400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Менің сүйікті жануарым" шағын орталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабак жоспары окушыларга керек. Оте жаксы торрент,жеке жумыстар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»

(Эссе)

Джакиева Гүлім Абылайқызы

Сегізсай негізгі орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


«Ұлылықтың басында ұстаз тұрады» демекші барлық адам ұстаз алдын көріп, алғаш қалам ұстатқан адамын естен шығармайды. Ұстаз – әр уақытта киелі ұғым. Данышпан да, дана да, ғалым мен дәрігер де, кенші мен жыршы да ұстаздан тәлім тәрбие алған. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады деп, – Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай үнемі ізденісте, шығармашылық шабытпен жұмыс жасағанда ғана жаңашыл ұстаз дәрежесіне жетпек. Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады – дегендей жай мұғалім боп қалуыңызда, жақсы немесе керемет мұғалім болуыңызда, ұлы мұғалім болып шәкірт жүрегінде мәңгілікке қалуыңызда өз қолыңызда. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. Заманның ағымымен ілескен ұстаздар қауымы шәкірт жүрегінен жол тауып, бала жанын етене түсінген. Жаңа заманда жаңа мектепке, жаңашыл ұстаз қажет екендігі айтпасада түсінікті жайт. Қазіргі заман инновациялық технологияның дамыған заманы. Компьютерді еркін меңгерген, үш тұғырлы саясатты ұстанған, жан – жақты, шеберлігі мен дарындылығы ұштасқан ұстаз жаңа заманның ұстазы деп айтуға болады. Жаңашыл ұстаз елбасының саясаты «Жаңартылған бағдарлама» жүйесіне еніп, балаларды өзіне баулып, оларға әсер етіп, әр сабағын қызықтыра білсе оқушылардың ұстазға деген сенімі мен мәртебесі жоғарылайды деп ойлаймын. Жаңа мектепте заманға сай барлық жағдай жасалса мұғалімде еш кедергісіз білім берер еді.«Көш жүре бара түзеледі» дегендей дәстүрлі ұстаз жаңарып, жаңашыл ұстаз биік шыңға өрлей берсін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі