400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің қалам"

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа , дүниетану пәнінен жаңа технологияларды тиімді пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Бегулиева Т.М

Пән/Сынып:

Дүниетану 2-сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы:

Менің ауылым. Менің қалам

Оқу мақсаты:

2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының

көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу

Бағалау критерийі:

 1. Ауыл мен қаланы ажырата біледі.
  2. Ауыл мен қаланы салыстырады

Құндылықтарға баулу

Жaс жеткiншектердi ауылын, қаласын, туған жерін сүюге және қaзaқстaндық пaтриoтизмге тәрбиелеу.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздерме білім алушылар !

Онлайн сабағымызға қош келдіңдер!

Дүниетану сабағын бастаймыз. Менің туған өлкем бөлімін әрі қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі тақырыбымыз: Менің ауылым. Менің қалам.

Сен

 1. Ауыл мен қаланы ажырата білесің;
  2. Ауыл мен қаланы салыстырасың;
 



Презентация № 2бет

7-8 минут

Жаңа сабақ

Қазақстан-туған жер,

Сені қатты сүйемін.

Көлдер, таулар, даламды,

Отаным деп білемін!

слайдта берілген мақал-мәтелдердің сыңарын тауып оқып көрейік:

  1. Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

  2. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

  3. Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.

  4. Басқа жердің отынан, туған жердің түтіні артық.

  • Берілген мақал-мәтелдер не туралы айтылған?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол біздің Отанымыз туралы айтылған. Біздің үлкен Отанымыз ол біздің мемлекетіміз, республикамыз, облысымыз,ауылымыз.

Әркімнің өзінің туып-өскен ауылы немесе қаласы бар. Біз оны туған жер, атамекен дейміз.

Суреттерге қарап ауыл мен қаланың айырмашылығын айтып өтейік

Ауыл

Қала

Шағын үйлер

Мал, егін шаруашылығы

Жеміс-жидектер отырғызады

Өзен, көл жағасында орналасқан

Мектеп, дәріхана

Биік, көпқабатты үйлер

Үлкен ғимараттар

Бағдаршамдар орналасқан

Саябақ, театр, мұражайлар

Өндіріс орындары

Кең көшелер

Жоғары оқу орындары

Шағын елді мекеннің табиғатын, тарихы мен мәдениетін өлкетану ғылымы зерттейді. Әр ауылдың немесе қаланың өз тарихын әйгілейтін мәдени орындары бар. Олар сол жердің тарихи, мәдени өмірін көрсетеді.

Және әр қалада өлкетану мұражайы бар. Өлкетану мұражайында сол өлкенің тарихи жәдігерлері мен табиғат байлығы, мәдениеті мен әдебиеті жинақталған.

Миға шабуыл

-Ауыл адамдары қала халқына қандай тағам түрлерін береді?

\\\ Ауыл қалаға ет, сүт, бидай өнімдерін, жеміс-жидектер береді екен.

- Қала ауылға қандай өнімдер береді?

\\\ Қала ауылды өндіріс орындарынан, фабрика, зауыттардан шыққан тауарлармен қамтамасыз етеді.

Жаңа тақырыпты меңгеру


  1. Ауыл мен қаланың айырмашылығын айтып береді;







































Өлкетану ғылымы ұғымын түсінеді;





Презентация № 3бет























Презентация № 4бет











Презентация № 5бет






3 минут



Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну

«Ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды» деген сөзбен келісесіңдер ме? Мысал келтіре отырып, сөйлемдегі айтылған ойдың дұрыстығын дәлелдеңдер.


  • Ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды деп санаймын, себебі қала мен ауыл бір-бірімен өте тығыз байланысты.

  • Мысалы: қаланың тұрғындарына ауылда өндірілетін азық-түліктер: ет, сүт, көгөністер, жемістер қажет. Ал ауыл тұрғындарына қалада өндірілетін жиһаз, техника, киім, құрылыс материалдары және тағы басқа көптеген заттар керек.

  • сол себептен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды

Оқушыларға жұмыстарын өзара бағалауды ұсынамын.

  • Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Сабағымыздың мақсаты не еді? Сабағымыздың мақсатына жете алдық па? (бүгінгі сабақ туралы кері байланыс жүргізу)


Үйге тапсырма: Менің ауылым. Менің қалам



Тақырыпты меңгергенін анықтау

Дескриптор

Білім алушы

Қала мен ауыл жайында әңгіме құрап айтады;

Презентация № 12-13бет



                 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі