400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің отбасымдағы адамдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
іс-тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Сынып: 2б

Мектеп: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ

Күні: 04.10

Бөлім: Менің отбасым және достарым

Бөлімше: 1.1. Шығарманың мазмұнын түсіну

Мұғалімнің аты-жөні: Амангельді Айгерім Ерланқызы

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымдағы адамдар

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.

2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация арқылы ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Мәтін бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, қойылған сұрақтарға жауап беру.

Кейіпкердің жағымды, жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін анықтау.

Шығармашылық жұмысты сурет, каллиграмма, аппликация арқылы ұсыну.

Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша түсінбеген сөздерді белгілейді, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Кейіпкердің жағымды, жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін анықтайды.

Шығармашылық жұмысты сурет, каллиграмма, аппликация арқылы ұсынады.

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Меселін қайтару

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде?

Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға бола ма?

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелеріне деген құрмет, топтық жұмыс арқылы ынтымақтастықты қалыптастыру, ашықтық құндылығын дарыту

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сергіту сәті кезінде арақашықтықты сақтау, оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережелері

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Интербелсенді тақта, аудиожазба «Немере»

Алдыңғы меңгерілген білім

Туыстық қатынастар туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Ширату

(МК) (Ұ) «Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі. Сыныптың әр бұрышында туыстық атауларды жазып іліп қоямын. Оқушылардың қолдарына сол сөздің жауабын карточкаға жазып береді. Сыныпты айналып жүріп өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табу.

Топқа бөлу.

1-топ. Әке

2-топ. Ана

3-топ. Бала

-Бұл сөздер арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын болжап көрейік. Сабағымызда не туралы айтамыз деп ойлайсыздар?


Сабақ мақсатын хабарлау.


Сабақ ортасы

30 минут


5 минут

















5 минут















8 минут

















5 минут









7 минут

(МК) «Әңгіме тізбесі» әдісі. «Немере» әңгімесін аудиожазбадан тыңдап, жалғастыру.

Сұрақтар қою.

- Не туралы айтылып жатыр?

- Қалай жалғасады?

Тізбектеле тұрып мәтін мазмұнын кезекпен баяндайды.

Дескриптор:

- аудиожазбаны тыңдайды;

- мәтін мазмұнын тізбектеле айтады.

Кері байланыс: ауызша

Бағалау. «Бағалау бутерброды» әдісі.


(Ө) «Дереккөз» тәсілі бойынша «Қазына іздеу» әдісі арқылы «Меселін қайтару» сөзі мағынасын интернет көздері мен кітап мәліметтерінен табу.

Меселін қайтару - көңілін түсіру.

Дескриптор:

- сөздің мағынасын дұрыс табады.

Кері байланыс: ауызша

Бағалау: «Шапалақ» әдісі.


(Ө) «3 сұрақ» әдісі бойынша әр оқушы берілген мәтін бөліктерінен 3 сұрақ құрастырады. Жұпта сұрақтарын талқылай отырып, үздік шыққан 3 сұрақты ұсынады. Барлық жұптардан сұрақтар жиналып, қобдишаға салынады. Араласқан сұрақтарды қобдишадан алып оқушылар жауап береді.

Дескриптор:

- мәтін мазмұны негізінде 3 сұрақ құрастырады.

- сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Кері байланыс: ауызша

Бағалау: «Басбармақ» әдісі.


Сергіту сәті.

Санамақ


(Т) (Ж) «Кейс стади» әдісі. Мәтіндегі оқиғаға сәйкес 1-топ әжесі мен әкесі, 2-топ анасы мен баласы, 3-топ әжесі мен немересі арасында диалог құрату.

Дескриптор:

- 1-топ әжесі мен әкесі арасында диалог құрады;

- 2-топ анасы мен баласы арасында диалог құрады;

- 3-топ әжесі мен немересі арасында диалог құрады;

Кері байланыс: ауызша

Бағалау: «Табыс ағашы» әдісі.


