400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Менің қиялымдағы мектеп 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Менің қиялымдағы мектеп. (4-тоқсан, 8-тарау). 123-сабақ

Дағды

Айтылым мен жазылым

Оқыту мақсаттары


4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру (инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

4.4.2.1 Оқыған \аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Лексикалық минимум

Ақпарат,жаңа

Алдыңғы білім

Болашақтың мектебі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе


  • Балалар, бүгін бізге сабаққа Азамат пен Тілеухан өз ойларымен бөлісуге келіпті. Олар: «Өз қиялымызды ауызша және жазбаша жеткізе аламыз», – деп келіпотыр.

  • Ал, біздер ше? Өз қиялымызды айта және жазып бере аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар, балалар, сендер өздеріңе сенімдісіңдер ме? Олармен бәстесіп көремізбе?

  • Иә.

  • Жарайды, ендеше тапсырмаларға кезек берелік, – деп мұғалім сабақты бастайды. Сыныптың сабаққа дайындығынтексереді.

2 мин

Мұғалім-сынып


Алғашқы тапсырма «Жаттығайық» деп аталады. Мұнда сөйлемдерді салыстыр. Мәндес сөздерді қолданып өз мысалыңды айт тапсырмасы орындалады. 4.2.1.1 мақсаттары жүзеге асырылады. Оқушылар тапсырманы салыстыра отырып, қажет және керек деген сөздердің мәндес екеніне көз жеткізеді, мағынасын таниды. Қосымша осы мәндес сөздерге өз жандарынан басқа сөйлемдер құрау арқылы «Менің пікірім...» ойыны арқылы оқушылар өз ойларындағы сөйлемдерінен тұжырым жасай білуге дағдыланады. Сынып қабілеті төмен болған жағдайда оқушылар тілдік құрылыммен жай танысып, алдағы мәтінді оқу барысында осындай құрылыммен жазылған сөйлемдерді оңай түсіне алу деңгейіне жете алуын қамтамасыз етумен ғана шектелуге болады. Ал сынып деңгейі жоғары болған жағдайда, оқушыларға модаль сөзге қатысты жазу тапсырмасын беруді мұғалім ұйымдастыраалады.

Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш»

белгілері арқылы бағалайды.

3 мин

Топтық жұмыс

«Менің

пікірім...» ойыны, айтылым


Негізгі бөлім

Келесі«Сөйлесейік»тапсырмасындаоқушыларұсынылғанжоспарғасай

«Жаңа заманның мектебі қандай болуы керек? сұрағына жауап беріп, ол туралыөзойларынжобақорғаунепостерарқылыдәлелдейалады.Онда

4.4.2.1 мақсаты жүзеге асырылады. Оқушылар тілдік құрылымдарды дұрыс қолдануға машықтанады. Осы жерде Тілеухан мен Азаматтың сөйлесіп тұрған суреті және жоспар, тілдік құрылымдар тақтада ілініп тұруы талап етіледі.

5 мин

Жеке

Жоба қорғау не постер


Тілдік құрылым жазылған жолақша- лар

Келесі «Оқиық» тапсырмасында Азаматтың дәптеріндегі жазбасын мәтін ретінде пайдаланып оқып, оның арман- мақсатынан түсінгендерін оқушылар айтып береді. Сынып оқушыларының қабілеті аса жоғары

болған жағдайда тапсырманы мұғалім өз қалауы бойынша күрделендіре алады. Мысалы, мәтінді пайдаланып оқушылар өз қиялындағы мектеп

туралы айтуларына болады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Келесі «Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында мәтін мазмұны кестеге сай тексеріледі. Мұнда «позиция таңдау» стратегиясы «Иә» және

«жоқ» арқылы анықтауды көздейді. Оқушылар таңдау жасаған жауаптарын стикерлер жапсырумен орындайды. Стикер іштерінде алдын ала «иә» және «жоқ» жазулары жазылып қойылады.

Оқылым тапсырмасын орындау барысында мұғалім қосымша түсіндірме жұмысын да қатар алуына болады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық Стикер

Келесі шығармашылыққа негізделген тапсырма «Ойланайық» деп беріледі. Мұнда оқушы өз қиялыңдағы мектеп туралы ойланып, сурет салып көреді. Үлгіге Азаматтың қиялынан туған дайын бір суретті мұғалім ұсынып, оқушыларының шабытын шақырады.Сурет «Менің

қиялымдағы мектеп» деп аталады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сурет

Келесі «Есте сақтайық!» тапсырмасы бүгінгі жаңа сөз бен оның мәндес сөзі «мәлімет» және «ақпарат» сөздеріне баса назар аудартады. Қайталата айтқызып, мағынасын игертеді. Олар өзара мәндессөздер

екеніне мысалдар арқылы оқушылардың көздерін жеткізеді.

7 мин

жұптық Жұпт.ж.


Келесі «Жазайық» тапсырмасында оқушылар өз қиялындағы мектеп туралы жазады. Жоспарды басшылыққа алады. Тілдік құрылымдарды қолданады. Оқушылар жазылым соңында өз- өздерін және көршілерін тексереді және бағалайды. Оқушылар өздерін және көршілерін бағдаршам бойынша бағалай алады. Мәтінді өзара редакциялау немесетүзету.

«Түзету» – бұл серігіңіздің мәтінін төмендегі мәселелер тұрғысынан тексеру: орфографиялық қателер грамматикалық қателер тыныс белгілерінің болмауы сөйлемдердің аяқсыз қалуы. Жаттығу: Абзацты қайтадан оқыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық қателерді көрсету үшін тиісінше шеңбермен белгілеңіз, астынсызыңыз

немесе түзету белгілерін пайдаланыңыз.

5 мин

Жеке, топтық, жұптық жұмыс


Автор орындығында жазған мәтіндерін оқып, оқушылар өз ойларымен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болады.

Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Тамаша!» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.

2 мин

Жеке ж. Жұптық

Автор орынды- ғы





Қор. бөлім

Рефлексия

«Білім ағашы» – оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып, жапсырады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Смайлик

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Берілген тірек сөздер мен жоспардыңнегізінде қысқа монолог құру (инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолданабілу

  2. Оқыған \аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізіндежазу

Дескриптор

  • Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланыпмәтін құрастыраалады.

  • Жоспарға сүйеніп мәтін мазмұнын айтып береалады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болдыма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Оқыту ортасы қандайболды?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
4580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі