400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Менің сүйікті ойыншықтарым

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым.
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын артыру мақсатында өткізілетін сабақ түрлі түсті ойыншықтар, көрнекілікке алынып көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, көркем сөз пайдалану.
Көрнекіліктері: Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, ойынға байланысты маскалар, аңдар киімдері, көбелек.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен жақсылап амандасып алайық.
Шаттық шеңбері.
Амансын ба Алтын күн,
Амансын ба достарым,

Амансыз ба апайлар,

Тілейміз Сіздерге жарқын күн!
Сұрақ- жауап ойыны.
Балалар біз қайда келдік?

Балабақшада сендер не істейсіндер?

Немен ойнайсындар?

Балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелесеміз.

ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
5. темірден


Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Қыз балалар қандай ойыншықпен ойнауды ұнатады?
Дұрыс айтасыңдар .Қуыршақпен. Балалар қуыршақтың әдемі шашы,әдемі көйлегі бар екен.Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?

Құыршақ туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Хормен айтады

Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.

Құыршақтан басқа қыздар тағы немен ойнағанды ұнатасындар?

Ыдыс-аяқтарымен, ендеше ыдыс аяқтар туралы тақпақ айтып берейікші.

Кесе - шыны пияла,
Оларсыз шәй құя ма.
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз.

-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар ; машинамен ойнайды . 
Ал, машинаның түсі қандай?
-Машина туралы тақпақ айтып беріңдерші?

Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Хормен балалар

Және ұлдар пойыз ойнағанды жақсы көреді

Пойыз туралы қандай тақпақ білеміз?

Рельстің жолы ұзын,
Мынау менің пойызым.
Тақ - тұқ жолға шықтық,
Тақ - тұқ шамды жақтық.


Ұлдар да қыздар да жақсы көретін ойыншық қандай?

Доп. Допқа да арнап бір тақпақ айтайықшы

Добым менің домалақ,
Қайда кеттің домалап

Қызыл, сары, жасыл, көк

Сенімен ойнайтын бала көп


«Ой қозғау» ойыны. Танымдық сұрақтар қою.
Тәрбиеші: Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
- Ойыншықтар.
- Ол не үшін керек?
- Ойнау үшін керек.
- Ал, ойыншықтармен кімдер ойнайды?
- Балалар ойнайды.
- Қалай ойлайсыңдар, ойыншықтарды сендер қайдан аласыңдар?
- Дүкеннен аламыз.
- Ол жерге ойыншықтар қайдан келеді?
- Ойыншықтар жасайтын фабрикалардан әкеледі.
- Оны неден жасайды?
- Матадан, темірден, пластмассадан, қағаздан, резинадан, ағаштан жасалады.
- Темір ойыншықты жерге тастасаң не болады?
- Ол сынбайды, себебі темірден жасалған.
- Егер темір мен пластмассадан жасалған ойыншықты суға салсақ не болады?
- Темір ойыншық батып кетеді, пластмассадан жасалған ойыншық батпайды.
- Неліктен, пластмасса батпайды , ал темір батады?
- Темір ойыншық ауыр, ал пластмассадан жасалған ойыншық жеңіл.
- Қағаздан жасалған ойыншықты суға салса не болады?
- Ол суда жыртылып кетеді.
- Ойыншықтарды сындыруға, лақтыруға бола ма?
- Жоқ болмайды.
- Ойыншықтар үнемі әдемі болу үшін не істеу керек?

Балалар ойыншықтарына ұқыпты қарауға, бәрімен дос болуға уәде береді.

Билингвальді компонент: Құыршақ-кукла; доп-мяч; көлік-машина; пойыз-поезд; Ыдыс-аяқ-посуда

Сергіту сәті:

«Ойыншықтар» әнін айту


Ойын ; « Сиқырлы қапшық ».  ( ішінде ойыншықтар)           
Ойын  шарты ;  көздеріңді   жұмып  қоржыннан  кез  -келген  ойыншықты  алып шығам, сендер алған  ойыншықтар неден жасалыңғаның айтасындар. Сөйтіп біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылаймыз


Бағалау. Бүгінгі оқу іс – әрекетінде қандай болдық өзімізді бағалайық.

Балаларды мадақтау.
Орнымыздан тұрайық,
Түзу сызық құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.04.2019
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі