№11
«Ертөстік» бөбекжай бақшасы
Омиртаева Арайлым Амангалиевна
тәрбиеші
Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Менің сүйікті жануарларым»
Мақсаты: балалардың үй
жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір -
бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Жануарлардың
тигізетін пайдасы туралы айту. Балаларға үй жануарларына
байланысты тақпақ, жұмбақтарды қайталай отырып, сұрақ - жауап
арқылы тілін дамыту.Үй жануарларын күтіп баптауға, қорғап қомқор
жасауға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат
сабақ
Көрнекіліктері: Үй
жануарлары суреттері, жайлау көрінісі, ноутбук,
Сөздік жұмыс: үй
жануарлары - домашние животное
- home animals (хом әнималс)
Билингвалды компонент: Үй жануарлары – домашные животные –
pets
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шеңбер: «Жылы сөздер», «Жүректен жүрекке»
әдістері.
Балабақшам әдемі
Жақырайды алыстан
Келуге мен асығам
Достарыммен қауышам
- Балалар шеңбер бойымен тұрып өз аналарының
еркелететін сөздерін айтып шығады.
2. Негізгі
кезең
- Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз «Үй
жануарлары» деп аталады. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын
жануарларды атаймыз ия.
/Музыкамен қонаққа Дымбілмес қолында конвертте
салынған Үй жануарларының қиынды суреттері келеді/
Дымбілмес: Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Сіз кім боласыз?
Дымбілмес: Менің атым Дымбілмес, жолдда ойнап келе жатын
бір қалташа тауып алдым, ішін ашсам түсініксіз суреттер екен,
олардың не екнін түсінген жоқпын.
Тәрбиеші: -Дымбілмес көрсетші суреттеріңді мүмкін біз
жауабын тауып береміз
Дымбілмес Тәрбиешіге қалташаны береді,
-Балалар мынау не болды екен артына жазуы бар оқып көрейік.
Егер суреттерді дұрыс құрастыра білсеңдер үй жануарларын
табааласыңдар. Дстар сендерге сәттілік.
-Дымбылмес жоғары шығып балалармен бірге үй жануарлары
туралы мағлұмат ал, сол кезде бұл суреттердіе құрастыра
аларсын.
- Ал балалар үй жануарларына не жатады?
Балалардың жауабы
-Балалар «Ерте кезден ата-бабаларымыз малмен
айналысқан. Малды ерекше құрметтеген. Оларға су,шөп, жем
беріп күтіп, баптап, жазда жайлауға жайып, қыста жылы қорада
ұстаған. Ғасырлар бойы қазақ халқының негізгі шаруасы мал
болғандықтан, төрт-түлік малға ерекше көңіл аударып дәріптеп
қадірлеген.Қазақ халқы көшпенді ел болып,төрт-түлік мал- көшсе
көлігі,жесе тамағы, кисе киімі, ауырса емі болған. Терісінен тон
тігіп, жүнінен байпақ, пима жасаған. Қазақ халқы төрт-түлік малдың
әр біреуіне ерекше ілтипатпен қарап, қамқорлық көрсеткен екен.»
№1 Тапсырма: Үй жануарларын тану үшін «Жұмбақ»шешіп
көрейік
Жұмбақ
Кішкене ғана бойы бар.
Айналдырып киген
тоны бар.
(қой)
-
Басында екі таяғы
бар,
Төрт аяғы бар.
(ешкі)
Үстінде екі тауы
бар,
Кезекті бір
жануар.
(түйе)
Көкке шаншып
құйрығын
Келеді шауып
жүйрігім.
(құлын)
Үй сыртында өмір
сүреді,
Біреу келсе
үреді.
(ит)
Айран берген, құрт
берген,
Шелек-шелек сүт
берген,
Айтыңдаршы
балалар,
Бұл қандай мал, кім
білген? (Сиыр)
Тәрбиеші: Тамаша балалар
жарайсыңдар, Сендерге Рахмет. Ал дымбілмес енді қолыңдағы суреттің
жауабын бірге шешіп көрейік.
Дымбілмес: Тақтаға қиылған суреттерді
құрасттырады.
№2 тапсырма: Балалар
енді «Не қалай
дыбыстайды?»ойыны арқылы қай
жануардың дыбысы екенін табу керексіңдер.
Балалар дыбыстарды табады
Тәрбиеші: Балалар рахмет, келіңдер көңілді би билеп бой
сергітіп алайық
СЕРГІТУ СӘТІ
№3 тапсырма Балалар«Ойын» ауылына жүріңдер саяхатты ары қарай
жалғастырайық.
Тәрбиеші: Балалар мұнда
сандық қалдырыпты сандықтың ішін ашып көрейік. Мұнда бізге
«Төлдерін тап» деген ойын беріліпті. Ойын шарты түсіндіріліп
балалар ойнайды.
№4 тапсырма «Малдардың
пайдасы» ауылына жүре қойыңдар.
«Пайда» ауылына келеді.
Тәрбиеші: Балалар біз бұл ауылда үй жануарларының пайдасы
туралы
Айтып беруіміз қажет. Балалар малдардың пайдасы туралы
айтып береді.
Тәрбиеші: Балалар № 5
тапсырмада біз «Өнер» ауылына саяхатқа
барамыз. «Өнер» ауылына келеді. Алдарынан қолында домбырасы бар
Әнші балапан бала шығады. Балалар Өнер ауылына қош келдіңдер. Бұл
ауылға қонаққа келгеннің бәрі өз өнерлерін көрсетеді. Сендердің
қандай өнерлерің бар?
Тәрбиеші: Біздің балалар өте өнерлі олар бағанадан бері
Дымбілмеспен бірге көп ауылға саяхатқа барды, қазір Сізгеде өз
өнерлерін көрсетеді. Тақпақтарын айтып, соңында Ән
шырқайды.
Әнші балапан: Тамаша балалар жарайсыңдар Сендердің
суреттеріңнің дұрыс жауабы міне деп Түйенің суретін
көрсетеді.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Тамаша балалар жүріңдер енді тобымызға
оралайық.
« Түйе, жылқы, сиыр, қой
Төрт түлік осы біліп қой»
Сұрақ- жауап: Үй жануарларын атап, төлдерін қайталау,
пайдалары туралы сұрау.
- Дымбілмсе сен жасырын суреттердің жауабын
таптың.
Дымбілмес: Достар Сендерге Рахмет Мен бүгін көп нәрсе
білдім. Сендер де білімді екенсіңдер. Енді мен қайтайын, достарыма
барып бүгінігі алған білімімен бөлісейін. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: - Жақсы, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды.
Барлықтарың да «Жайлауға саяхат» сабағына жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп рахмет!
Сау болыңыз! - До
свидания! -Good bye!