Бөлім:1
|
Таным қуанышы
|
Мұғалімнің Аты-жөні,
тегі
|
Жиенбаева Инара Борисқызы
|
Мерзімі:
|
|
Класс: 5
|
Оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар:
|
Сабақтың тақырыбы №3
|
Менің
талпыныстарым
|
Оқу
бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
Өздігінен білім алуға және шығармашылыққа
қызығушылық танытады, өзін-өзі көрсете білуге ұмтылады
|
Құндылық
|
Ішкі
тыныштық
|
Қасиеттер
|
Табандылық, жігерлілік,
шыдамдылық
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға адам талпынысының
маңыздылығын түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін
ашу.
|
Сабақтың
міндеттері
|
-
Оқушыларға талпыныс, ұмтылыс
ұғымдарының мағынасын түсіндіре отырып, табандылық қасиеті туралы
түсінік беру;
-
Оқушыларды алға қойған
мақсатына жетуге талпынуға үйрету арқылы жігерлілік, шыдамдылық
қасиетін дамыту;
-
Оқушыларды жігерлікке,
табандылыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың кезеңдері
/
Уақыт
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)
1.
Жағымды көңіл күй (1-3 мин)
|
Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексереді.
«Тыныс
алуға зейін қою» жаттығуын өткізеді.
Мұғалім:
Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды
өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін
қойған кезде, біздің ақылымыз тынышталады. Тыныс алған кезде
тыныштық пен ризашылық қабылдаймыз. Тынысты шығарған кезде
өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне,
дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік
ұстаймыз..., қолдарыңызды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады...
Тыныс аламыз... , тынысты шығарамыз
(9-10 рет жайлап).
|
Оқушылар сабаққа дайындығын
көрсетеді.
Оқушылар жағымды күйге келіп, терең ойлауға
бейімделеді.
|
Баяу, жайлы
музыка
|
2. Алдын ала берілген үй
тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)
|
«Ағаштағы ұлу» аңызы
бойынша әңгімелесу өткізеді.
Сұрақтар:
1. Ұлу ағашқа өрмелеуін неге
тоқтатпады?
2.Ағашқа өрмелеген ұлудың
көздегені не?
3.Неліктен мақсатқа қол
жеткізу оңай емес?
5.Өзің алдыңа қандай мақсат қойдың?
|
Аңызды баяндап, сұрақтарға жауап
береді.
|
Оқулық 13-бет
|
3. Жағымды
ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)
|
Тақырыппен
таныстырады.
«Біз
барлығын қолымыздан келгенше соңына дейін істесек, нәтижесіне
өзіміз таң қалар едік».Томас Эдисон. Мектепте нашар оқыса
да, тарихтағы ең ықпалды америкалық
өнертапқыштардың бірі болды.
Эдисон электр шамын, алғашқы кинокамераны ойлап
тапқан. Нақыл сөзді тақтаға жазып қояды, дауыстап
оқиды. Дәйексөздің
мағынасын сұрайды, өзі қорытынды жасайды.
-Дәйексөздің мағынасын қалай
түсіндіңдер?
|
Ұл балалар қайталап оқиды, содан соң қыз
балалар қайталап айтады, дәптерге жазады, ой-пікірлерін ортаға
салады.
|
Тақта, автор
портреті,
дәптер, оқулық.
|
4.
Оқиғалар айту (әңгімелесу)
(3-7 мин)
|
«Мұғалім
сыйы» ретінде «Үйретуге де, үйренуге
де асық бол »
туралы аңызды баяндап
береді.
Бір ғұлама өзеннің жағасында
отыр еді. Ол күннің ыстығына шыдай алмай, су ішкісі келген итті
көреді. Бір қызығы: ит өзенге келіп, су ішейін деп жатқанда, ішпей
кері қашады. Осылай 3-4 рет қайталанған соң, ғұлама иттің судағы
өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында,
шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де, судағы
бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді. Осы орайда
ғұлама:
- «Иттің осындай әрекетінен
түсінгенім, бір адамның армандары арман болып қалуының басты себебі
– адам ішіндегі қорқыныштардан. Егер ішіміздегі қорқынышты жеңе
білсек, қалаған мақсатымызға жете аламыз» деген ой
түйеді.
Тағы ойланып, үйренген
нәрсенің бұдан басқа екенін көреді. Үйренгені – ғұламаның да бір
иттен үйренері бар екені. Білгеніңізбен бөлісіңіз, басқа адамдардың
үйренері бар шығар... Үйретуге де, үйренуге де ашық болыңыз,
өйткені әр адамның міндетті түрде бір білгені мен айтар сөзі
бар...
Сұрақтары:
1.
Неліктен ит өзеннен су іше
алмай жүрді?
2. Иттің әрекетінен не
ұқтыңыз?
3. Иттің бойында қандай
қасиеттер бар?
4. Аңыздан қандай ой
түйдіңіз?
4. Өз мақсатыңа жету
үшін қандай әрекеттер жасар едіңіз?
|
Сұрақтар бойынша әңгімелесу
жүргізеді
|
Интернет
|
5.
Шығармашылық жұмыс
(12-15 мин)
|
1- тапсырма.
13-бет. Берілген сөздерді
оқыңдар.Өзіңнің не үшін талпыныс жасайтыныңды, не
нәрсеге
ұмтылатыныңды таңдап
жаз.
2-тапсырма. Әр оқушы өмірде не нәрсеге
қол жеткізгісі келеді, неге ұмтылыс жасап талпынады сол туралы өз
ойын жазу.
|
Музыка тыңдап отырып, дәптерге тапсырманы
орындайды.
Өз талпыныстарын жазады, жүрегінде
сақтауға талпынады.
|
13-14-бет, оқулық
https://www.youtube.com/watch?v=ojfn8ivjNoo
|
6.Үй тапсырмасы(1-2 мин)
|
Алдын ала берілген үй тапсырмасын тақтаға
жазып қояды. «Өмірдегі басты нәрсе не?».15-16 –бет
оқу,сұрақтарға жауап беріңдер.
|
Үй тапсырмасын жазып алады.
|
Оқулық, дәптер.
|
7.
Топпен ән айту
(2-3 мин)
|
«Алға қазақ жігіттері»
әні.
сөзі:
Ф.Оңғарсынова
әні: Айжігіт
Асанов
Сөзін
оқушыларға таратып береді.
Асыл текті
туған,
Алаш кегін
қуған.
Ерлерім ел
үшін,
Белін бекем
буған.
Ақ білек
күшімен.
Ақ найза
ұшымен,
Қорғаған
бабамның,
Үлгі алып
ісінен.
қайырмасы:
Алға, алға, алға қазақ
жігіттері,
Сенім артқан жансын халық
үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк
байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның
жігіттері.
Жігіттер,
жігіттер,
Биікке
өрлеңдер.
Ел үшін, жер
үшін,
Намысты бермеңдер.
Нардың күші дарып,
Жүрек дүрсіл қағып.
Жетіңдер жеңіске,
Шаршы топты жарып.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге ән
шырқайды.
|
https://www.youtube.com/watch?v=dViEIJ4yu7o
Өлеңнің мәтіні жазылған
карточкалар
|
8.Сабақтың қортынды
сәті(1
мин)
|
Сабақта үйренген
жақсылықтар туралы ой салу, тыныштыққа бағдарланған сөздерді
айту.
Сабақты аяқтау.
|
Іштей рефлексия
жасайды.
|
Баяу музыка.
|