(Ө) «Шахмат тақтасы» әдісі. Тақтаның ақ торкөзіне жағымды кейіпкерді, қара тор көзіне жағымсыз кейіпкерді жазу.

Дескриптор:

- жағымды кейіпкер анасы екенін жазады;

- жағымсыз кейіпкер әкесі екенін жазады.

Кері байланыс:  ауызша

Бағалау: «+, -, қызықты» әдісі


Саралаудың «Тапсырма» тәсілі бойынша «Детектив» әдісі.

Көк түс қолдауды көп қажет ететін оқушыларға осы әңгіме бойынша сен қандай сурет салар едің? Түсіндір.


Дескриптор:

-әңгіме бойынша өз ойынан сурет салады.

Кері байланыс: ауызша

Бағалау: «Смайлик» әдісі


Сары түс қолдауды орташа қажет ететін оқушыларға түрлі-түсті қағаздан отбасы аппликациясын жасау

Дескриптор:

-отбасы туралы аппликация жасайды.

Кері байланыс: ауызша

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі


Қызыл түс қолдауды аз қажет ететін оқушыларға туыстық атауларға байланысты каллиграмма жасау.

Дескриптор:

- туыстық атауларды жазады;

- каллиграмма жасайды.

Кері байланыс: ауызша

Бағалау: «Отшашу» әдісі

аудиожазба













https://www.youtube.com/watch?v=BsyfFlArDBg





















өте жақсы жақсы

орташа























Сабақтың соңы

5 минут


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

....... түсіндім.

........білдім.

....үйрендім.

...... түсіндім.

........білдім.

....үйрендім.

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау жұмысы сабақтың өн бойында жүргізіліп отырады. Дегенмен, оқушыларға көбірек қолдау көрсетуде төмендегідей саралау тапсырмасын жоспарладым.

«Дереккөз» тәсілі бойынша «Қазына іздеу» әдісі арқылы «Меселін қайтару» сөзі мағынасын интернет көздері мен кітап мәліметтерінен табу.

Меселін қайтару - көңілін түсіру.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі бойынша «Детектив» әдісі

Көк түс қолдауды көп қажет ететін оқушыларға осы әңгіме бойынша сен қандай сурет салар едің? Түсіндір.

Сары түс қолдауды орташа қажет ететін оқушыларға түрлі-түсті қағаздан отбасы аппликациясын жасау.

Қызыл түс қолдауды аз қажет ететін оқушыларға туыстық атауларға байланысты каллиграмма жасау.












Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды төмендегі дескрипторлармен бағаланды.

Дескриптор:

- аудиожазбаны тыңдайды;

- мәтін мазмұнын тізбектеле айтады.

Дескриптор:

- сөздің мағынасын дұрыс табады.


Дескриптор:

- мәтін мазмұны негізінде 3 сұрақ құрастырады.

- сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Дескриптор:

- 1-топ әжесі мен әкесі арасында диалог құрады;

- 2-топ анасы мен баласы арасында диалог құрады;

- 3-топ әжесі мен немересі арасында диалог құрады;

Дескриптор:

- жағымды кейіпкер анасы екенін жазады;

- жағымсыз кейіпкер әкесі екенін жазады.

Дескриптор:

-әңгіме бойынша өз ойынан сурет салады.

Дескриптор:

-отбасы туралы аппликация жасайды.

Дескриптор:

- туыстық атауларды жазады;

- каллиграмма жасайды.

Сабақтағы әрбір тапсырмадан соң оқушылар қалыптастырушы бағалаудың түрлері арқылы бағаланып отырады:

«Бағалау бутерброды» әдісі

«Отшашу» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«+, -, қызықты» әдісі

«Смайлик» әдісі

«Табыс ағашы» әдісі

«Шапалақ» әдісі

Сергіту сәті кезінде арақашықтықты сақтауын, оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережелерін жоспарладым.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі