Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің сүйікті балабақшам"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру,достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақбөпе» бөбекжайы

Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам.

Өткізілген күні: 26.11.2020ж

Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру,достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету, балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту, айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.

Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: балабақша суреті, безендірілген бөлме.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Балалар бүгін ерекше күн.  Біздің сабағымызға көптеген  қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар:

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеді ұл мен қыз.

Болашағы Отанның,

Азаматы біздерміз.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар !Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам!» деп аталады. Балабақша- бұл біздің екінші үйіміз. Біз таңертең балабақшаға келіп күні бойы осы жерде тәлім-тәрбие аламыз, ойыншықтар ойнаймыз, тамақтанамыз, сондықтанда балабақшаны екінші үйіміз деп айта аламыз, солай ғой балалар! Ендеше балалар барлығымыз бір-бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлайықшы. Қане шаттық шеңберін құрайық.

Балалар:

Амансыңба, Алтын күн,

Амансыңба көк аспан.

Амансыңба достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Тәрбиеші: Рахмет жарайсыңдар. Балалар, сендер күнде қайда келесіңдер?

Балалар: Біз балабақшаға келеміз.

Тәрбиеші:Ертеңгісін балабақшаға келгенде достарымызға не дейміз?

Балалар: Қайырлы таң!

Тәрбиеші: Балалар біздің балабақшамыз қалай аталады?

Балалар:  Ақбөпе

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Ал балабақшаға келгенде бізді кім қарсылап алады?

Балалар: тәрбиеші апайлар, медбике апай және тәрбиеші көмекшісі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше балалар бүгін біз балабақша туралы әңгіме айтатын боламыз.


Ғажайып сәт: Есік қағылып топқа Қызыл телпекше кіріп келеді.

Қызыл телпекше: Сәлеметсіңдерме балалар, мен бүгін сендердің балабақшаларыңа қонаққа келдім. Балабақшаларың қандай әдемі! Мені білесіңдерме? Мен «Қызыл телпекше» ертегісіндегі Қызыл телпекше боламын. Мен сендерге жол-жөлекей гүлдер тере келдім. Бұл гүлді сендерге сыйға тартамын, бірақ менің бір шартым бар. Бұл гүлдің артында сиқырлы сұрақтар жасырынған, кімде-кім сұраққа жауап бере алса ғана гүлді сол балаға тарту етемін. Қанеки қошақандар көздеріңді жұмыңдар, мен өзімнің қызыл телпекшемді  қай баланың басына кигізсем сол бала сұраққа жауап береді.

Балабақшада сен немен ойнағанды  ұнатасың?

Саған балабақшаның қандай тамағы ұнайды?

Сенің балабақшаң қалай аталады?

Балабақшаға деген жақсы тілектер айта аласыңба?

Балалар сұраққа қызыға жауап береді.

Қызыл телпекше: Жарайсыңдар балалар, сендер балабақшаларыңды өте жақсы көретіндерің көрініп тұр.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, онда біз Қызыл телпекке өзіміздің балабақшамызды және балабақшадағы қызметкерлермен таныстырайықшы.

Тапсырма: әр қызметкерлердің суреттерін және құрал жабдықтарын жабыстыру.

Шығармашылық сәт: Ал енді балалар, біз сендермен «Менің сүйікті балабақшам» тақырыбында құрастыру ойынын ойнаймыз. Мына жерде балабақшаның қырқылған суреттер тұр, осы суреттерді біз өз  орнына қойып жапсырып шықсақ, балабақшаның суреті бейнеленеді. Ал ендеше балалар суреттерді жылдам жапсырып шығайық.

Балалар қырқылған суреттерді жылдам құрастырады.

Орнымыздан тұрайық,

Оңға, солға қарайық.

Тақпақ айтып шаршадық,

Біраз сергіп алайық. дей  отырып біз сендермен сергіту сәтін өткізейік.

Қызыл телпекше: Балалар сіздер өте ақылды балалар екенсіңдер менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар енді маған балабақша туралы және балабақшадағы тазалық туралы қаңдай өлең шумақтар білесіңдер соны айтасыздарма.

Айтөре: Балабақша үйіміз

Сені жақсы көресіз

Үлкен болып өскенде,

Еске алып жүреміз.

Айбарша: Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай мәпелеп.

Өсіреді біздерді.

Тазалық туралы өлең шумақтарын барлық балалар бірге айту.

Қызыл телпекше: ал енді мен үйіме қайтайын балалар. Достарыма сендердің балабақшаларың туралы әңгімелейтін боламын. Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол Қызыл телпекше!

Тәрбиеші: Ал енді балалар біз сендермен бүгінгі АҰОҚ аяқтаймыз, Балалар бүгінгі сабағымызыда не үйрендік, не білдік соны қайталап шығайықшы.

Балалар: жауабы.

Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Сау болыңыздар!



























МКҚК «Ақбөпе» бөбекжайы













«Менің сүйікті балабақшам»

Ашық ұйымдастырылған оқу өқызметі

«Еркемай» ортаңғы тобы















Тәрбиеші: Жанакова А.М.















2020-2021ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
667
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12