып, берілген сөзді сәйкестендіру арқылы суретпен жұмыс жүргізу. Сөздегі жасырынған дыбыстарды тауып,сөйлемдегі көп нүктенің орнына қойып оқиды.

Дескриптор:

- Әкем сөзін мағынасына қарай суретпен сәйкестендіреді .

- Анам сөзін мағынасына қарай суретпен сәйкестендіреді .

- Ағам сөзін мағынасына қарай суретпен сәйкестендіреді.

- көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқиды.


ҚБ: «Күлегештер» әдісі

(МК) 2- тапсырма. Тыңдалым.

Ең үлкен ата,

Атын ата.

Ескен Елубай

(Т.Ж) «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі.

Оқушылар берілген «Ата» сөзінің мағынасын сұраққа жауап бере отырып ажыратады және «Үлкен»сөзіне қарсы мағыналы сөзді табады.(Ойлан). Одан соң олар өз идеяларын тобымен біріктіреді (Бірік ) және соңында бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды.(Бөліс).

1–2 топ: «Ата» сөзінің мағынасын ажыратады.

3-4 топ: «Үлкен» сөзіне қарсы мағыналы сөзді табады.

Сараланған тапсырма.

Дескриптор

- «Ата» сөзінің мағынасын ажыратады.

- Үлкен сөзіне қарсы мағыналы сөзді табады.

- Қарсы мағыналы сөздерге мысал келтіреді.

- Үлкен, кіші сөздері математика пәнінде қолданылатынын айтады.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі.

Сергіту жаттығуы.

«Бармақтар отбасы»

-Балалар, «Бар - мақ» сөзін буынға бөлейік, екінші буынның басында қандай дыбыс естіліп тұр? (М) дыбысы

Оның дауыссыз дыбыс екендігі, әріппен таңбаланатындығы, баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп түрлерін көрсетіп, түсіндіремін. «М» дыбысын ауада жазып көрсету.

(МК, Ұ.Ж) Суреттер бойынша жұмыс.

Сөз құрамында М дыбысының орнын анықтау.

«М» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

3-тапсырма Жазылым.

(Ө.Ж) Дәптермен жұмыс.

Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.

Дескриптор

-жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтап, көркем жазады.

-М дыбысының орнын анықтап жазады.

Қ.Б: Жұптық бағалау. Күлегеш

4 - тапсырма. (ТЖ)

«Сөз ойла , тез ойла» әдісі.

1 - топ. Сызбаға сайкес сөйлем құрап айту.

Дескриптор

- Сызбамен сәйкес сөйлем құрайды .

- Сөйлемді айтады.

2 - топ. Әжем ою ойды. Сөйлем бойынша сызба сызып көрсет.

Дескриптор

- Сөйлемді оқиды.

- Сөз санын табады.

- Сөйлем бойынша сызба сызады.

3Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 - топ.


М дыбысы бар сөз ойлап , сөйлем құрастыр.

Дескриптор

- Сызбаға сәйкес сөз ойлайды.

- Сөзден сөйлем құрастырады.

4-топ. Немере, анашым сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Дескриптор:

-Сөздерді буынға бөледі.

-Сөздегі буын санын анықтайды.

-Дыбыстар санын анықтайды.

- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды табады.


Қ.Б: «Басбармақ» әдісі арқылы.


Оқулықпен жұмыс
























Оқулық
















https://www.youtube.com/watch?v=BsyfFlArDBg

бармақтар отбасы







Қазақша әліппе пойызы

https://www.youtube.com/watch?v=XeNlMny7q7k























Сабақтың соңы



Не жайлы айттық? Отбасындағы адамдар қалай өмір сүреді?

-Қандай әріппен таныстық?

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, білімдерін қорытындылайды.

«Бағдаршам»сигналдық картаның көмегімен сұрақтараға жауап алу

-М дауыссыз дыбыс (жасыл)

-М дыбысы сөздің тек басында ғана кездеседі (қызыл)

-Неліктен?

-М дыбысы созылмайды(жасыл)

-Әке деген сөзді ағылшынша mothe дейді

(қызыл) Себебі...

-Мақта сөзі бір буыннан құралған(қызыл) Неліктен?(оқушылар дәлелдейді)

«Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс.


«Бағдаршам»

сигналдық карта












Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Кейбір оқушыларға басқа сыныптастарына қарағанда күрделі тапсырма қарастырамын. Мысалы «Ойлан, бірік, бөліс» тапсырмасында төмен деңгейдегі оқушылар үлкен, ата сөзінің мағынасын түсіндіру, орта деңгейдегі оқушылар үлкен сөзіне қарсы мағыналы сөзді табу , ата сөзінің мағынасын ашып көрсету , жоғарғы деңгейдегі оқушылар «Ата» сөзінің мағынасын ажыратып, мысалдар келтіру , үлкен сөзіне мағынасы қарама-қарсы, мағыналас сөзді айтып, математика пәнінде қолданылатыны туралы білетіні күтіледі.

ҚБ. Күлегенштер, басбармақ әдісі. «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс.

Жазу барысында қаламсаппеп дұрыс жұмыс жасау ережесін сақтау.

Бір – бірлерінің пікірлерін тыңдау, өз пікірін ашық білдіру



















Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс

қойылған ба? Оқушылардың

барлығы ОМ қол жеткізді

ме?Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды,

неліктен?

Сол жақ бағандағы сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз









Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1:2:Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1:2:Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі