400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің сүйікті қалам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бақша тәрбиешілеріне методикалық көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл дамыту сабағы «Менің сүйікті қалам»

Мақсаты: лексикалық, грамматикалық категорияларды және байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Міндетері: - тақырып бойынша сөздік қорын анықтау, кеңейту.

-қарама-қарсы мағыналы сын есімдерді ауызекі тілде пайдалануын бекіту.

-жай сөйлемдерді құру дағдыларын бекіту.

-тілдің просодикалық элементтерін дамыту: ритм, темп, мәнерлілік.

-ұсақ және жалпы моториканы дамыту.

-көру және есту қабілетін дамыту.

- туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан слайдтар,



Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру сәті

  2. Балаларды әңгімеге шақыру.

Балалар біз қайда тұрамыз?

Қай қалада тұрамыз?

Орал қаласының тұрғындары оралдықтар.

Менің апам астаналық, ал інім атыраулық.

Сіздің бауырларыңыз қай қалада тұрады?

  1. «Оралым» өлеңі оқылады.

Оралдың таңы арайлы

Таң қылған көркі талайды

Қайыңдар күлсе еркелеп,

Тал-терек шашын тарайды



Біздер әртүрлі көшелерде тұрамыз. Мәселен, мен Құрманғазы көшесінде тұрамын

Ал сен ше?

  1. «Керісінше айт» ойыны

Ұзын көше-

Тар көше-

Таза көше-

Жақын көше-

Жарық көше-

Қысқа көше-

Ескі көше-

V.Біздің қала көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп. Кейбір үйлерде адамдар тұрады, кейбіреуінде жұмыс істейді. Ағаштан салынған үйлер бар, тастан салынған үйлер бар. Мына суреттерге қарап қандай ғимарат екенін есімізге түсірейікші.

Кәне, балалар, бізде өз үйімізді салайық.



Саусақпен ойын: Қолымызбен үй саламыз

Биік, биік үй саламыз

Терезелер қоямыз.(3 рет)

Үйімізді салдық енді, енді далаға серуенге шығайық. Қайда барып серуендейміз, біздің қалада қандай демалыс орындары бар?

Демалыс паркіне келдік сергіту сәтін жасайық:

Бір тамшы, екі тамшы, тамшылар.

Ал соңынан нөсер жаңбыр құйылар.

Аяғымыз су болады деп қорықпаймыз

Етігіміз аяқта, қолшатырды ашамыз.

Балалар, жаңбыр жауып кетті, көздеріңізді жауып, жаңбыр тамшылары қайда тигенін айтайық.

-Мұрныма, қолыма, аяғыма, құлағыма,басыма тиді.

-Енді балалар, тамшылар шатырға қалай тиіп жатыр мына суретке қарап, саусақтарымызбен тамшы дыбыстарын үстелге ұрып көрелік.

ХХххх, Ххх, ххХ, ххХХ.

-Серуеннен сыныпқа оралайық.

-Жаңа балалар біздер қаламыздағы театрдың суретін көрдік. Енді сол театрға сыртай саяхат жасайық Ол үшін бірінші өзімізді мәдени орында қалай ұстау керек екенімізді анықтап алайық. Мен қазір сендерге сұрақ қоямын, кім дұрыс жауап береді сол оқушы театрға билет алады.

-Театрда не істеуге болмайды?

-Не істеу керекпіз?

Ал енді «Үш аю» ертегісін есімізге түсірейік»

Үш аюдың ролін ойнайық, дауысымызды өзгертеміз.

Сабағымызға оралайық, қаламыз жөнінде әңгімені жалғастырайық.

-Біздің қаламызда атақты жерлестерге арналған ескерткіштер көп. Қандай атақты жерлестерге ескерткіштер орнатылған.(слайд).

-Біздер бір-бірімізді ескерткіштер жанында кездесуге шақырайық.

-Мирас мен сені Жұбан Молдағалиев ағамыздың ескерткіші жанында кездесуге шақырамын.

Қараңызшы балалар, біздің қаламыз қандай тамаша. Қаламыз Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Қаламызда мектептер және бала-бақшалар, театрлар, кітапханалар демалыс орындары, ескерткіштер көп. Күні бойы қалада қыдырып, оның әсемдігіне тамсанып, тамашалауға болады.

Жайықта туған екенсің

Жайыққа тартсаң жайсаң бол.

Жайықта туған екенсің

Жайыққа тартсаң қайсар бол.



Жайықта туған екенсің

Жайыққа тартсаң даңғыл бол.

Жайықта туған екенсің

Жайыққа тартсаң алғыр бол.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
997
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі